Ертегі: Жыл шежіресі

Бұл өзі январь айының аяғында болған оқиға. Өршелене соққан боран өте қорқынышты. Қарлы боран көшелер мен қиылыстарды қуалай соғады. Қар үйлердің терезелерін бітеп тастап, шатырдан түйір-түйірімен сырғи құлап жатыр. Ал жел әрлі-берлі өткен кісілерді қуалай түсуде. Олар бір-бірімен беттесіп, иық қағысып, бірінен-бірі мықтап ұстап бір мезетке аялдағанша зыр жүгіріп, құстай ұшатын. Күймелер мен аттар бейне бір опа жағып алғандай. Жалшылар өз орындарында, күймелерге сырт......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Сүйек бұлшықет жүйесінің АФЕ-рі Мешел Гипервитаминоз Д

Балалардың сүйек, б/е жүйесінің АФЕ-рі.

Рахит туралы түсінік, оның дамуы, себебі, классификациясы, клиникасы, диагностикасы, емдеуі және алдын алуы.

Д гипервитаминоз жайлытүсінік.

Себебі, клиникасы және емдеуі

Баланың сүйегінің құрамында су көп, олар жарақаттанғыш, сондықтан инфекция оңай түседі де остеомиелит жиі дамиды.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Саша


Павлодар қалалық қонақ үйі әкімшісінің алдында тұрмын. Бұл көзәйнек киген үлкен мұрынды кішкентай сұр кемпір. Қолдан тоқылған ескілеу жүн бөкебаймен арық жіңішке мойнын иегімен тұтастыра орап алған. Менің орын сұраған өтінішіме ол мезі болған қатқыл үнмен: «Орын жоқ», — деп қысқа жауап қайырды.

— Енді қалай ету керек?

Кемпір менің бұл сұрағымды құлағына да ілмеді. Столыпин тартпасынан қысқыш темір алып, бір қағаздардың шетін бекіте бастады. Оның тырысқақ кейпіне іштей ызам келіп тұрса да, биязы үнмен жағына сөйледім: — Кешіріңіз, мен тыңға келген жазушы едім.— Жазушылық кішкентай қоңыр билетімді кемпірдің алдына тостым. Кемпір менің билетіме емес, ажырайған суық көзбен жүзіме қарап:

— Мына отырғандарды көрдіңіз бе! Бәрі тыңға келгендер Әне, бірнеше күннен бері бала-шағасымен дәлізде Иленіп жатқандары бар. Орын болса, әуелі соларды орналастырмас па едім, — деді.

Мен ештеңе дей алмай қалдым. Дәліздің екі өңіріне қойылған диван, орындықтарда шынында да әйел-еркегі аралас он шақты адам түйіншек, чемодандарын төңірегіне үйіп қойып, манаурасып отыр еді. Соларды елеместен киіп-жарып кеп, орын сұрап, жазушылығымды дес еткеніме ыңғайсызданын та қалдым. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Әлеуметтану | Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жеке ел болып, төл шаңырағының астына көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, өркениетті даму жолына түскеніне де он бес жылдай уақыт болды. Әрине, қазіргі жағдайына ғасырлап жеткен өзге өркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт. Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларда жеткен жетістіктері аз емес.
Дегенмен, ел дамуы тек оның экономикалық жетістіктерімен айқындалады десек қателесеміз. Өйткені, ұлт пен ұлыстың, жалпы біртұтас елдің табиғи дамуының бірден-бір көзі – рух екендігін адамзат әлдеқашан мойындаған. Әрине, Қазақстан халқы өткен күнде де, бүгін де рухани байлықтан кенде қалған емес, керісінше рухы мен ізгілік сезімдері басқадан артық болмаса, кем емес екендігі бәрімізге мәлім. Алайда, дәл қазіргі әлемдегі саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдай біздің елімізден буырқанған өркениеттер тоғысында беймәлім күй кешпей, дүниедегі өз орнын тезірек айқындауды талап етеді. Шын мәнінде, әлемдік жаһандану процесінің үдей түсуі қазақ үшін зұлматқа айналып, төл мәдениетіміз бен рухани болмысымызды тығырыққа тіремейтініне кім кепіл?!....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Байқоңыр ғарыш аймағын ГАЖ технологиясымен зерттеу

