Реферат: Биология | Хромосомалық аурулар

Хромосомалық аурулар – хромосомалар құрылымының немесе санының өзгерісімен сипатталатын тұқымқуалайтын аурулар. Х.а-дың жиілігі жаңа туған нәрестелерге шаққанда шамамен 1%. Көптеген хромосомалық өзгерістер өмірсүргіштікпен сәйкес келмейді, және өлі туылыу мен спонтанды аборттардың негізгі себебі болады. Спонтанды аборттардың 20%-ға жуығында кариотиптерінде аномалия болды. Хромосома санының өзгеруі мейоздық бөліну кезінде олардың ажырамау нәтижесінде немесе ұрықтанған жұмыртқаклетканың ерте даму кезеңінде бөлінуінің бұзылысынан туындайды (қ.мейоз, митоз). Х.а-ды тудыратын хромосомалық аберрациялар физикалық (иондық сәулелер), химиялық (дәрі-дәрмектер, әртүрлі мутагенді препараттар), вирустық (вирусты гепатит, қызамық, қарамық және т.б.), факторлардың әсерінен пайда болады. Х.а. генетикалық материалдың әртүрлі өзгерісімен, полисомия (бір немесе бірнеше қосымша хромосомалардың болуы, полиплоидия, дупликация), .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Фитопрепараттарды қолдану арқылы қозылардың диспепсиясын емдеу

1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы
Республикамызда қой шаруашылығы мал шаруашылығының дәстүрлі және негізгі саласы болып табылады. Қойларда өнімділікті арттырудың басты жолы – мал басын көбейту десек, одан алынатын төлді аман сақтау маңызды болады.
«Диспепсия» деген атау тура мағынасында ас қорытудың бұзылуы (грек. Dyspepsia dys – бұзылу, жойылу; pepsis – қорыту) дегенді білдіреді. Бұл терминді 1875 жылы, жаңа туылған төл өлексесін сойып-зерттеу кезінде айқын білінетін макроскопиялық өзгерістерді белгілеу мүмкін болмаған кезде қолдану арқылы, алғашқы болып австриялық дәрігер Видерегофер енгізді. Ол аталған аурудың негізінде ас қорыту үрдістерінің бұзылуы жататындығын және таза функциональдық сипатын болжап берді. Дегенмен, бұл концепция кейін теріске шығарылса да, терминнің өзі жаңа туылған нәрестелер, төлдер және құстар аурулары бойынша мамандардың арасында кеңінен қолданысқа ие болды[1].
Қозылар диспепсиясы барлық жерлерде таралған және де ірілендірілген шаруашылықтарда көптеп кездеседі. Жалпы диспепсиямен үй малдарының барлық түрлерінің төлдері ауырады. Аурудың бұл түрінен келетін шығын мал басы санының кемуінен, төлдердің нашар болуынан, ауырып жазылған малдардың бордақылаудың қымбатқа түсуінен, ауру төлдерді емдеуге жұмсалған шығынның қайтымсыздығынан құралады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты ұсыну формалары (9 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Дүниежүзі елдері
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты ұсыну формалары
Оқу мақсаттары: 9.6.1.5 Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты түрлі мақсатты аудиториялар үшін дайындайды
Сабақтың мақсаты: Оқушылар кешенді географиялық ақпараттарды жіктеп,
Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты дайындайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Мамандық бұл сіздің өміріңіз


«Өскенде кім болғың келеді?» –бұл ересектердің кішілерге қоятын сауалдарының бірі. Міне, сіздің де мамандықты таңдау барысында дұрыс таңдау жасау және қателеспеудің маңызын білуіңіз қажет. Адамның ғұмырлық мақсатының өлшемінің бір сатысы ретінде мамандықты қарастырайық.

Өз мамандығыңызды таңдар алдында қандай мамандықтар бар екендігін және олардың сіз үшін және қоғам үшін қандай пайдасы мен маңызы бар екендігін біліп алған жөн. Мамандық жайлы толық түсінік алу үшін: «Маман иесі не істейді?», «Оның қызметінің нәтижесі неге алып келеді?», «Маман иесі қандай жағдайда жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап табу керек.

Біздің өмірде неге қол жеткізгіміз келетіні туралы түсініктің өзі біздің арманымызға жетуге мүмкіндік береді. Мамандық таңдаудағы ең тиімді тәсілдерінің бірі- демалыс уақыттарында кәсіптік тәжірбиеден өту. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Жұмбақ есептер

Ғылыми жұмыстың міндеті: ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, шығармашылығы дамыған, шешен, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру
Жас ұрпақты сапалы да саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан – жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты – математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.
Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан – ақ математикалық білімді ғылымдықтың жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған.
Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады;
Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және шыңдай түседі......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 5-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 5-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.
Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады;
Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Бата-тілек: Жас жұбайларға бата

Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін,
Жылулы отбастарыңа
Сәбидің шаттық үнін берсін!

Пейілдерің тарылмасын,
Есіктерің жабылмасын,
Шаршап - шалдыққандар
Төрлеріңде дамылдасын!

Көлденең кеселден сақтасын,
Күңкіл өсектен сақтасын,
Дау - жанжалдан сақтасын,
Достан көңіл қалғаннан сақтасын!....
Баталар
Толық
0 0