Ерте, ерте, ертеде бір ханзада болған екен, оның қайтсем де ханшаға үйленем деген асыл арманы бар көрінеді, тек нағыз ханшаға. Міне, ол сол себепті дүниенің төрт бұрышын түгел кезіп шығады, алайда өзі ойлағандай ешкім ұшыраспайды. Ханша дегендерің толып жатыр, бірақ нағыз ханша ма екен солар?! Осы арасын......
Үйдің қанша еркесі,жалғызы,ата-анасы мен бауырлары үшін қанша қымбат жан болсада ол өзге үйдің келіні оты мен кіріп күлімен шығып, ата-енесі,күйеуі мен балаларының қамқоршысы болуы керек. Әр қыз қайын жұртына сән беріп,сол үйдің қуанышы болып кіруге міндетті. Жақсы келін,адал жар,мейірбан ана болуы тиіс. Сондықтан әр қыз бала тұрмысқа шығарда мен сол отбасын бақытты қыла аламынба? Менің оған күшім жете ме? Енемнің айтқанын тыңдап,атама жақсы келін болып,қайныларыма жақсы жеңге,күйеуіме адал жар бола аламын ба? Деген сұрақтарды толыққанды ойлануы керек. Бет алды жұрттың бәрі үйлі-баранды немесе ойбай жасым келіп қапты я болмаса мынау бай екен деп тұрмысқа шығып не қайын жұртты не төркінді қарық қылмай,енемен бет жыртысып,күйеуінің тілін алмай,төркін жағалап жүргендер де баршылық. Әйел-отбасының ұйытқысы,еркек-тірегі. Әр саналы бойжеткен ойланып ой түйе біліндер. Ер-азаматты бақытты қылуға әр қыздың мұршасы жетет оған сабыр,төзім,ақыл қажет. Бақыттың кілті әйелде, сондықтан өз бақыттарыңыздың кұлпын таба білу керек ......
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. ....
ҒАРЫШҚА САЯХАТ» Мақсаты: білімділік: Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу,көктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне түсіре отырып әңгімелету.Ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.Сөздік қорларын байыту. Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін,ой-өрістерін,зейіндерін,көріп тану қабілеттерін дамыту дүниетанымдарын кеңейтіп,қиялдарын шарықтату. Тәрбиелік: Табиғат сұлулығын сезінуге,оны қорғауға,батылдыққа,адамгершілікке,ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу,сұрақ-жауап,ой қозғау, көңіл-күйді көтеру,сурет бойынша әңгіме,ойша саяхат,ойын. Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту,құрастыру Көрнекіліктері: Көктемгі табиғат құбылыстарының атрибуттары,геометриялық пішіндер, суреттер және интерактивті тақта Сөздік қоры: Ғарыш,ғарышкер,ғалам. Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар жаттату. .....
Жасушаның атомдық және молекулалық құрылымы. Д, И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі кездесетін 110 элементтің 80-ге жуығы тірі жасушаның құрамында болатындығы дәлелденді. Олар жасушадағы мөлшеріне қарай үш топқа белінеді. Бірінші топқа: оттек, сутек, көміртек және азот сияқты органикалық және бейорганикалық заттардың молекулаларының негізін құрайтын элементтер жатады. Бұлардың жасушадағы мөлшері 98%-ға жуық болғандықтан, олар макроэлементтер деп аталады. Сонымен қатар бұл топқа нәруыз (белок) бен нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін күкірт пен фосфор да кіреді. Бұларды биоэлементтер деп атайды. ....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат» Сабақтың тақырыбы: Туристік жолды жарнамалау (маршрут). Жуан және жіңішке жұп дауыстылар А-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)О5 Мәтіннің түрлерін және стильдік ерекшелігін тану Сабақтың мақсаттары: 1.1.5.2 Диалогке қатыса отырып, өзгенің пікірін таңдау және сыйлау, өз пікірін дұрыс жеткізу 1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің не туралы екенін анықтау 1.1.4.5 Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін (Мысалы: әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтелдер) таниды және ажырата алады .....
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.......
Соңғы жылдары ірі футбол турнирлары футболшылардың ойын әрекетінің қарқынды дамыту мен техникалық әдістерді жылдам орындауға бағытталғандығын көрсетеді. Ойын кезінде оның жалғасу ұзақтығына және қарқындылығына қарай жаттығулар алмасып жүзеге асырылады. Қазіргі футбол үшін жылдамдық ойын қызметіне едәуір әсер етеді. Сонымен қатар жылдамдық–қазіргі футболда ойынның сапасына әсер ететін едәуір маңызды дене қасиеті болып табылады. Қазіргі кезде футбол жарыстарында жылдамдықсыз жеңіске жету мүмкін емес. Ал, бұл мәселені шешу жаңа тиімді құралдар мен әдістерді қолдана отырып осы қасиетті жүзеге асыру болып табылады. Жылдамдықты жасөспірімдік кезден, яғни 13-14 жастан бастап дамыту керек. Футболшылардың ойында көптеген техникалық-тактикалық және қозғалыс әрекеттерін доппен және допсыз орындауы қазіргі футболдың даму үрдісі болып отыр. Сонымен қатар ойыншылардан жоғары жылдамдықпен допты меңгеру қабілеті және ойын барысында бірнеше рет «шұғыл» әрекеттер жасау талап етіледі. Сондай-ақ, футболшылардың жылдамдық қасиеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 13-14 жас аралығы жылдамдықты дамытуға қолайлы кезең болып табылады [1, 48 б.]. ....