Курстық жұмыс: Педагогика | ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТІН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми – зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістерді қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болдаы. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі – баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т.б.) әсер етеді.
Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу – тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | Маркетингтік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру

Кіріспе
Рынок қатынастары шаруашылық қарым-қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үдерістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан-жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, түтынушылардың қажеттерін сапалы және жоғары деңгейде, неғүрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Рынокта қалыптасқан қатаң бәсекелестік күресті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол талдауды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады. Бұл жиналған ақпарат рынокта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы т.б. с.с. болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүлдө мүмкін емес. Сондықтан фирманы басқару жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетинг жетекші рөл атқарады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Ұланы бар елдің ұраны бар!

Әр адам үшін өмірде екі ғана нәрсе қымбат. Оның бірі-Ана,екіншісі-Отан. Себебі.бұл екеуі жайлы қозғағанда елжіремейтін жүрек жоқ болар,сірә. Ана бізді өмірге әкелсе,Отан бағып-қағушы. Сондықтан да біз Анамызды қалай құрметтесек, Отанымызды дәл солай қадірлейміз. Міне,сондықтан болар, аяулы Ана мен ардақты Отанды қосып, Отан-Ана дейтініміз.Жер шарындағы өзге жандар үшін қалай екенін білмеймін, бірақ мен үшін менің Отаным ең керемет жер,ғажап ел! Ұлан-байтақ жазығы бар, бидай,күріш азығы бар, асқар-асқар таулары бар, жасыл желек баулары бар, ащы-тұщы
көлдері бар, сарғылт келген шөлдері бар , сан миллион халқы да бар, ескірмейтін салты да бар, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет-Қазақстан Республикасы.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Іле Алатау МҰТП інің Талғар филлиалының табиғи климаттық жағдайының қысқаша сипаттамасы

Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанда алғашқы құрылған парктер қатарына жатады.Бұдан екі жыл бұрын оның құрылғанына 15 жыл толғанына байланысты үлкен конференця болды. Қазақстан орман шаруашылғы қызметкерлері елеулі шара өткізді. Парктің үлкен қала іргесіндегі экологияны сақтаудағы, халықтың демалысын ұйымдастырудағы және биологиялық әртүрлілікті сақтаудағы жетістіктеріне көңіл бөлініп оның келешегі жөнінде келесі мәселелер қозғалды.
Талғар филиялы Іле Алатау мемлекеттік ұлтық табиғи паркінің үлкен бір бөлімшесі болып табылады.Ол парк құрылған күннен бастап құрамына кіргізілді және осы парктің негізгі мақсатарын нәтежелі орындауға ат салысып отыр. Сондықтан біз Талғар филиялының қызметінің техникалық және экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасауды дипломдық жүмысымыздың негізгі тақырыбы етіп алдық .
Дипломдық тақырыбымыз Талғар филиалы қызметінің соңғы 5-6 жылдық қорытындыларын қамтиды. Онда алдымен осы филлиалдың жалпы мәліметтері анықталып (орналасуы, табиғи климаттық және экономикалық жағдайы), одан соң нақы қызметтері (түрлері, аумағы, көлемі, өзгеруі мен көбею қарқыны) мен оларға жұмсалған шығындар талданады. Қызметкерлер саны, олардың әлеуметтік жағдайы (жалақы мөлшері), филлиал бойынша жұмсалған қаржы сомалары, олардың өсу қарқыны мен тиімділігі де есептеледі. Талдаулар қорытындыға ұласып, филлиал қызметінің жақсы жақтары мен кемшіліктеріне көңіл бөлінеді және шама-шарақымызға қарай бар кемшіліктерді жою жолдарын көрсетіп, оның жұмысын жақсарту туралы ұсыныстар бердік ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Жеке адамдардың қалыптасуы мен дамуы

Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғам мүшеі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады.
Жеке адам сондай- ақ саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүр ме, саяси құқы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға праволы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатыса ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма- осылардың бәр- бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: “Пациент” туралы түсінік

 Дәрігер мен пациент заң алдында тең.
 Дәрігер пациентпен “сыпайы, ұқыпты,мейірімді” болу керек!
 Гиппократ этикасы- бұл моральді-этикалық жүйе, дәрігерлік практиканы реттейтін, дәрігер-пациент қатынасын анықтайтын, дәрігердің басқа дәрігерге деген қатынасын айтады.
 Дәрігер мен пациент әлеуметтік денсаулық сақтау институтының шегінде теңқұқылы болып келеді.

Емделудің ең тиімді жолы – квалификациялы специалистерге көріну. Пациенттерді емдеу процесі бірнеше тізбектелген этаптардан тұрады: пациентті зерттеу, диагнозды қою, емдеу тактикасы мен схемасын таңдау, емдеу тәсілін пациентпен бірге талқылау, емдеуді жүргізу және реабилитациялық іс-шаралар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Жеке тұлғаның бітістері

Тұлға туралы жалпы түсінік
Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің "менің" басқа "мендерден", яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшіп жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде "Он үште отау иесі" (қыз балалар үшін), "Он бесте отау иесі" (ұл балалар үшін) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс-тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижссінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Геология | Жерасты уран қазу жұмыстарының арнайы сұрақтары

КІРІСПЕ
Геотехнология – көп жоспарлы тау-кен ғылымы, жер асты байлығын сақтау және игеру тәсілі, жер қойнауынан пайдалы қазбаларды физикалық және химиялық әсер ету арқылы алуға мүмкіндік беретін технологиялық процесстер мен техникалық әдістер жайлы бірлестірілген білімдер жиынтығы.
Ерітінділеу – бұл қатты материалдың бір немесе бірнеше компоненттерін, әдетте сумен ерітіндіге аудару. Тау-кен жұмыстарында жер асты ерітінділеу әдісі жер қойнауында жатқан металды алу мақсатында жүргізіледі. Бұл процесс қатты жер бетіне әсер тигізетін заттардың келуінен, химиялық реакциядан және ерітінділер күйінде оның өнімдерінің қайтарылуынан тұрады.
Жер асты ерітінділеу кезінде металл иондық алмасу жолымен реагент ерітінділерінің басқарылытын қозғалыс процесінде табиғи немесе жасанды құрылған өткізгіш массиві арқылы алынады. Оны қолданудың қажетті жағдайлары – пайдалы компоненттердің минералдық немесе органикалық ерігіш қышқылдардың қосылыстарында, сілті мен тұз ерітінділерінде болуы, кенді табиғи жеткілікті суландыру, реагенттің кенге әкелу және өнімді ерітінділерді қайтару мүмкіндігін жүзеге асыратын қолайлы таулы-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлар, сонымен қатар өнімді ерітінділерден пайдалы компонентті тиімді алу мүмкіндігі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сочинение: Один язык, один народ, одна судьба.

На вопрос, каким будет Казахстан в 2050 году, Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев ответил, что это будет страна с единым сплоченным народом. «Мы являемся одним народом, одной страной с одной судьбой» - сказал Глава государства. Сплочение казахстанского общества в единый народ необходимо для того, чтобы Казахстан ускоренно развивался.
На протяжении веков на исторической земле казахов проживали представители различных национальностей.....
Сборник сочинений
Толық
0 0