Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі Сабақ тақырыбы: Шеңбердің теңдеуі 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін 〖(x-a)〗^2+〖(y-b)〗^2=r^2 білу; 8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу Сабақ мақсаттары: Оқушылар: центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуі 〖(x-a)〗^2+〖(y-b)〗^2=r^2 түрінде болатынын түсінеді; берілген теңдеуі бойынша шеңберді салуды және шеңбердің центрі мен радиусын анықтауды үйренеді.......
Жылқыаман батыр Отыншыұлы (1712-1796) — Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген елді мекеніндегі Ақшатау өңірінде дүниеге келген. Ол ұлт-азаттық қозғалысындағы ерекше орны бар көрнекті қайраткерлердің бірі. 1796 жылы Қарақалпақ жерінде 84 жасында Нұрата өңірінде дүниеден өткен және сүйегі сонда жерленген.[1]Жылқыаман батыр "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" заманында үш жүздің басы қосылған, жоңғарлардың түре қуатын 1725 жылы болған қанды қырғында 13 жасында-ақ ат ойнатып, қарсы келген дұшпанды "ақшұбарымен" жусатып, атағы күллі қазаққа дабырлата шыққан. Нұрмағанбет Қосжанұлының "Сартай батыр" жырында 13 жасар жас бала Жылқыаманның өнері былайша суреттеледі: Ашуланып Жылқыаман, Қалт, қалт, қалт етті. Қайтпаймын деген дауысы Ақ сұңқардай саңқ етті...
... Жұрдай болған Қырғауыл, Жүрегі енді зырқ етті. "Енді өзімді атар" - деп, Артқы жағы тырқ етті. Он үш жасар Жылқыаман, Қырғауылды сөйтіп күлкі етті. Үш жүздің батыр-билерінің басы қосылған үлкен алқада осылайша өнерін байқатқан Жылқыаман ертеңгі күнгі жоңғарлармен болған шайқаста үлкен абыройға бөленеді. Жырда ол былайша сипатталады: "Ақшұбар" мылтық білтелі, Білтенің ұшы қызыл шоқ. Дәрігі шоқты тіркеді, Жоңғардың қалың жеріне. Жылқыаманды сілтеді, Түтінін қосып түтінге. Даусына даусын тіркеді, Қалың жерге келгенше, Шұбардың даусын іркеді. Оқ тиген жоңғар оқталып, Жан-жағына үркеді. Қазақ елінің азаттығы, еркіндігі үшін 13 жасынан майданға араласқан Жылқыаман батыр өмірінің соңына дейін ат үстінен түспей, "ақшұбарын" көлденең ұстап жүріп, елін қорғаған. ]98 жастағы қарт әкесі Байжан биден 15 жастағы Сартай батыр бата алып, 1000 баладан жасақ құрайды. Сол мың бала үш жүздің игі жақсылары, батырлары бас қосқан Ордабасыға жетеді. Соғыс басталар кезде екі шекесінде қос айдары бар 15 жасар Сартай батыр, қасында «ақшұбар» мылтығы бар 13 жасар Жылқыаман «Мың баланың» алдын бастап, сауыттарын киіп сапта тұрады. Осы соғыста қазақ жауынгерлері жан аямай соғысып, жоңғарларды жеңіп шығады. Бірақ 12-16 жастағы 1000 баланың ішінен 500-ден астам бала шәһит болады. Орыс патшайымы қазақтарға от қару сатуға қатаң тыйым салған болатын. Оны сатқан адамды қатаң жазалап отырған. Дегенмен Кіші жүз қазақтары аямай мал беріп, бірлі-жарым от қаруды қолға түсіріп отырған. Сондай адамдардың бірі — Жылқыаманның әкесі Отыншы еді. Ол реті келгенде Ресей жеріне келіп, мал сататын. Осындай сапарында бір үйір жылқыға екі пұт оқ-дәрісімен құндағы ала-шұбар .....
