Өмірбаян: Батырхан Шүкенов Қамалұлы (1962 - 2015)

Батырхан Қамалұлы Шүкенов (18 мамыр 1962, Қызылорда, Қазақ КСР, КСРО — 28 сәуір 2015[1], Мәскеу, Ресей) — қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, сазгер. 2000 ж. дейін A`Studio тобының құрамында өнер көрсетті. Алғаш танымалдылығы да сол топ арқылы келген.


Өмірбаяны
Батырхан Шүкенов 1962 жылдың 18 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келді. Отбасында Батырханнан басқа 2 ер бала мен қарындасы болды. Батырхан ата-анасының ортаншы ұлы еді. Әкесі — Қамал Шүкенұлы Шүкенов (1935—2011), 1970 жылдан 1998 жылға дейін Қызылорда облысының қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

1979 жылы Батырхан Қызылордадағы Островский атындағы № 233 орта мектепті аяқтады. Мектеп жылдарында музыка үйірмесіне қатысып, ал мектептен кейін бірден Ленинградтағы Н. К. Крупская атындағы мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түседі. Осы оқу орнында екі жыл саксофонның оркестрлік бөлімінде білім алады. Саксофонда ойнау сабақтарын Батырхан аты бүкіл әлемге белгілі музыканттар Геннадий Гольштейн мен Владимир Рабиктан алған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Шынар Асқарова Мұқанқызы (1972 жылы 12 қазан)

Шынар Мұқанқызы Асқарова (1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысында туған) — кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1994). Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (2008). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1993 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
Шынар Мұқанқызы 1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ақсауыт ауданында дүниеге келген.
1989 - 1993 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актерлік құрамында.
Қазақстанның бірнеше қалаларына гастрольдік сапарлармен барған.
Отандық телесериалдар мен көркем фильидерге түскен танымал актриса.
Бірнеше телебағдарламалардың тележүргізушісі. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Эссе: Қайырымдылық-игі іс

Қазіргі таңда қайырымдылық шараларын ұйымдастыру-өзекті мәселелердің бірі.Қазіргі заманда тұрмысы төмен,күнкөрістері нашар отбасылар баршылық.Біздің осы қаламыздың өзінде қазіргі қымбатшылықтың,жұмыссыздықтың салдарынан да мұндай жағдайлар қоғамда орын алып отыр.Кейбір жанұяларда көп балалы немесе әкесіз,анасыз жетім балалар киім жоқтықтан,тұрмысы төмен ақша жетіспеушілігінен мектепке барып,білім ала алмай,жыртық киіммен жүрген балалар да бар.Бұл бір жағынан баланың болашағына зиянын тигізеді.Осының салдарынан кейбір жасөспірім балалар өзінің тұрмыс-тіршілігінен,киімнің жоқтығынан басқалардан өзін төмен санап,арланып өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады.

Ересек адамдар мұндай тұрмысқа шыдай алмай ішімдікке салынып,ұрлық,қылмыс жасауға дейін барады.Қаншама балалар,үлкен адамдар ауырса да емделе алмай ауруы асқынып,шарасыздықтан көз жұмады.......
Эсселер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 3- сабақ Түбір сөз Сәулет туындыларын тамашалау (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: 3- сабақ. Түбір сөз. Сәулет туындыларын тамашалау.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттры (оқу бағдарламасына сілтіме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру
3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін/ жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы:
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарғажауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
• мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
Оқушылардың көбі:
• сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
• сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;
Оқушылардың кейбірі:
• тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды
• мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Қабылдаған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым

Адамгершілікке жүгіне отырып, нені болса да оң істесем, ол жан-тәнімді қанаттандырады. Демек, рухани құндылықтарды бойға сіңіру мақсатында қабылдаған дұрыс шешімдерімді - өмірлік ұстанымым деп білемін. "Болмасаң да, ұқсап бақ" дегендей, талпынсам, шарқ ұрсам, осы мақсат-мұратыма жетемін деген үміт оты сәуле береді. Жеті саны қасиетті, киелі екені мәлім. Соған орай, менің де жеті ұстанымым діттеген мақсатыма жетелеп, жетілдіріп, жеткізеді деген зор үмітпен қаланды.

