Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі балаларды жан - жақты тәрбиелеу

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – адам сезімін тәрбиелеуден, экологиялық сананы қалыптастырудан шығады. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру көп сатылы үрдіс.
Н.С.Дежникова экологиялық мәдениетті қалыптастыру балалардың рухани дамуына дамуына әсер ететін, олардың экологиялық көзқарастарын қалыптатыратын біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Оның ойынша, экологиялық тәрбиенің деңгейін ересек топ балаларының қоршаған ортаға деген құнды көзқарастары туралы қалыптасқан білім жүйелерімен анықталады.Ересек топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру отбасы мен балабақшадан нәр алып, дамуы керек.
Зерттеудің мақсаты:
Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізгі мақсаттарының бірі – ересек топ балаларының экологиялық санасын көтеру, ақыл-ой қабілетін дамыту. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында экологияның қай дәрежеде тиянақтылығын бағалау және оны дамыту.
Зерттеудің міндеті:
-Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жөнінде білім деңгейін көтеру;
- Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық білімін дамыту және шоғырландыру;....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Көкпар

Қыстыгүні ойналып жатқан көкпар
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойын атауының шығу тегіне байланысты бірнеше нұсқалар бар: “көк бөрі” немесе "көк бөрте". Тағы бір нұсқасында "көкпар" сөзіндегі "пар" бөлшегі паршалау, пәрелеу деген сөздерден шыққандығы айтылады.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.

Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз тілінде "көк бөрү", “улак тартыш (тартуу)”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған.

Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары №1 (8 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Экономикалық география
Сабақ тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.5.3.1 өндіруші және өңдеуші, қызмет саласы шаруашылық түрлерін жіктейді
Сабақ мақсаттары: Шаруашылықтың түрлерін білу
Өндіруші салаларды анықтай алу
Өңдеуші салаларды анықтай алу
Қызмет көрсету салаларын анықтай алу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері (7 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Гидросфера
Сабақ тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды
Сабақ мақсаттары: Мұхит суының тұздылығына сипаттама жасайды
Мұхит суының температурасына сипаттама жасайды.
Оқушылар атлас картаны қолдана отырып мұхит суының қасиеттерінің таралуы бойынша талдайды. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Физика (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

«Физика» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
9 сынып

Мазмұны

1-тоқсан
«Кинематика негіздері» бөлімі
«Астрономия негіздері» бөлімі

2-тоқсан
«Динамика негіздері» бөлімі

3-тоқсан
«Сақталу заңдары» бөлімі
«Тербелістер және толқындар» бөлімі

4-тоқсан
«Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар» бөлімі
«Атом ядросы» бөлімі
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Тақпақ: Ақын болам

Ақын болам өскенде
Әлі талай уақыт бар.
Өлеңдерді жазамын,
Өскен кезде әсерлі
Ақындардың өмірі,
Болады әсем жырлармен.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Шығарма: Көктем

Көктем-жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Қыс мезгілінен кейін көктем келеді. Көктемде 22-наурыздан, табиғаттың жандануымен басталады. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді. Жауын-шашын мол жауады. Соның......
Шығармалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Білім беру жүйесіндегі гендерлік тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Қазіргі замандағы қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер тұлғалардың гендерлік сипаттамаларын өзгертуде. Бұрын әдетті болған дәстүрлі еркектік қасиеттер мен әйелдік қасиеттердің өзгеріп, аралас типтегі андрогинді тұлғалардың қалыптасуы орын алуда. Бұл қазіргі заман талаптарына, адамның тіршілік әрекетінің өзгеруіне байланысты еркектерде феминдік қасиеттер мен әйелдерде маскулиндік қасиеттердің байқалуынан көрініс табады.
Ең алғаш гендер теориясы осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын әлеуметтік ғылымдарда пайда болған. Оның ең басты зерттеу мәселелерінің бірі - гендер және жыныс түсініктерінің айырмашылығы. Жыныс - адамның биологиялық, физиологиялық құрылысын білдіреді. Гендер дегеніміз - әйелдер мен еркектердің әлеуметтік рольдерінің арасындағы айырмашылықтарды және ортаның адамдардың биологиялық және жыныстарының негізінде қойған ұйғарымдарынан туған қылықтар мен эмоционалдық мінездемелерінің арасындағы айырмашылықтарды білдіреді. Гендер - ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қытыеасты айқындайтын, олардың әлеуметтік психологиялық және мәдени нормалары мен рольдерінің жиынтығы. GENDER сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді.
Гендерлік айырмашылықтардың негіздемелерінде иерархия жағы, оның түсіндіруі бойынша, маскулиндік, яғни, еркектік басымдық, ал феминдік, яғни, әйелдік бағыныштылық деп берілген. Нәтижесінде, әйелдер де, еркектер де гендерлік таптаурындардың (стереотиптердің) және мөлшер жүйесінің «құрбаны» болып қалады. Гендерлік зерттеулер мемлекет, жанұя, білім беру жүйесі, еңбекті қоғамдық бөлу механизмі, бұқаралық ақпарат құралы сияқты «салттық» рольдер мен мәдениеттік мөлшерді псиологиялық көзқарасты қалыптастыратын қоғамдық институттарды зерттеуге мүмкіндік береді. Білім беру жүйесіндегі саясатты әзірлеу барысында гендерлік тәсілдемені пайдалану гендерлік теңдік принциптерін ескеретін бағдарламалар саясатты және психологиялық білім беру жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Шетелдік психологтардың тәрбие жөніндегі әдебиет талдауы гендерді зерттеуде жас ерекшелік сипаттамаларды ескеру қажет екенін көрсетеді. Оқушылардың жас ерекшелік сипаттамаларының тұрғысында гендерлік білім беруді оқушылардың, студенттердің, ересектердің білім алуы ретінде қарастыруға болиды. Оқушылардың гендерлік сауаттандырылуы олардың әлеуметтену мәселелерін жүзеге асыруға көмектесуге бағытталған. Баланың ұл бала немесе қыз бала ретінде өзін-өзі сәйкестендіруі, демек, осылайша нақты әлеуметтік рольді қабылдауы оның негізгі бөлігі болып табылады. Студенттерге гендерлік білім беру мәселесі жастардың ересектік өмірге аяқ басуда кездесетін гендерлік таптауырындарды түсіндіруде және сол таптауырындарды жеңудің құралдарын бірігіп іздестіруде. Ересек адамдар білім беру қорған әлемде жүріп жатқан өзгерістерге ыңғайлануға және туындап отырған қиыншылықтармен күресуге көмектесіп, адаптациялық сипатқа ие.
Көп елдерде гендерлік білім беру жүйесі гендерлік теңдік мәселесіне ерекше көңіл бөледі, соның ықпалымен жыныстық белгілеріне және гендер жайында білім тарату мүмкіндіктеріне қарсы бағыттылған кемісітушулікті жою сияқты істерде үлкен нәтижеге жетті. Бұл тәсіл гендерлік принциптерін барлық білім беру жүйесі бағдарламалармен саясаттарды пайдалануға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталғандарды зерделей келе, біздің ұсынып отырған зерттеу жұмысымыз дер кезінде оырындалып отырған көкейкесті мәселе екендігі күмән тудырмайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0