Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика Сабақ тақырыбы: Электр өрісі мен гравитациалық өріс арасындағы ұқсастық Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: гравитациялық және электростатикалық өріс қасиеттерін салыстыра білу Сабақ мақсаттары: Электр өрісі мен гравитациалық өріс арасындағы ұқсастықты анықтау арқылы электр өрісінің қасиеттерін бір жүйеге келтіру.......
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.4 өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау. Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысын біледі.......
Б.э.д. І мың жылдықта ғұндардың күштеуімен Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдің орман дадалары тайпаларының бір бөлігі батыс пен солтүстік-батысқа жылжуы орман жұрты тайпалары тарихындағы маңызды оқиға болды. Б.э. ІІ ғасырдың аяғы – ІІІ ғ. басында олар Башқортстан мен жоғары Кама маңына еніп, бахмутин, Кушнаренковск, Харинск ескерткіштерін қалдырған. Олардың бір бөлігі Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орман далаларына сіңіп, жергілікті халықпен араласып кетеді. .....
Шіркін, ауылдың қыстауын, жаз жайлауын айтсайшы. Қаладағы машиналар мен зауыттардың будақтаған түтіне тұншыққан ауасынан жусан иісі аңқыған ауылым артық. Иә, мен ауылдың таза ауасын,ағарғанның дауасын, сылдырап аққан бұлағын, жағасында жайқалып өскен құрағын, қырында қашқан қу түлкісін, әпкелерім мен жеңгелерімнің күміс күлкісін, әке мен ағаның қадір-қасиетін сезініп, бар жақсылығын бойыма жиып өстім.
Әлі есімде, апам қалаға барып келген сайын айтатын: «Жүрегім қысылып келдім, ауасы басымды ауыртты», - деп. Ал мен болсам түсінбейтінмін. Неге? Неге ылғи апам қалаға барып, шаршап-шалдығып келеді деп ойлаушы ем. Бірде сәті түсіп мені апам қаладағы ағамның үйіне жіберді. Қалаға баратын автобусқа мінген сәттен-ақ бір түрлі,ауылға деген қимас сезімім оянғандай болды. Қаладағы ағамның үйіне де жеттім. Мүлдем басқаша, тіпті қала тұрғыны мен дала тұрғынының арасында үлкен айырмашылық бар екен. .....
Тәуелсіздік - барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық.
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ – отаншыл халық. Қазақтың отаншыл жүрегі – өрлік пен намысқа, ерлік пен жауынгерлікке толы, «Құлқынның құлы болма, отанның ұлы бол», «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне», - деп айтуы осыдан. Отан – табиғи, тарихи, әлеуметтік, саяси, мәдени орта, адам баласының тіршілігінің негізі. Әр халықтың өз Отанын сүюі - заңдылық. Егер біз пендешілік жасамай, өз ұлтымызды «елден ерек, көптен бөлек» деп қарамай, оны адам баласының құрамды бөлігінде қарап, басқа ұлтқа өгейлік көрсетпесек, отансүйгіштік, ұлтжандылық, жасампаздық қасиетімен жарқырай түсер едік. Қазақ халқының Отаны, туып-өскен, кіндік қаны тамған басқа қазақстандықтардың Отаны - Қазақстан. Оның үстіне Қазақстан – қазақ халқының ата мекені. Ұлттық патриотизммен Қазақстанды өз Отаны санаған басқа ұлт өкілдерінің патриотизмі бір арнаға қосылып, бүкіл қазақстандық патриотизмді құрайды. Біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік біздің халыққа тегін келмеді. Талай ұрпақ зар жылап, жапа шекті, өмірлері өксікпен өтті. Тәуелсіз Қазақстан...Қандай ұлы ұғым. Жаныңды жадыратып, көңіліңді көтереді. Отансүйгіш ұрпақ сол тәуелсіздікті баянды етуге қызмет етуі керек. Ең алдымен еліміз саяси тәуелсіздік жариялады. Біз тәуелсіз елміз. Тарихқа уақыт қас-қағымдай. Өйткені ғасырларды құшақтап, аясына алған уақыт талай халықтың, талай ұлы империялардың тәуелсіздігін көрген... Солай бола тұрса да, бізге біздің өз тәуелсіздігіміз қымбат. Ол бізге қымбат – ата-бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат-сөнген мемлекетіміздің отын маздатып,жандырғаны үшін! Ол бізге қымбат – елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат – ата-тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз-қатар тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! «Тәуелсіздік» деген – жай термин сөз емес. Тәуелсіздік, шын мәнінде, ауқымды да терең құбылыс. Ол ең алдымен саяси тәуелсіздік.
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы Благовещенка селосы «Благовещенка №2 орта мектебі» КММ Кітапханашы: Каменова Айгүміс Қайсақызы
Кіріспе 2050 даму стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасы алдыңғы қатарлы мемлекетерінің қатарына қосылу мақсат қойып отыр. Мақсатқа жету үшін 2050 саратегиясың барлық бөлімдерінде соның ішінде қаржы нарығында, банктік секторда реформаларды жүзеге асыра жете аламыз. Банктік жүйе-нарық эканомикасының ең қажетті және бөлінбейтін құрлымы. Банктер қаржылық делдалдар есебінде шаруашылықтардың қаржысын, халықтың сақтаған ақшалары мен шаруашылық әрекеті негізінде босайтын ақша құралдарын тартып, оны уақытша несие алушыларға береді, ақша есептеулері мен экономикаға қажетті өзге де түрлі қызметтерді жүзеге асырады, сол арқылы өндіріс тиімділігіне оңды әсерін тигізеді.....
