Ғылыми жұмыс (жоба): Химия | Тез дайындалған тағамдар мен күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамы мен адам ағзасына әкелер зияны

Тақырыбы: Тез дайындалған тағамдар мен күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамы мен адам ағзасына әкелер зияны

Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде. Тез дайындалатын тағам асмәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты «фри», картопты чипстер, ход-дог және сусындардың қатарына: «Кока - кола», «Пепси», «Фанта», «Меринда», «Сэвен - Ап», «Спрайт» және т.б. кіреді. Тәтті газдалған сусындар. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында: көп теген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусындарда құрамында тағы химиялық қоспалардың .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Өзін өзі тану | Өзін өзі жетілдіре алатын бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі оқыту технологияларының тиімділігі

Өзін-өзі жетілдіре алатын бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі оқыту технологияларының тиімділігі
Жоспары:
I. Кіріспе
Оқушының белсенділігін арттырудағы жасалған жұмыстың жаңа технологиямен байланысы

II. Негізгі бөлім
«Өзін -өзі жетілдіру» әдісіне қойылатын басты талаптар

«Өзін-өзі жетілдіру» әдісін өз тәжірибемде қолдана білу ерекшеліктерім
III. Қорытынды бөлім
Нәтижелерге сараптама
I. Кіріспе
Оқушының белсенділігін арттырудағы жасалған жұмыстың жаңа
технологиямен байланысы
- Зерттеудің көкейкестілігі: Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік,
экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Дене шынықтыру | Иілгіштік дене қасиеттерін оқыту әдістемесінде ұғымдар негізі

Жаттығу құрамына кіретін қимылды немесе дене қалпын атау үшін арнайы терминдерді білу қажет. Арнайы терминологияның болуы жаттығуларды үйрету барысын жақсартуға , сабақ берудің үздік тәжірибелерін қорытындылауға ілімі мен әдістерін жете зерттеуге , жас мамандарға тәжірибе беруге мүмкіндік береді.
Терминдерге қойылатын талаптар:1) қолайлығы: терминдер анна тілінің сөздік құрамы негізінде, сонымен қатар басқа тілдерден алынған сөздерді пайдалана отырып құралуға тиісті; 2) дәлдігі: термин көзделген бір қимыл (жаттығу) немесе ұғым туралы дұрыс түсінік алып, оны тез меңгеріп кетуге зор ықпал етеді; 3) ықшамдылығы: қысқа терминдер орынды, айтуға ыңғайлы болады. Сол үшін де ждаттығулардың аталуын және жазылуын жеңілдететін қысқарту ережелері қолданылады.
Әуелі дене қалпының нақты бір тобын анықтайтын негізгі терминді көрсету керек, содан соң қимыл ерекшеліктерін нақтылайтын қосымша терминдер көрсетіледі. Кез келген терминнің қимылды орындаудың нақты техникасын білдіретінін ұмытпаған жөн, ал қимылды дәстүрлі орындаудан ауытқыған жағдайда қосымша түсініктеме беру қажет. Мысалы, «Қолдарды екі жаққа созу» термині қолдардың тік созылуын, алақанның төменге қаратылуын, саусақтардың біріктірілуін білдіреді. Егер бұдан өзгеше қалыпты атар болсақ, оны нақтылай түсу керек: «Қолдарды екі жаққа алақандарды жоғары қаратып, саусақтардың арасын ашып созу». Бірнеше дене бөліктерін бір мезгілде қимылға қосу қажет болған жағдайда оларды төменнен жоғары қарай атау дәстүрге айналған.
Егер қимыл қысқа жолмен орындалатын болса, онда тек соңғы қалыпты ғана атауға болады.Ал егер қимыл күрделірек жолмен орындалатын болса, қимылды нақтылап, оның бағытын анықтайтын қосымша терминдер қолданылады. Мысалы, «Қолдарды доға жасай алға созып барып, екі жаққа жаю». Бұл қолдардың әіуелі алға жылжып, содан кейін барып екі жаққа созылған қалыпқа келетінін білдіреді. Көптеген қимылдарды белгілеу кезінде оларды орындау тәслін көрсетуге тура келеді, мысалы: «Бір қадам оңға, аяқ арасы ашық» немесе «Секіру, аяқ бірге».
Жалпы дамыту жаттығуларда қолданылатын негізгі дене қалыптарының жалпыға ортақ терминдері мыналар ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Абай қара сөздеріндегі ар ұят және адамгершілік мәселесі

