Курстық жұмыс: Құқық | Құқықтық мемлекет

Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Ертедегі ғалымдардың ойынша құқықты мойындайтын, сонымен қатар құқықпен тежелген мемлекеттік билік адал мемлекеттік болып саналған. «Заңның күші жоқ жерде, - деп жазды Аристотель,- мемлекеттік құрылымның қандай болмасын нысаны жоқ» . Цицеронның айтуынша мемлекет – «халықтың ісі», құқықтық араласу және «жалпы құқықтық тәртіп». Ежелгі Грецияның және Римнің мемлекеттік –құқықтық идеялары, институттары құқықтық мемлекет туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізді.
Феодализм ыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік идеяларын сол кездегі прогрессивті ойшылдар Н.Макиавелли және Ж.Боден айтқан. Макиавелли өзінің теориясында өз заманының қажеттілігіне анағұрлым жауап беретін идеяларда мемлекеттің нұсқасын салуды көздеді. Мемлекеттің мақсатын мүлікті еркін пайдалану мүмкіндігі мен адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп білді. Боден мемлекетті көптеген отбасыларды және олардың иелігіндегі заттарды құқықтық басқару деп анықтады.
Буржуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет тұжырымдасының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар (ойшылдар) маңызды үлес қосқан: Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д. Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон және басқалар.
Гроций табиғи-құқықтық мектептің алғашқы теорияның маманы болды. Оның теориясы бойынша, мемлекеттің мақсаты – көпшіліктің келісімі бойынша әр адамға өз мүлкін еркін пайдалануды қамтамасыз ететіндігі құқықтық бекітулер арқылы жеке меншікті қорғау.
Спиноза заңдар мен байланысуы салдарынан азаматтардың шынайы құқықтары мен еріктерін қамтамасыз ететін демократиялық мемлекеттің теорияның негіздемесін жасады. Оның айтуынша мемлекет әрбір азаматтың өмірін қорғап қана қоймай, сонымен бірге олардың мүдделерінің қанағаттандырылатынына кепілдік берсе ғана күшті болады. Ол өз заманындағы билеушілерді жеке меншіліктің, қауіпсіздіктің, ар-ұяттың бостандықтың және басқа да игіліктің сақталуы қажеттігін ескертті.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Паскаль программалау тілінің ерекшеліктері және программалау элементтері

Қазіргі кезде түрлі қызмет түріне байланысты программистер сол бағыттар бойынша қолданылатын программалар құрастыруда. Сол программаларды жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінде және мәліметтер қорын басқару жүйелерінде жасайды. Сондай програмамалау тілдеріне Паскаль, Бейсик, Visual Basic, Borland Delphi, Oracle, MS Access, Visual FoxPro және тағы да басқа көптеген программалау тілдері жатады.
Курстық жұмысымның тақырыбы: “Мультипликация”. Бұл орындалатын жұмысты Паскаль программалау тілінде құрастыру керек.
Мұнда жасалатын программалық өнімде Паскаль программалау тілінің графикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әр түрлі анимациялар құрастыру, мультипликациялық көрініс көрсету жолдарын қарастыру керек.
Паскаль программалау тіліне келетін болсақ, бұл бағдарламалау тілі XVII ғасырда өмір сүрген француз ғалым-философы Блез Паскальдің құрметіне аталған.
Блез Паскаль 1623 жылы францияның клермон-ферран қаласында дүниеге келді. Оның орасан зор қабілетін, әсіресе математика саласынан, сонау бала кезінен көріне бастаған. Дүниеден қайтқан соң (1662 жылы) ол бүкіл әлем біркездері білген ұлы математик ретінде тарихта қалды. Ол математика облысының бір бөлігі ықтималдар теориясының негізін қалады. Математикадан басқа Паскальдің таланты физика, философия, әдебиеттану салаларынан да көрінді. Сол сияқты 1642 жылы әкесінің жұмысын жеңілдету мақсатында есептеу машинасын ойлап тапты. Оның әкесі салық жинаушы болғандықтан, бұл машина есептеу жұмыстарында өте қажет еді. Есептеу машинасы ғалымдарға белгілі болғанымен, әлемге әйгілі емес еді. Қазіргі кезде Паскальдің аты Бейсик тілі сияқты программалау тілдерінде қолданылады. Бұл тілді құрастырушы Швецариядағы жоғарғы политехникалық мектептің информатикалық институтының профессоры Никлаус Вирт болып табылады (1970 жылы).
Паскаль тілі дүние жүзіне кең тараған программалау тіліне айналды. Қазіргі кезде Паскаль тілі қолданбалы программалар жазу үшін және жүйелі программалау тілі ретінде де кеңінен қолданылады. Сонымен бірге көптеген мини және макрокомпьютерлерді қамтамасыз ету осы тілде жазылған. Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және т.б.) программалау тілдерін маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ал құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу - Паскаль тілінің тағы бір ерекшелігі ол деректер құрылымының концепциясының алгоритм түсінігімен қатар программалаудың негізіне жатқан фундаментальды түсініктер қатарына кіруі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Менеджмент | Жапондық менеджмент