Байқоңыр ғарыш аймағы бұрын-соңды ГАЖ технологиясымен зерттелмеген. Бұл жұмыста осы аймақтың топырақ, өсімдік, ландшафт карталары (ГАЖ технологиясын пайдалана отырып) сызылды.
Жалпы курстық жұмыс 2 тараудан тұрады. 1-ші тарауда Байқоңыр ғарыш аймағына физикалық-географиялық сипаттама берілген. Байқоңыр ғарыш аймағы Қызылорда облысының территориясында орналасқандықтан, біз оның топырағын, өсімдігін, геологиялық құрылымы мен тектоникасын, климатын, жер бедерін, гидрографиясын жалпы облыс бойынша, сосын Қармақшы ауданы көлемі, одан кейін Байқоңыр ғарыш аймағы аумағында салыстырып, айтып кеттік.
2-тарау – осы аймақты ГАЖ технологиясымен зерттеу. Мұнда жалпы ГАЖ туралы қысқаша түсінік беріледі, сосын мәліметтер базасы қалай құрылады, картографиялық материалдар қалай даярланады, топырақ-су-өсімдік құрамындағы өзгерістер қалай анықталғаны қарастырылған. Сонымен қатар Байқоңыр ғарыш аймағының экологиялық мониторинг және бақылау жүйелерінің мақсаттары мен міндеттері айтылған.
Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы территориясында орналасқан. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ақ аяқ киімді күту жолдары

Күн жылына бастағанда әдемі әрі сәнді аяқ киімімізді шкафтан шығара бастаймыз. Ақ түс әмбебап түстердің біріне жататындықтан, ақ түсті аяқ киім барлығында дерлік бар деп ойлаймын. Ақ түсті аяқ киімдер әдемі көрінгенімен, ерекше күтімді қажет етеді. Себебі оған тиген кез келген дақ пен жарық бірден көзге түседі.

Ақ немесе ашық түсті былғары аяқ киіммен даладан үйге кірген кезде шаңын жүн матамен сүртіңіз. Содан соң оған қалпына келгенше 15-20 минут сайын аяқ киімге арналған түссіз крем жағыңыз.

Егер аяқ киімді жуу қажет болса, жұмсақ ысқышпен немесе тіс щеткасымен, жылы ерітілген сабын және жуатын ұнтақ көмегімен тазартуға болады. Содан соң ағын сумен абайлап шайып тастау керек. Аяқ киім ішіне су тимеуін қадағалаңыз. Аяқ киім толық кепкен соң, түссіз крем жағыңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Табиғи балды жасанды балдан ажырату

Бал – әлемдегі ең тәтті тағамдардың бірі әрі пайдасы да шаш етектен асады. Қалауын тауып қолдана білсе, көптеген ауруға шипа болады. Алайда денсаулыққа пайдасы тиюі үшін мейлінше табиғи түрін тауып таңдау қажет. Дүкенде сатылатын балдың қаптамасында көбінде «табиғи бал» деп жазылады. Ал шынтуайтында табиғи ма, жасанды ма – қалай ажыратамыз?

Қаптамасында құрамы жазылып тұрса, мына мөлшерге көңіл бөліңіз: су – 20 пайыздан артық болмауы тиіс; қант – 5 пайыздан артық емес; жалпы қышқылдық – 5 пайыздан артық емес.

Көшеде, жол бойында сататын балды алмаған дұрыс, себебі бал зиянды токсиндерді тез қабылдайды.......
Кеңестер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мамандықтың бәрі жақсы

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру;
2. Дамытушылық: Балаларды әрқилы мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту;
3. Білімділік: Оқушыларға мамандықтардың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғам мен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау және мақтаныш ете білу сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың көргізбелігі: Түрлі маман иелері көрсетілген суреттер, тіл дамыту әліппе – дәптері.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Туризм | Қазақстандағы туристік фирмалардың жарнамалық қызметтері

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының актуальдығы. Саяхаттық фирмаларда жарнама маркетигтік стратегияларды таратуда маңызды роль атқарады. Саяхатты жарнамасыз елестету мүмкін емес. Ол қоғамда мәдениетті және психологиялық жағдайға әсер етуді көрсетеді. Саяхат индустриясында жарнама болашаққа деген сенімділік пен тұрақтылықты, қызметкерлердің еңбек ақысын, қаржысынының өсуін көбейтеді.
Біздің көз алдымызда саяхаттың таралу үрдісі өтуде. Бұған біртіндеп Қазақстан да тартылуда. Саяхат біздің еліміздің саясаттық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және мәдениеттік қайта құбылуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Қазақстандағы саяхаттың өсуі біраз міндеттермен обьективті түрде байланысты: бұлар, біріншіден, ұлттық байлықтың өсуінің негізгі факторы және ұлттың өмір сүруінің жақсаруы, екіншіден, тұрғындардың жұмыссыз болмауын қамтамасыз ететін фактор, жұмыс күшін ұсынатын қабат, үшіншіден, халық тұтынуына қажет тауар өндірісі, ауыл шаруашылығы, сауда, құрылыс, байланыс, көлік сияқты экономика салаларының дамуының қуатты стимулы.
Мемлекет басқаруына байланысты саяхат Қазақстан үшін әлемдік сауда орталығына ашылған «терезе» болар еді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0