Осы зерттеу жоба Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі адамгершілік пен ар – ұят мәселесін қазіргі жас ұрпақ бойында қалай қалыптасқанын, оны қалай түсінетіндіктерін, қандай жерлерде қолдану керек екендігін табуға байланысты.
Мақсаты:
Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар – ұят мәселесін іздеу.
Міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.
2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі ар – ұят, адамгершілік туралы мәселені ашып көрсету.
3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.
Гипотеза: Егер аға буын және отбасы жас буынның тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса, қазіргі жастардың адамгершілік рухы жоғары болады.
Зерттеу әдістері: сауалнама жүргізу, жағдаяттарды шешу және қорытынды шығару, ар – ұятты суреттеу, ұят туралы ұрпақтар сабақтастығы.
Объектісі: Абайдың отыз алтыншы қара сөзі
Зертеу пәні: Адамгершілік пен ар – ұят.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы

Абстракт (аннотация)
Зерттеудің мақсаты: Әріптер мен әліпбидің шығу тарихын зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
 Әріптердің қолданысқа еңуін қарастыру;
 Қазақ әліппесінің атасы А.Байтұрсынұлы;
 Латын әліпбиіне көшу заман талабы;
 Зерттеу жұмысына сүйене отырып, ұсыныс жасай алу;
Зерттеу жұмысының болжамы:
Егер «Әріптер мен әліпбидің шығу тарихы» тақырыбына байланысты пікірімді толық жеткізе алсам, оны әрі қарай толықтырып, жұмыс жүргіземін деп ойлаймын. Әділ қазылар ғылыми жұмысымды құнды .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Дидактикалық ойындар

Зерттеудің көкейкестілігі:
Мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет дидактикалық ойын болып есептелінеді. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз емес немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Дидактикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Сабақта дидактикалық ойын элементтерін қолдану немесе сабақты толықтай ойын түрінде өткізу тәрбиешіден аса білікпен шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Сондықтан оларды оқу мазмұнындағы ойындарға үлкен жауапкершілік және сақтықпен қарау талап етіледі.
Бұдан шығатын қорытынды мақсаты дұрыс таңдалып, сауатты түрде ұйымдастырылған ойын ғана бала логикалық қабілетінің, білімінің дамуына жағдай жасайды.
Ойын әрекетін бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы Ж. Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш. Құдайбердіұлы сияқты қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады.
Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың қимыл – қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымын дамытып, өрістетіп отырады деп санаған.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің биылғы халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сиақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Математика | Математикадан білім беру

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.
Қазіргі кезде елімізде өтіп жатқан окытудың мазмұны мен әдістерін қайта құру кезеңінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын шынайы тексеру және оларға дидактикалық сипаттама беру көкейтесті проблемалардың біріне айналып отыр. Кез-келген адамға білім беруді бастаудан бұрын оның білім деңгейіне диагностика жасап, анықтап алу заңды құбылыс. Себебі дидактикалық диагностика оқытушыға нені және қалай оқыту керектігіне жол сілтейді, әрбір білім алушының деңгейлік сипаттамасын көрсетеді. Балалардың білім деңгейін саралап алмайынша ешбір дифференциалдық оқыту іске асырыла алмайды. Білім берудің әрбір кезеңінен, тіпті сабақтың әрбір кезеңінен екінші кезеңіне өтуде алынған білім, білік, дағдылар мен шығармашылық қабілеттерді, ойлау мүмкіндіктерін тексеріп алмайынша білім берудің ары қарай жүзеге асырылуы мумкін емес. Сондықтан, математикадағы тексеру жұмыстарының маңыздылығы алғашқы оқуды бастайтын кезден көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0