Аманкелді – он алтыншы жылғы қозғалыс бастығы, батыр. Мұқан. Сейіт– Аманкелдінің үзеңгі жолдастары. Андреев – орталықтан келген жұмысшы, коммунист. Мәмбет – оқытушы, коммунист. Баян– бұл да. Қамар – оқытушы қыз. Әсия– қызметкер қыз. Абдол – наборщик. Қайдар, Серке, Құлатай – ауыл қазақтары. Кәрім – Аманкелдінің көмекшісі. Ахмет Міржақып, Шоңмұрын, Мырзағазы, Кенжеқара – «Алаш» бастықтары. Тайбай – Міржақыптың көшірі. Әбіш – Міржақыптың адъютанты. Айбала– Міржақыптың әйел і. Аманбай – болыс. Әзірет. Хан. Тағы басқалар.
БІРІНШІ СУРЕТ
Ортада кеңсе бөлмесі. Екі есігі бар, бірі тысқа, екіншісі бөлмеге шығады. Кеңсе бөлмесінде Сейіт пен Мұқан. Сейіт қамшы ондап отыр. Мұқан жалбаланған ескі қысса оқып тұр. Аз тыныс.
Сейіт (орнынан тұрып, қамшысын білемдеп). Жаңа келісті білем... Мұның да керек орны болады, шырағым. Оқып тұрғаның «Қыз Жібек» емес пе, әй? Төлегенмен қосылған жерін соғып жібересің бе?
Кавказ, сен менің алдымда тұрсың. Сенің асқар шының көз алдымнан кетпейді. Мен сені окопта жатып көріп отырмын. Жүрегіңнің қалай соққаны маған естіліп тұр. Сенің басыңа қауіп төнгенін, сенің жауға зығырданың қайнағанын сеземін мен.
Кавказ, немістер саған қарай ентелеуде. Парнасқа да оқ, атқан олар, сенін шыңына да оқ атқысы келеді. Немістер Гомердің ұрпақтарын атып-асып, тірі қалғандарын аштан қыруда, олар неміс айуандарынан қорлық керуде. Элладаның атам замандағы тасы гректің жас қыздарының көзінен аққан жасына боялды. Грек қыздарын фашистер. күң етті. Тыңдаңыздаршы, грузин, армян, азербайжан, осетин, қыздары, ардақты апа-қарындастарым! Егер Кавказға өте қалса, сіздердің бастарыңызға да сол түнекті орнатпақшы ол сұмдар.
Тыңдаңыздар, Шығыс пен Кавказдың ұлдары, менің бауырларым! Отанымыздың қасиетті асқар белі — Қазбек пен Эльбрустың алтын шынын қайтып қана неміс оғына талқандатқызарсың? Бостандық, сүйгіш, көп ұлтты, тәкаппар Кавказды қайтып қана фашистердің құлдық ойнағы етерсің?
Кавказ! Шота Руставелидің туған жері, Пушкин мен Лермонтов жанындай сүйген жер, Совет Одағының мақтаны, сеңі қалайша сүймессің, қалайша сені мақтаныш етпессің? Мен қазақпын, мен сенен алыс жерде туып-өскем, бірақ сен үшін елуге де, сені қорғап қалуға да бармын, енді біздің ұран осылай болуға тиіс, достарым! .....
