Аға берсін жанардан жас, бастан қан, Алайда мен қиянаттан жасқанбан. Ал сен болсаң төркініңді жасырып, Түскендей боп көрінесің аспаннан. Аңыз емес, Ертегі емес,— Сыр тыңда: Мен қырған мұрт — анау сенің мұртың да......
Аппараттық жабдықтар Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та,олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады: 1.Орталық процессор; 2.Енгізу құрылғысы; 3.Есте сақтау құрылғысы; 4.Шығару құрылғысы. Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемалар жиынынан тұрады. Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады. Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған. Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады. Дербес ЭЕМ Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын электрондық компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады.Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады.Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшалармен жалғастырады. ....
Капитал өндіріс факторларының бірі, яғни ресурс болып табылады, оны тауар өндіру үшін жұмсау керек, және материалдық игілік жасау үшін өндіріс, ақша және тауар формасындағы барлық жатады. Коммерциялық өндіріс ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар және өндірістік запастар сатып алудан басталады, ал ол өз кезегінде инвестициялық салымдарды қажет етеді. Басқа жағынан, пайда ұйымның қаржылық қызметтің нәтижесі ретінде, оны тиімді пайдалануды талап етеді, ол да инвестициялық қызметпен байланысты.иналған құралдардың запасын білдіреді. Инвестициялар – макро және микро деңгейде жиі қолданылатын экономикалық жүйе категорияларының бірі. "Инвестициялар түсінігі" – көп қырлы құбылыс. Оның бірнеше мағыналық анықтамасы бар: Ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал- жабдық, технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс жүзеге асырылады. Инвестициялар – халықтық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі қорларын кеңейте қайта өндіруге бағытталған материалдық, еңбек және ақшалай ресурстар шығындарының жиынтығы. Инвестиция біздің экономика үшін жаңа түсінік. ....
Қазіргі уақытта мемлекет кәсіпорынның дамуына және тұрақтылық жағдайына көп көңіл аударылып жатыр. Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызы өте зор. Кәсіпорынның қызметінің қаржылық нәтижесі экономиканың дамуына тікелей әсерін тигізеді. Ал кәсіпорынның қаншалықты дамуын, тек кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайын дұрыс талдау арқылы көруге болады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау мен бақылау, объективті ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін нақты ұсыныстарды орындау қажет. Қаржылық тұрақтылық – бұл әрдайым төлем қабілеттігін кепілдендіретін белгілі бір шоттар жағдайы. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршенділігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып, оны қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау жұмысын біліктілікпен жүргізу арқасында, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығын дұрыс талдап, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін, жоғарыда көрсетілген елімізді ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жетуге болады. Осы курстық жұмысымның мақсаты: кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын толық зерттеп ашу. Нарықтық жағдайда кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы қазіргі кезде еліміздің экономикасына ең үлкен әсерін тигізеді. Бұл тақырыптың өзектілігі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бақылап талдамаған жағдайда кәсіпорынның банкроттыққа ұшырауына әкеліп соғады, ол әрине мемлекет экономикасына үлкен әсерін тигізеді.....
Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Батысы – Еділдің төменгі ағысы,Каспий маңы мен Тұран ойпаты. Шығысы – Алтай таулары. Солтүстігі – Батыс Сібір жазығы. Оңтүстігі – Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесі. Батыстан шығысқа дейін – 3000 км,солтүстіктен оңтүстікке дейін – 1600 км. Қазақстан жерінің ауданы – 2724,9 мың км².Жер шарының халық мекендеген құрлықтың бөлігінің 2%-ы және Еуразия ауданының 5%-ы біздің еліміздің үлесіне тиеді.Аумағының өлшемі жөнінен ол әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді және ішкі құрлықтық мемлекеттердің ең ірісі болып табылады. Жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-шы орын алады.Жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2%-ын,Азияның 6,1%-ын құрайды. Еуразия материгінде Ресей,Үндістан,Қытайдан кейінгі төртінші орында,ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейінгі екінші орында тұрады.БҰҰ мүше 180 мемлекеттің ішінде – 9-орында. Республика жерінің шеткі нүктелері 55˚26΄-40˚56΄ с.е. және 45˚27΄-87˚18΄ ш.б. аралығында орналасқан. Шекара туралы барлық мағлұматты кестеден қараңыз.
