Дипломдық жұмыс: 3510кВ трансформаторлық қосалқы станциясының кеңейтілуі

Кіріспе
Соңғы жылдары кіші және орта кәсіпорындардың саны және электр
жүктемесі өсіуне байланысты, электрмен жабдықтаудың сенімділігіне қойылатын талаптардың деңгейі өсті.
Осыған байланысты, кәзіргі уақытта трансформаторлық қосалқы
станциялардың көбісі қажетті электр қуатын өткізе алмайды және олардың беріп жатқан электр энергиясының сапасы заманның талабына сай емес.
Жоғарыда айтылғанға байланысты бұл дипломдық жобада Алматы
облысы Еңбекші қаақ ауданының қыстағының 35/10 кВ
трансформаторлық қосалқы станциясын (ҚС) кеңейту мәселелерін
қарастырып электрмен жабдықтау сенімділігін көтеру мәселесі қойылған.
Ұсынылып отырған жобаның тақырыбы «Энергиямен қамтамасыз
ету және автоматтандыру» кафедрасында қарастырылып жобалауға
ұсынылған.
Диплом жұмысын орындау үшін диплом практикасында жинаған
материалдар, сұлбалар, кұрылғылардың сипаттамалары мен параметрлері және басқада керек ақпараттар пайдаланылған.
Дипломның құрылымын жасаған кезде ауылшаруашылығын электрмен
жабдықтау бойынша дипломдық жобаны орындауға арналған бірнеше жоғарғы оқу орындарының әдістемелік ұсыныстары қолданылған.
Жобаның тақырыбы қазіргі талаптарға сай,мүмкіндігінше ауыл шаруашылығының көкейтесті проблемаларын шешуге бағытталған.
Дипломдық жобада 35/10 кВ трансформаторлық қосалқы станциясының кеңейтілуіне байланысты дипломның негізгі бөліктері электр жүктемесінің есебіне,кернеудің ауытқуын табуға, трансформатордың типін таңдауға, қысқатұйықталу тогының есебін шығаруға, электр қондырғыларын таңдауға және релелік сұлбаларды құрастыруға арналған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Агрономия | Алматы облысы Қарсай ауданы жағдайында алдыңғы дақылдың күздік бидайдың өнімі мен сапасына әсері

КІРІСПЕ


Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытудың басымды бағыттарының бірі - өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан республикада әрбір тағам түрлерінен қауіпсіздік жасауда олардың өндіріс резервіне және өсіру технологияларына үлкен мән беріледі.
Нан өнімдерінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жетекші орын күздік бидайдың үлесіне тиеді. Бүгінгі таңда астық өндірісін қарқындатудағы басты резервтердің бірі – күздік бидайды инновациялық технологиямен өсіру арқылы дән өнімділігін және оның сапасын жоғарылату.
Сондықтан аталған мақсатты жүзеге асырудың бірден-бір жолы, күздік бидайдың жергілікті жағдайға бейімделген жаңа сорттарын аудандастыру және олардың сорттық технологияларын жасау.
Соңғы жылдары республика танаптарында жиырмадан астам күздік бидай сорттары себіліп жүр, солардың 50% жергілікті селекция сорттары. Сондықтан, перспективалы күздік бидай сорттарын әртараптандыру аясында өндіріске кеңінен енгізу арқылы стратегиялық маңызды азық-түлік түрінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Әсіресе, халық тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысында нан өнімдерінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі күн талабы.
Осындай өзекті мәселені жүзеге асыру үшін Жамбыл облысы Қордай ауданы жағдайында өндірістік тәжірибе қойылып, күздік бидайдың перспективалы жергілікті сорттары шаруашылықтық құнды белгілері бойынша өзара сыналды. Өндірістік тәжірибенің мақсаты күздік бидай сорттарын өсіру арқылы өңірде астық өнідірісін қарқындату. Тәжірибе жүргізілген Қордай ауданы облыстың егіншілікпен айналысатын ірі өңірі. Ауданның топырақ-климат жағдайлары және су ресурстары ауылшаруашылығы дақылдарын тәлімі және суармалы егіншілікте өсіруге қолайлы. Осыған байланысты, аудан шаруашылықтары жылма-жыл екпе дақылдарының егіс көлемін ұлғайтып, түсімін арттыруда.
Егер ауданда бүгінгі таңда күздік бидайдың 2-3 сорты өсіріліп жүрсе, оларды перспективалы сорттармен толықтыру арқылы дән өнімділігін арттыруға және сапасын жоғарылатуға мүмкіндік бар. Жоғары өнімді қарқынды күздік бидай сорттары қатарына Жетісу, Стекловидная 24, Южная 12 және Алмалы сорттарын жатқызуға болады.
Сорттардың потенциалды өнімділігі жоғары 70 ц/га дейін сапалы дән қалыптастыра алады. Сондықтан, перспективалы сорттарды өндіріске енгізу және олардың прогрессивтік технологияларын жасау арқылы астық өндірісін қарқындатуға үлес қосу болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
1 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздер

Зерттеу мақсаты: ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан - жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын – ақыл, ар, ерік - жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл ойлардың әрісі Абайдың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», берісі Мұстафа Шоқайдың «ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қағидаларымен сабақтасып жатыр. Осы мақсатта еліміздегі өршіп тұрған тіл мен дін мәселесін шешу үшін ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Жат діннің жетегінде кеткенше, ұрпағымыз ел үшін қызмет атқару қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Технология | Тағамдық құндылығы жоғары нан тоқаш өнімдерінің рецептурасын құру және сапасын анықтау

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде күнделікті халықтың тамақтану рационы бұзылғаны басты мәселелердің бірі. Тұтынатын күнделікті тағамдарымызда дәрумендер, белок, тағамдық талшықтар, макро және микронитруенттердің жетіспеушілігі асқазан - ішек және де басқа да денсаулыққа қауіпті аурулардың өсуіне әкеліп соғуда. Күнделікті уақытылы дұрыс тамақтану адам организмінің қарапайым (суық тиу, асқазан ішек арурлары) және созылмалы аурулардың алдын алуға иммунитеттің көтерілуіне көмектеседі.
Hан - тоқаш өнімдері тағам өндірісінде ең басты орынды алатыны барлығымызға белгілі. Осыған орай еліміздегі тағамтану саласындағы мамандырымыз нан – тоқаш өнімдерінің құрамын адам организіміне қажетті ақуыз, дәрумендермен, минералдық заттармен байытуда елеулі жұмыстар атқарып жатыр және нан өнімдеріне деген сұраныс көп. Нан негізінен калорияның, ақуыздың, витаминдердің және минералдық заттардың тамаша көзі болып табылады және қоректік заттардың мөлшері бойынша адамның тәуліктік рационының үштен бір бөлігін құрайды, сонымен қатар нан ең арзан және қолжетімді өнім болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0