Шаруашылықтағы гинекологиялық аурулардын таралуын болдырмау малдың жалпы жағдайынан басқа оның көбею, өсіп-өну органдарының физиологиясы мен анатомиясы, патологиясы жөнінен терең білімі болмай мұндай табыстарға қол жеткізу мүмкін емес. Гинекологиялық аурулар малдың қысыр қалуының бірден-бір себебі болып табылады. Аналық малды бағып-күтудің ережелерін дұрыс сақтап, оны ғылыми тұрғыдан азықтандырып, организмдегі болатын физиологиялық-биологиялық процестерді дұрыс пайдаланып отырса, озық тәжіребие көрсеткендей әрбір 100 сиыр мен құнажыннан жыл сайын 100 аса бұзау және жоғары сапалы өнім алуға болады. Бағып күтудің ережелерін сақтамай, жануарлардың рационың дұрыс құрмай, мал тұқымын асылдандыру мақсатында оның физиологиялық-биологиялық мүмкіндіктерін бағаламай қалай болса, солай малды пайдаланса, төменде келтірілген гинекологиялық ауруларға мал басының шалдығуы мүмкін. Гинекологиялық аурулардың салдарынан мал бедеулікке ұшырауы әбден ықтимал. Ал, бедеулік мал басының көбеюіне кері фактор болып табылады. Міне осыдан шаруашылыққа гинекологиялық аурулардың тигізер экономикалық залалын баса айтуға болады.....
Алда келе жатқан жігіт француз кілтімен есік ашты. Оған ерген жас жігіт, табалдырықтан аттамас бұрын, әлденеге қолапайсызданып, жұлқа тартып, басындағы кепкасын қолына алды. Оның жұпыны шидем киімінен теңіз лебі аңқиды; кең холлға кірген кезде бұл жігіттің не қылса да берекесі қашайын деді. Кепкасын қайда қоярын білмей, қалтасына енді жытырғалы жатқанда серігі жайраңдап, өзімсініп, қолынан кепкасын ала қойған еді, оның бұл қылығы жігітке ұнап кетті. «Жағдайға түсінетін жақсы жігіт екен, тегі, ұятқа қалдырмас»,— деп ойлады ішінен.
Еденді жоғарылы-төмен теңіз теңселтіп тұрғандай ол найқалып, аяғын нығарлай басып, серігінің соңынан жүріп келеді. Алшаңдаған алпамсадай жігітке дағарадай бөлме тар көрінді — ол есіктің жақтауын иығыммен қағып кетер ме екем немесе каминнің үстінде тұрған жылтырауық-жарқырауықтарын ұшырып жіберем бе деп зәресі қалмады. Олай-бұлай орынсыз бұрыла бергендіктен, қайдағы жоқ бәлеге өзі бас болды. Рояль мен үстінде үйіліп көп кітап жатқан столдың арасынан алты адам еркін өтер еді, сол арадан әлденеге сасқалақтап, бір өзі әрең өтті. Соқталдай болып солбырайған екі қолын қоярға жер таппағандай. Бірде стол үстіндегі кітаптарды қағып кетем-ау деп, үріккен аттай орғып түскенде, рояльдің түбіндегі орындықты құлатып кете жаздады. Ол алдында алаңсыз еркін жүріп келе жатқан серігіне қарап, өзінің арпыл-тарпыл жүрісін ерсі көрді. Екі беті оттай дуылдап кетті. Маңдайынан шып-шып тер шықты, сәл кідіріп, орамалымен күнге күйген қоңырқай бетінің терін сүртті.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Mathcad бағдарламасын зерттеп, бағдарламаның мүмкіндіктерін көрсету әрі бағдарламаны информатика, физика, математика пәндерінде оқытудың маңызын таныту. Гипотезасы: Қазақстан 2050 стратегиясын іске асыру үшін, мемлекетіміздің әрбір азаматы инновациялық технологияларды толық меңгеріп, күнделікті өміріне енгізуі керек. Зерттеу кезеңдері: Mathcad туралы жалпы мәлімет Mathcad – тың қарапайым құрылымы Mathcad көмегімен физика – математикалық есептеулер жүргізу Эксперимент әдісі: кітапханамен, ғаламтормен, информатика пәніне арналған журналдармен жұмыс. Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: еліміздегі ақпараттық – коммуникациялық технология құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіру. Эксперименттің қолдану аясы:: жасалған жұмысты мектеп бағдарламасына енгізу үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне ұсынуға болады. Зерттеу нәтижесі мен қорытынды: Mathcad бағдарламасының пайдасы дәлелденіп, мектеп бағдарламасында қолдану аясы көрсетілді. Зерттеу барысында маңызды ойлар түйінделіп, ұсыныстар мен шешу жолдары көрсетілді......