Бидай дәні биологиялық жүйе болып табылады. Ол анатомиялық бөлшектерінің күрделі құрылысымен және микроқұрылымымен, ал сыртқы түрі бойынша – дақылдардың әрбір тобы үшін ерекше болып келетін пішінімен ерекшеленеді. Химиялық заттар дәннің анатомиялық бөліктері мен қимасы бойынша өте-мөте бірқалыпсыз бөлінген. Биологиялық маңызды қосылыстар (витаминдер, ақуыздар, ферменттер) ең алдымен ұрықта және қалыпты дәнде клеткалары өмірге қабілеттілігін сақтап қалатын алейрон қабатында шоғырланған; эндоспермнің түпкіріне тереңдеген сайын осы қосылыстардың үлесі біртіндеп төмендей береді. Тотықтары дәнді жаққан кезде күл түзетін органикалық емес заттардың, сонымен бірге жоғары нәрлілікке ие, әрі сондықтан дәннің өсіп-өнуінің ерте кезеңдерінде-ақ ұрықтың қалыпты дамуы үшін өте-мөте қажет липидтердің бөлінуі де осындай заңдылыққа бағынған. Тірі организмдер үшін олардың жағдайының, күйінің факторлардың көптеген санына және көптеген ішкі өзара байланыстарға тәуелділігі тән болып табылады. Дәннің күйін анықтайтын негізгі факторлар болып оның ылғал мөлшері және температурасы, сонымен қатар олардың шамаларының қоршаған орта күйінің параметрлерімен анықталатын тепе-теңдік мәндерінен ауытқу дәрежесі табылады. Бидай, оның қасиеттері және сақтау мен өңдеу ерекшеліктері туралы ғылымның көп ғасырлық тарихы бар. Әсіресе ол ғылым ХХ ғасырда қауырт даму алды, бұған ең алдымен дәл ғылымдардың жан-жақты дамуы және осының негізінде нақты материалдарды зерттеу әдістерінің жетілдірілуі мен дәлдігінің артуы себепші болды. Дәнді бағалау, оның технологиялық ерекшеліктерін танып білу, сақталу және өңделу жағдайларын, сондай-ақ режимін анықтау үшін қасиеттер, сапа, сапа көрсеткіштері, сапаның бірлі-жарым көрсеткіші, сапаның кешенді көрсеткіші, сапаның базалық көрсеткіші, сапа деңгейі, ақыр соңында, күйі түсініктері қолданылады.....
Кіріспе Зерттеудің мақсаты: Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни түйсік - материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мсн қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейпеленуі. Түйсіну дегеніміз - дүниені танып білудегі бейнелеу үрдісінің алғашқы баспалдағыекендігі, түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдісі, түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болуы, сол шындық пен болмыстың адам сезім мушелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсіктің тууы, яғни түйсік - сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі екендігі, баланың дүние тануының алғашқы баспалдағы- осы түйсік екендігі, нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де балаға осы баспалдақ арқылы жетуі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
асқару ұғымы, қоғамдық жүйедегі басқару салалары және олардың өзара ықпалы. Кең мағынасында алғанда, басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф.Энгельс еңбек ұралдарын басқаруға “заттарды басқару” деген анықтама берген; - тірі организмдердегі (биологиялық жүйелердегі) басқару процестері; - қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері. ....
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасында қой шаруашылығы -мал шаруашылығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қойдың басын және өнімін көбейтуде инфекциялық ауруларға дер кезінде диагноз қойып, аурудың алдын алудың маңызы зор. Саулықтарға буаздықтың соңғы кезінде іш тастататын, осы іш тастаудан кейін сепсистен саулықтарды өлтіретін, сонымен қатар әлсіз , тіршілікке қабілеті төмен төлдер туатын, ересек қозыларда пневмония , артрит тудыратын және саулықтарды қысыр қалдыратын хламидиоз ауруы үлкен экономикалық зиян кетіреді. Хламидиоз ауруының қой шаруашылығында кең тарауына ауруға диагноз қою мен алдын алу шараларының әлде болса жеткіліксіздігі себеп болып отыр. Сонымен қатар аурудың кең таралуына хламидиоз ауруынан кейін көп малдардың хламиди тасымалдаушы болып қалып, аурудың таралуына қолайлы жағдай жасайды. Қой хламидиозына диагноз қою мен тәндік алдын алу осы күнге дейін зерттелуде. Осы ауруды зерттеуде ТМД елдерінің көптеген ғалымдарының еңбектері зор (И.И.Носов, А.А. Волкова, 1965; А.Актаев,1970; Ю.Д. Караваев және басқалар 1971; Н.З. Хазипов және басқалар 1984 ; Х.З.Гафаров 1984; ) .....