Басқарудың жапондық типінің түрлері. Н.С. Целишевтің пікірінше, басқарудың жапондық типінің базалық принциптерін төрт топқа бөлуге болады. Бірінші – корпарациямен жұмыскерлердің өз корпорациясына ерекше тәуелділігі фирмаға берілгендігі және оның мүддесі жолында жан аямайтындығы үшін едәуір қолайлы жағдай мен уәде беруі.
Екінші топтағы принциптерді дара басшылықтан гөрі ұжымдық басшылыққа көбірек көңіл бөлуі, корпорациядағы адамдарды фирма ішінде үнемі көтермелеу, істейтін қызметіне қарамастан жұмыскерлерді тең правода қарау деп тұжырымдауға болады.
Үшінші топқа – фирманың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін үш негізгі күшке – басқарушыға, басқа жұмыскерлерге және инвесторларға ықпал ету мен көңіл бөлу балансын ұтымды ұстау жатады.
Төртінші топқа - әр түрлі фирмалармен – іскер әріптестермен, соның ішінде ең алдымен өнімді тапсырушылармен және сатып алушылармен алуан түрлі байланыс орнату әдісін қалыптастыру жатады.
Аталған принциптерді жүзеге асыру механизмінің маңызды элементтеріне мыналар жатады: ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Жеке тұлғаның мәдениетінің қалыптасуы – қазіргі педагогиканың негізгі міндеті

Жеке тұлға туралы түсінік. Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жай жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен калыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспсктілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан.....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Кеден құқығы | Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері

1. Кіріспе
Қазақстанның тәуелсіздік алып,егемендікке ие болуы жаңа заңдарды қажет етті. Ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық инфрақұры-лымдардың құрылуы жаңа басты бағыттар мен заң шараларының қабылдануына алып келеді. Осындай басты бағыттардың бірі – кеден жүйесі.
Кеден ісі саласы – Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы. Кеден ісі кеден саясатының мақсатқа жету құралы ретінде, кеден территориясында арнайы әдіс-тәсілдері арқылы басқа кеден салаларының элементтерімен байланыса отырып, мемлекеттің монополиялық қызметінің құралы болып табылады.
Белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізумен байланысты Қазақстанның экспорттық-импорттық операцияларының көлемінің өсуі, кеден тарифтік реттеудің өсуіне әкеледі.
Қазақстанның өтпелі экономикасында сыртқы сауданы кеден тарифтік реттеуідің мәні мен ерекшелігін талдау өте маңызды.
Алғашқы бөлімінде – кеден ісін жүзеге асырудың механизміне, яғни Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту дәйектеріне, кеден төлемдерінің жағдайына, кедендік қызметті басқару, атқарылу тәртібіне, жалпы кеден режимдерінің ұйымдастырылуына тоқталдым.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Мемлекеттің бәсәке нарығындағы монополияға қарсы саясаты

Кіріспе
Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны болып табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады. Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға болады. Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі - жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады: патентің болса - құқығың бар, ал патент жоқ болса — құқығы да жоқ. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІ

КІРІСПЕ.
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады.Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шішімді қабылдау үшін негіз бола отырып,тұтынуды,таратуды,айналысты және басқа өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субьектінің күрделі экономикалық тетігін нақты,жақсы жолға қоймайынша,сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорын иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалды ұқыпты жұмсауға,өндіріс қалдықтарын азайтуға,ысырапты жоюға,бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге,оның сапасын көтеруге,өзіндік құнды төмендетуге,қоршаған ортаны сақтауға мүдделі.Бұл орайда,шаруаға қырсыздыққа,кәсіпорынның материалдық құндылықтарын,ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттар көмегімен шаруашылық жүргізуші субьектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін,экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін,сөйтіп,ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктердің бірі ретінде пайдаланады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Қарындас)

Көп күн болды сен кеткелі,
Қайдасың сол қарындас?
Мендей ешкім іздеп сені,
Мендей және сағынбас!
Онда майдан ішінде мен —
Қатулана жүгірдім:
Қанды найза үшіменен,
Жау түйреді... жығылдым.
Бұрқыраған отпен бірге
Кетті достар, жаттым мен,
Сар жапанда, жалғыз түнде .....
Өлеңдер
Толық
0 0