Шығарма: Күз туралы шығарма

Шығарма: Күз туралы шығарма

Белек Меруерт,
Жамбыл ауданы, Самсы ауылы,
Телтай Сәрсенбеков атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.

Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.

Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Күз туралы шығарма туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Күз туралы шығарма на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар Күз туралы шығарма жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Күз туралы шығарма

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]