Өмірбаян: Еркінбек Ақынбеков (1863 - 1918)

Еркінбек Ақынбеков (1863 жыл, қазіргі Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Құшата ауылы — 1918 жыл, Түркістан қаласы) — ақын, ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы.

1893 ж. Түркістандағы төрт кластық орыс мектебін бітірген.
Ферғана, Әулиеата, Шымкент уезі басқармаларында тілмаш болған.
Түркістан уезі атқару комитетінде әкімшілік жұмыс атқарған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Есмұхан Обаев Несіпбайұлы (1941 жылы 23 маусым)

Есмұхан Несіпбайұлы Обаев (1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында туған) — актер, театр режиссері, театр қайраткері, профессор. Қазақ КСР Халық артисі (1988). Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1975). "Тарлан" тәуелсіз платинды сыйлығының лауреаты. Барыс, Парасат ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының лауреаты.
Есмұхан Несіпбайұлы 1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында дүниеге келген. 1960 - 1964 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетінің режиссерлік бөлімін үздік бітірген.
Еңбек жолы
1965 - 1967 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының қоюшы - режиссері болып, «Жаяу Мұса» (З.Ақышев), «Боран» (Т.Ахтанов), «Көзілдірік» (Б.Майлин) қойылымдарында режиссерлік қабілетін танытты....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ақан Сатаев (23 желтоқсан 1971 жылы)

Ақан Сатаев (23 желтоқсан 1971 жыл, Қарағанды, ҚазКСР, КСРО) — Қазақстан кинорежиссёрі, актёр, продюсер.
Өмірбаяны мен шығармашылық жолы
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. 1994 жылы Алматы қаласында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін бітірді. Оқуды бітірген соң екі көркем фильмге түсті. Сол кездері режиссёр, продюсер ретінде жарнамалар түсірумен айналысып үлкен табысқа жетіп, 300 жарнамалық роликтер шығарумен қатар бірнеше "Алтын Жұлдыз" сыйлықтарын иеленді. 2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалады.
2007 жылы «Рэкетир» атты өзінің алғашқы толықметражды фильмін түсірді. Бұл көркем-суретті киноны журналистер мен сыншылар жылы қабылдады және фильм – кинотеатрларда кезекте тұрған көрермендердің көңілінен шықты. «Рэкетир» – қазіргі қазақ киносының тарихындағы ең алғашқы кассалық фильм.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстанды қалай сипаттады? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстанды қалай сипаттады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.4.1.2 көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау
7.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: 7.4.1.2 көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау
7.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттері. Актинге қатысты қаңқа бұлшықет ұлпаларының типтері 1-сабақ (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қозғалыс
Сабақ тақырыбы: Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттері. Актинге қатысты қаңқа бұлшықет ұлпаларының типтері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.6.2. жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттері, орналасуы және олардың құрылымдық байланысын орнату
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Жылдам және баяу бұлшықет талшықтарының құрылымы, қозғалысы мен жалпы қасиеттерінің байланысын орнатады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Мәдімар Райымбекұлы

Мәдімар Райымбекұлы (1864 – 1923, Әулиеата уезі Көшеней болысы) – қоғам қайраткері.

Мазмұны

1 Өмірбаяны

2 Жетістіктері

3 Сілтемелер

4 Пайдаланылған әдебиеттер

Өмірбаяны

Әулиеатада молдадан, Ташкентте медреседе оқыған. 19 жасында Көшеней болысы болып сайланған. Мәдімар әділдігімен, тазалығымен аты шыққан. Көрші қырғыз елінен, Оңтүстік Қазақстаннан, Арқадан келіп Әулиеатадан әділдік іздегендер Мәдімар болыстың алдына баратын болған. Ел ішінде Мәдімар айтты деген өлеңдер, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Қалқай ишанұлы Мамырбай

Қалқай ишанұлы Мамырбай 1822-24 жылдар шамасында «Қарабдал», «Абыла» атты өңірде туып, осында қайтыс болғн. Бұл қазіргі Қызылорда облысы Қармақша ауданының Қармақшы ауылында. Осы маңда Марал ишан қорымы бар.