Шекарасы Ұзындығы Жалпы ұзындығы 13 331 км шамасында (2005ж) Құрлықпен Каспий теңізі арқылы Ресеймен (батыс солтүстігінде) Қытаймен (оңтүстік шығысында) Қырғызстанмен (оңтүстігінде) Өзбекстанмен (оңтүстігінде) Түркменстанмен (оңтүстігінде) 12 900 км шамасында 600 км 7591 км шамасы 1460 км шамасында 980 км шамасында 2300 км шамасында 380 км шамасында
Ресей,Қытай,Орта Азия елдерімен шекаралас жатуы,еуразиялық көлік жолының аумағынан өтуі,егемендік алғаннан кейін 120-астам елдермен экономикалық-географиялық жақсарта түсті,сол тұрғыдан Қазақстанның төмендегідей артықшылықтары бар: 1.Тарихи – экономикалық дамыған елдермен шектесуі. 2.Транзиттік жол торабының үстінде орналасуы. 3.Жер бедерінің көп бөлігінің жазық болуы. 4.Минералды ресурстар қорының молдығы. ....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттелу Сабақ тақырыбы: Жұлынның және мидың құрылысы мен қызметі (1 сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.7.1 жұлынның және мидың құрылысы мен қызметін сипаттау Сабақ мақсаттары: Оқушылар: • Мидың құрылысын сипаттай алады; • Мидың қызметін түсіндіреді......
Қажығұмар Шабданұлы (1925 жыл, Таңсық елді мекені, Шығыс Қазақстан облысы - 15-ақпан, 2011 жыл, Шәуешек қаласы, ҚХР) - жазушы.
1930-шы жылдардың басында ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданына ауып барған. Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған. Алғаш рет 1958 ж. «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айрылған Қажығұмар жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 жылы бостандыққа шығады.
1986 жылы желтоқсанында ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 13 жылға екінші мәрте түрме жазасына кесіледі. Бұл жаза мерзімін ол Үрімжі қаласының №1 түрмесінде өткізеді.....
Михаил Гиясович Фаязов (15.6.1925 жылы туылған, Тараз қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия лейтенанты, взвод командирі. Өзбек. Орта мектепті бітіргеннен соң малдәрігерлік техникумда оқыды. Кеңес әскері қатарына 1943 жылы Жамбыл (қазіргі Тараз қаласы) ауданы әскери комиссариатынан шақырылды. 1944 жылы Ташкенттегі кіші лейтенаттар дайындайтын училищенің жеделдетілген курсын бітірді. 175-гвардиялық атқыштар полкінің (5-гвардиялық армияның 58-гвардиялық атқыштар дивизиясы) взвод командирі Фаязов 1945 жылдың 23 қаңтарында Одер өзенінен өту кезінде ерлікпен көзге түсті. Бұл кезде ротаны басқарған Фаязов өзеннен өтіп, арғы жағалауға плацдарм құрып, одан әрі жаудың штабы орналасқан екі елді .....
Нәжімеденов, Жұмекен Сабырұлы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері. Мазмұны 1 Өмірбаяны 2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны 3 Шығармалары 4 Пайдаланған әдебиет Өмірбаяны
1935 жылдың 28 қарашасында Гурьев (Атырау) облысы, Теңіз (қазір Құрманғазы) ауданындағы Қошалақ деген жерде дүниеге келген. Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған. Сөз бен тарих және туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында қалыптастырған сол кісі. Немересіне өзінің атақты бабалары Қартпанбет жырау (алтыншы ата) мен оның әпкесі Қосуан (Махамбет Өтемісұлының туған шешесі) туралы .....
Резистенттік (төзімділік) – организмнің патогенді факторларға төзімділігі. Төзімділіктің айқындалуының формалары әр-түрлі. Мысалы: тері мен шырышты қабат микроорганизмдердің енуіне тосқауыл қызмет атқарады.
Біріншілік төзімділік – тұқымқуалаушылық. Организм өзінің конституциялық ерекшеліктеріне байланысты сыртқы патогенді микроорганизмнің енуіне, өсіп-өнуіне, ауру тудыруына жағдайлы ортасы жоқ.
Екіншілік төзімділік – жүре пайда болған төзімділік. Инфекциялық аурулардан кейнгі, егулерден кейінгі иммунитет.
Пассивті (белсенсіз) төзімділік – организмнің баръерлік жүйесінің (тері, шырышты қабат), бактериоцидтік факторлар (асқазандағы тұз қышқылы, сілекейдегі мезоцим), тек тік иммунитет.
Активті (белсенді) төзімділік – қорғаныс бейімделу және компенсаторлық механизмдердің қосылуымен қамтамасыз теіледі (фагоцитоз, антиденелердің түзілуі, токсиндердің залалсыздандырылуы және шығуы, стресс гормондарының бөлінуі, тыныс алудың және қан айналымның өзгеруі, қалтырау, т.б.