ЖАНУАРЛАРДЫҢ МЕКЕН ОРТАСЫНА БЕЙІМДЕЛУІ Барлық жануарлардың мекен ортасында қалыпты тіршілік етуіне мүмкіндік беретін, біртіндеп қалыптасып орныққан бейімділіктері болады. Мысалы, дүниетану пәнінен өздеріңе таныс көбелектердің бүркеніш реңі, қанқыздың сақтандырғыш реңі – олардың тіршілігін сақтайтын бейімділіктері. Орта жағдайларына бейімделу жануарлардың құрылысынан да, тіршілік әрекетінен де анық көрінеді. Мысалы, жауы құйрығынан ұстағанда сұр .....
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құралымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан -бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру. Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып білгіңіз келсе. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, сонымен қатар инфляциялық кезеңді, циклдік ауытқылардыэкономика тепе-теңдігін талдауға мүмкіндік беретін макроэкономикалық категория болып табылады. Егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 1. Ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын; 2. Онда абстракты еңбек бейнелейтін қүлның да болатындығын; 3. Тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді. Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. ....
Кіріспе Салықтар кез-келген елдерде мемлекеттің қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекеттік кірістердің негізгі көзі болып табылады. Барлық елдерде мемлекеттік шығындар мен салық салу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Нарықтық қатынастар қалыптасқан елдерде салықтар мемлекеттік және муниципиалдық табыстарды қалыптастыруда басты рол атқарады, экономиканы басқарудың күшті негізгі құралы болып табылады. Әсіресе олар ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсенді қызмет атқарады. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыру үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.....
КІРІСПЕ Қазақстан Республикасында зейнетақы қамтамасыз ету жүйесінің реформасы салыстырмалы аз уақыт ішінде басталып өз дамуын алды – жаңа зейнетақы жүйесіне әлі төрт жыл да болған жоқ. Жаңа зейнетақымен қамтамамсыз етудің жүйесі бір орында тұрып жатқан жоқ – ол үздіксіз даму процесінің үстінде екенін атап айтқан жөн. ¦сынылған еңбекте жинақтаушы зейнет ақы қорының не екенін біліп, оны жан-жақтан зертей аламыз. Осындай көлемдегі зейнетақы реформасы ТМД елдер кеңістігінде Қазақстан Республикасында бірінші жүргізілді. Қазіргі кезде де ТМД мен Балтық елдерінің мемлекеттерінің бірде-біреуінде зейнетақымен қамтамасыз етудің осындай реформасы әлі іске асқан жоқ. Осымен қатар, зейнетақы реформасы өз уақытында жүзеге асырылды деп күмән келтірмей айтуға болады. Ал қиындықсыз еш нәрсе болмайды.....
Баскетболда күш жылдам дайындықтың әдістемелік ерекшеліктері, бүгінгі баскетболға ұқсас ойындардың сипаттамаларын көне нормандар мен Колумбқа дейінгі Америка мәдениетінен табуға болады. Осы ойынның жаңартылған түрі - пок-та-пок бұрын діни салт болса керек. Осы салт қазіргі кезде Мексиканың солтүстік штаттарында спорттық ойын-сауық пен туристтерге арналған аттракцион ретінде ұйымдастырылады. Баскетбол (ағылш. basketball, basket - себет (торқалта), ball - доп) —- доппен ойналатын командалық спорт ойыны. Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.....
Қазір көпшілік дәрі-дәрмектен гөрі табиғи ем түрін дұрыс көреді. Соның ішінде ата-бабаларымыз ежелден емге қолданған тәсілдерге деген қызығушылық басым. Осындай тәсілдің бірі – құрқылтай ұясымен ем жасау.
Ел ішінде құрқылтай ұясы бедеулікте таптырмас ем ретінде айтылады. Бұл жөнінде «Ауырмаңыз!» газетінің 22-ші нөмірінде жазған болатынбыз. Осы мақалаға орай бізге Астана қаласынан Ғабит Әлмаханұлы есімді азамат хабарласты. Ол бізге құрқылтай ұясының тек бедеулік емес, одан бөлек 80 түрлі ауруға шипа болатынын айтып берді. ......
Егемен Қазақстанның қоғамы мен мемлекетінің нарықтық экономиканың негізгі принциптеріне сәйкес дамуының екінші онжылдығы жалғасып келуде. Осы мерзімнің ішінде экономикалық және қоғамдық қатынастардың жүйесінде түбегейлі түрдегі өзгерістер орын алуда. Жаңа Конституция мен оның негізінде қабылданған заңдарымыз мұндай өзгерістердің құқықтық негізі болып табылады. Экономикалық қатынастарды реттеу саласында шешуші рольге біздің "экономикалық конституция" жаңа Азаматтық кодексіміз ие. Дегенімен де экономикалық қатынастардың дамуы азаматтық заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттілігіне алып келіп отыр. Кодекстегі бағалы қағаздарға қатысты нормалар кеңес дәуірінің азаматтық заңнамасымен салыстырғанда прогрессивті сипатқа ие. Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:....
Қазақстан Республикасының банктері нарықтық экономика жүйесіне өтті. Тәуелсіздік алғанымызда құрылған банктер нарықтық экономикада жақсы жұмыс істеп, соның нәтижесінде пайда алу үшін көптеген әдістер іздестірді. Негізінде Қазақстанның банктерінің кірістері тәуелсіз алған жылдан бастап, қаіргіге дейін онша жоғары көлемде болған жоқ еді. Бірақ, соңғы жылдары, яғни 2003 жылдан бастап банктердің кірістілігі артуда. Оған дәлел болып келетін статистикалық мәліметтер. Әрине әр бір банк белгілі бір кіріс алады, бірақ ол банктің қызмет атқаруына байланысты болып келеді. Неғұрлым өз қызметін жақсы атқарса, соғұрлым көп көлемде кіріс ала алады. Кіріс- активтің көбеюі немесе несиелі қарыздың азаюы формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың көбеюі. Яғни банктің өз қызметі нәтижесіндегі алған пайдасы. Шығын- активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың азаюы. Шығындар капиталдың азаюына да себеп болып табылады. Шығын -кірісті төмендету көзі. Курстық жұмысымның өзектілігі банктің ең негізгі көздейтіні экономикалық пайданың алыну көздері және шығынның түрлерін анықтап, банктік кірістің, банктік дамудың әдістерін білу. Курстық жұмысымның мақсаты банк қызметінде болатын кіріс көздері мен шығын түрлерін анықтау. Сонымен қатар, банк қызметінде болатын шығындар көлемін азайту жолдарын іздестіру және кіріс көздерін тауып, оны ұлғайту. Тақырыптың міндеті осы қаржылық нәтижені анықтаудағы кірістер мен шығындар баптарының жіктелуін, топталуын байқап, есебін бухгалтерлік өткізбеде көрсетіп, банктің қаржылық нәтижесін талдап, баға беру. ....