Мамырбай Марал ишанның немересі, Қалқай ишанның екінші ұлы. 1850-51 жылдары ел билігіне араласа бастады. Елдің бірлігіне мен тірлігіне басшылық жасаған. Ояз бастығы да Мамырбайдың жұртшылық алдындағы беделін ескеріп, оны өз ауыл-аймағынан түтінпұл жинайтын жергілікті бастық етіп тағайындайды. Мұрағат құжаттарында оның 1863-66 жылдары 180 түтінді басқарып, түтінпұл жинағаны және оны өткізгені туралы Мамырбай Қалқаевтың қолын қойып, мөрін басқан құжаты сақтаулы.

Марал баба аталатын қорымды сәнді салынған Қалқай ишан үй-тамы бар. Оны салғызған Мамырбай екен. Мамырбай әкесі Қалқайдың арықтарын тазалатып, су жүруін үнемі қадағалап, егін егуге де елді бейімдеген екен.

Марал, Қалқай ишан балаларының ішінде орыс қызметіне араласқан Мамырбай болса да, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Моңғол империясы

Татар-моңгол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол тарихтағы бір деректер бойынша 1162 жылы, екінші бір деректер бойынша 1155 жылы ірі ноян Есугай баһадүрдің отбасында туған. Темучин ер жете келе негізгі қарсыластарының барлығын жеңіп, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Автофагия

Автофагия (грек, autos — өзім, өздігінен; phagein — жеу, жою, обырлық, жемірлік) — жасуша цитоплазмасында түзілген артық заттарды, мысалы, қалыптан артық мөлшерде түзілген гормон дәншелерін (гранулаларын) өзінің лизосомаларының (органелла) көмегімен жою құбылысы. Өзінде түзілген заттарды еріту арқылы жоятын лизосомаларды автофагосомалар деп атайды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ағзамның ақыр заманы

(Сықақ)

-Аздап ішеді айыбы,

-Әйтпесе...

-Деп күрісінетін зайыбы.

Соңғы күндері Ағзамды

Танымай қалды.

Сап тыйып жүз грамды,

Құран кәрімді қолына алды.

Төр алдында жүгініп,

Белі бүгіліп,

Еріндері жыбырлап.

Кейде көзі жұмылып отырғаны.

Жүзінен өткеніне опынғаны сезіледі.

Түн баласында жайнамазға жайғасып,

Таң атқанда көз іледі.

-Дәл мендей мінажат етпес сопы - дағы

Шамалы ма, дерсің оқығаны.

Оқыса да,

Не керең, не соқыр - дағы.

Әйтпесе ақыр заман болады дегенде,

Неге шошынады,

Әлгі молда біткен осындағы?

-Деп тамағын кенеген

Ағзам отырғандарға қарады.

- Тақсыр, сонда жинаған мал - мүлік

Кімге қалады?

- Деп сойдақ шал тіл қатқан.

Ағзам айтарын айта салмай, бірден

Бір мүләйім күйге кірген.

Сонан соң орағытып әріден:

- Қорықпаған бір Алланың кәрінен.

Қозғалақтап ырғалып.

- Құр қалмақшы бәрінен,

Ең бастысы, Иманнан

Пайда жоқ дүние жиғаннан.

Жұмаққа кірмекші өз жанын өзі

Қиған жан.

Өртеңдер мал-мүлікті

Ақыр заман...

-Дей бергені сол еді.

-Кім қашан өледі,

Ақыр заман қашан, қалай келеді,

Оны бір Алла біледі,-

Деп ақырғанда әлдекім

Әйелінің құм болып жігері.

Еңіреп жылап жіберді.

Онсыз да әрең шыдап жүр еді.

-Ақырзаман болад деп,

Мал - қораға ілдіріп қара құлыпты,

Істеп жүрген жұмысын тастап,

Жан-жақтағы балаларын шақыртып,

Жұмыстарын тастатыпты бақырып.

Бір жосын қылық бастап:

-Өлсек, бірге өлеміз.

Ақырзаманды бірге көреміз,

-Дегенді желеу етіп.

Тұрмысы күннен - күнге кері кетіп,

Құруға шақ қалған.

Есік қаққалы тұр деген ақырзаманы

Есік түгілі тесіктен сығаламай...

-Әуелден – ақ жарым ес ең

Ақылың шамалы,

-Деп әйелі, бала - шағасының

Сол сәтте жалтырады табаны,

Жоққа сеніп барынан айырылған-ды.

Кей жандарға не шара?!

Жаңбыр жаумай су болған

Аз емес - ау бейшара.

Тұманданар ақыл - есі, жігері,

Азаматтың ада болса айбыны.

Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық
0 0