Әкем кешке үйге шаршап келетін. Мен күні бойы үйде отыра беріп жалығып, оның келуін сабырсыздықпен күтетін едім. Ол есіктен кіруімен-ақ алдынан жүгіріп шығып, құшақтап, онымен ойнағым келетін. Әкем құшақтап, сүйіп: «Қане бөлмеңе бар енді» дейтін. Амал жоғынан басым салбырап бөлмеме беттейтін едім. Әкем артымнан: «Кезінде біздің бөлмеміз де жоқ еді. Мұның барлық нәрсесі бар, тағы не керек түсінбеймін»деп айқайлайтын. Бір күні, үндеместен жүретін болсам әкеммен жақсы түсінісетінімізді аңғардым. Бұл жолы үндемей істей алатын ойындар ойнай бастадым. Алдымен сурет сала бастадым. Әкем салған суреттерімді ұнатып: «Міне осылай тыныш отырып ойнасаң болады екен ғой!» дейтін. Бұдан бұлай ашуланып, бөлмеме қумайтын болды. ......
Кіріспе 1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары өріс алған қоғамдағы келеңсіз жағдайлар батысқа еліктеу, жастарымыздың рухани дүниесінің әлсіреуіне әкелді. Қазіргі таңда көптеген ақпараттарды теледидардан, интернеттен және т. б. алады. Ол жастарымыздың санасын улап жатыр. Сондықтан осы уланған сананы дұрыстау, жақсы тәрбие беру жастарымызға Ислам құндылықтары көп пайдасын тигізеді. Сондықтан Ислам құндылықтары қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Өтпелі дәуірдің тар құрсауынан шығу үшін тек экономикалық өзгерістерге иек арту жеткіліксіз. Ол үшін адам санасын да күрт өзгерту қажет. Жоғары жақтан келетін нұсқауға негізделген менталитетте (ділде) таңдау да, шешім де, шығармашылық пен жасампаздық та жоқ. Авторитарлық әкімшілдік қоғам тұлғасыз қалады, руханилықты (шайтан өрнек) идеология ауыстырады. Осыдан әлеуметтік өмірдің түрлі қырлары тұманданып, өктемдік саясат, бюрократтық жүйе, таптық принцип өз үстемдігін жүргізеді. Міне осы мәселелерге, әсіресе ұлттық санаға байланысты ұлт құндылықтарына тікелей қатысы бар дүниелер атүсті қарастырылып, жеткілікті дәрежеде назар аударылмай келеді. Мұның барлығы тіліміз бен дінімізден қол үзуге, ой-санамыздың өзгеруіне, тіпті мәңгүрттене бастауымызға, ұлттық тәрбиенің өзіндік нәрін жоғалтуға алып келді. Ал, қазір егемендік алып, өткеніне оралып, жоғалтқанын қайта тауып, көнергенін жаңартып, ХХІ-ғасырда “өзге дамушы елдер үшін үлгі боларлықтай” дәрежедегі Орталық Азия Барысына айналғалы отырған Қазақстан үшін өткен тарихын ой көзімен бір шолып қарап, өз тарихындағы пайдалы дүниелерді қажетіне жарату, жаңғырту қажеттігі туып отыр. Өткеннің озық философиялық дәстүрін оқып-үйренудің тарихымызды тануға, қоғамдық сананың даму заңдылықтарын білуде, қазіргі философиялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде, оларды жүзеге асыруда, ұлт менталитетінің қалыптасуында маңызы зор болмақшы. Өйткені елдің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешімін табу үшін де алыс-жақындағы мемлекеттердің бізді танығаны, сыйлағаны керек. Ал осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың сенімді жолы - тағылымды тарихтың, озық ғылымның, өрелі мәдениеттің иесі болу. Ал, ислам құндылықтарының қазақтың тарихы мен мәдениетімен тамырластығы, сабақтастығы дау тудырмайтын ақиқат. Бұған қазақтың бүкіл әдет-ғүрыпы, салт-дәстүрі, қанатты ойлар, адамгершілік, ізгілік, имандылық идеяларының өзінің түпкі тамырын сақтап, мұсылмандық құндылықтармен үндестігі және бар болмысымен соған негізделгені дәлел. Ислам құндылықтары өзінің ізгілік пен әділеттілікке, адамдардың теңдігі мен бостандықтарына басты назар аударатындығымен, қарапайым, сонымен бірге терең сырлылығымен, және әмбебаптығымен, мәдени-этикалық идеяларының жүйелілігімен, өміршеңдігімен дараланады. Егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғамдық-тарихи әлеуметтік саяси жағдайларға байланысты болып жатқан өзгерістер барысында туындап жататын қайшылықтарды шешу, өз жолын, өз идеяларын нақтылау мен дамыту, дүниетанымдық қағидаларымызды айқындау, ұлттық сананың өсуі, халықтың рухани бастауларына көңіл аударуы және үзіліп қалған идеялық жалғастылықты іздеу, толықтыру, жаңа қоғамдағы жеке адамдардың нақтылы әрекеттері мен қоғамдық ойларын жаңылмай саралау кезінде Ислам құндылықтарын талдау, оның жалпыға ортақ рухани маңызды, өміршең идеяларын айқындап көрсету Қазақстан қоғамы үшін өзекті де қажетті толықтыру болмақ. Исламның қоғамдағы рухани-мәдени құндылықтарын қазіргі маңыздылығын зерттеудің қажеттігін осыған тірейміз.....