Тарқатып айтар болсам, әуелгі ұстанымым - денсаулық. Тәңірдің берген аманатына қиянат жасамау. Денсаулығың сай болса, көңілің де жай болары анық. Денсаулық та - ғұмыр сияқты, адамға бір-ақ рет бұйыратын табиғат тартуы. Ендеше денсаулықтың қадірін жастан білу - азаматтық борышым деп білемін!

Екінші ұстанымым - білім. Білім - жанған шырақ! Шырағымыз еш сөнбесін! Буыным қатпай білім алсам, одан асқан байлық жоқ. Себебі, "жас кезде алынған білім - тасқа ойылған нақышпен тең!"

Үшінші ұстанымым - ар - ұят (абырой). Әрине, ұятты білу әркімге де тек пайда келтіреді. Ұяттың толық болғаны жақсы, себебі, ұят үнемі жақсылыққа бастап жүреді. Сол үшін де, ешқашан, еш жерде, еш нәрседен ұят болмауын қадағалаған жөн.

Төртінші ұстанымым - өзіме, өзгеге, өмірге деген сыйластық. Бұл - ең қымбат мирас. Өмірде өкініп қалмау үшін, көңілің пәк болу үшін сыйласып өткенге не жетсін!.....
Эсселер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Сары ауру

Сары ауру
Санитариялық ережелерді сақтамай дайындаған тағам өнімдері, сондай-ақ вирусты гепатит ауру адамдар дайындап, таратқан тағамдар да осы ауруға ұшыратады. Сары ауру адам организмін бүтіндей зақымдайды. Бірақ өзгерістер бауырда өтеді. Алғашқы үш аптада аурудың ещқандай белгілері білінбейді. Мұны жасырын инкубациялық кезең деп атайды. Зақымданған адамның асқа тәбеті нашарлайды, ішінің оң жағы және төс етегі тұсы ауырады, ішектің бұзылғандығы байқалады. Дәл осы кезеңде дәрігерге қаралу өте маңызды, дәрігер зерттеу .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Aлмaты қaлaсы iшкi сaудa объeктiлepiнe сaтуғa түскeн жылқы eтiн сaлыстыpмaлы түpдe вeтepинapиялық - сaнитapиялық бaғaлaу

1 КIPIСПE
1.1 Жұмыстың өзeктi мәсeлeлepi жәнe пpaктикaлық мaңыздылығы Қaзip жылқы шapуaшылығы – aуыл шapуaшылығындa бaсты сaлaлapдың бipi. Eгeмeндi eлiмiздe шapуaшылықтap тapaп жeкeшeлeндipу кeлгeлi aуылдың нeгiзгi күшi жылқыдa болып тұp [1].
Жылқы тaулы, шөл жәнe шөлeйт aудaндapдa нeгiзгi күш peтiндe пaйдaлaнып қaнa қоймaй eлiмiзгe жоғapы сaпaлы eт пeн сүт бepiп, aт споpтындaғы дa оpны бөлeк.
Peспубликaмыздa жылқы шapуaшылығын өpкeндeтудiң нeгiзгi мiндeтi оның сaнын көбeйту жәнe тұқымын aсылдaндыpу. Бұл үлкeн мiндeттi жылқы шapуaшылығындa iстeп жүpгeн тәжipибeсi мол мaмaндap жәнe көптeгeн жылқышылap жоғapы сaпaлы жaңa тұқымдap өсipу, оны дұpыс күтiп мәдeни түpдe бaғу әдiсiн қолдaну нeгiзiндe ғaнa оpындaуғa болaды. Жылқы өсipудe жәнe оның сaпaсын apттыpудa aйғыpғa aйpықшa көңiл бөлiп, олapғa сәйкeс aнaлықты дa тaңдaп aлғaн жөн. Aсыл тұқымды жылқы өсipiлeтiн зaуыттapдың нeгiзгi мaқсaты – aсыл тұқымды aйғыpлapды, биeлepдi толығынaн пaйдaлaнып, олapдaн aлынғaн тұқымдық жылқылapды кeлeшeктe хaлық шapуaшылығынa пaйдaлaнуғa бepу ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы аймақтарын дамыту мәселелері

Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.
Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебаб үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихы дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді.
Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда. Осы аталып өткен мәселелер курстық жұмыста қарастырылып отыр. Аймақтық саясаттың негізгі мақсаты – аймақтардың тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып табылады. Көздеген мақсатқа жету – мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көздейді.
Курстық жұмыстың мақсаты-аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, аймақтық саясаттың жасақталу барысын, оның жүзеге асыру бағыттарын, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің әдіс, тәсілдерін, аймақ экономикасын басқарудың бүгінгі күнгі өзекті мәселелері болып табылады. Осыған орай курстық жұмыста аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктеріне, Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына, аймақтық саясатты жетілдіру бағыттарына басты назар ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Мен – Қазақстанның патриотымын

Өз Отанының патриоты болу –
бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату.
Отаншылдық сезім– адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси-әлеуметтік құбылыс . Ол – ананың сүтімен бірге өзінен-өзі келмейтін, баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, бала бақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Білім базасының архитектурасы

Сараптау жүйелері – бұл негізгі пәндік обылыстағы мамандардың білімін жоғарылататын күрделі программалық комплекс . Жалпы мен , осы рефератта сараптау жүйесінің қызметін , жалпыланған құрлысын , сипатталуын қарастырдым . Негізі нағыз сараптау жүйесі бұдан да күрделі құрылымда болуы мүмкін. Сараптау жүйесін қарастырған кезде біз жасанды интеллект пен білім базасымен кездесеміз . Ал , білім түсінігімен жасанды интеллект негізінде құрылған жүйелерді құру барысында кездесеміз. Білімдер бұл кез-келген қолдану саласына қатысты мәселені мамандарға шешуге мүмкіндік беретін және кәсіби тәжірбие , практикалық қызмет нәтежесінде алынған осы қолдану саласының заңдылықтары қағидалары және байланыстары.Бәріне де білім базасы мен мәліметтер базасының арасындағы байланыс, көптеген пайдаланушылардың арасында қызығушылықты туындатады .
Мәліметтер сияқты білімдер өңделу барысында келесі түрге ие болады :
1. Ойлау қабілеті нәтежиесіндегі адамның есіндегі білімдер
2. Білімдерді материалдық тасығыштар
3. Білімдер шебері . Қолдану саласы обьектінің , олардың атрибуттарының және де байланыс заңдылықтарының шартты түрі .
4. Білімдерді ұсыну түрлерімен сипатталған білімдер , яғни, продукциондық модельдер , фреймдер , семантикалық желілер , логикалық есептеулер ;
5. Білімдер базасы машиналық тасығыштарындағы ақпарат
Білімдер бұл – қатаң құрылымдағы мәліметтер , метамәліметтер білімдерді сақтау үшін білім базасын қолданады . Білім базасы кез-келген интелектуалдық жүйенің негізгі компоненті болып табылады . Құрылымдық ерекшелігі бойынша білімдер қолдану саласы туралы фактілерден және ережелерден тұрады . Факт- қолдану саласы туралы қысқа мерзімді білімдер. Білімдер ережелер – фактілерді өңдеу алгоритімін анықтайтын ұзақ мерзімді білімдер . . Сонымен білім базасы фактілер , ережелер жиынтығы және осы жиынтықта қызметін қамтамасыз ететін заңдылықтар . Білімдер базасы технологиясы өз даму барасында мәліметтер базасы технологиясының дамуының жалғасы болып келеді.
Мәліметтерден білімдерге ұласу – ақпараттық құрылымдарының дамуының және күрделенуінің логикалық күрделі нәтежиесі:
Мәліметтер базасынан білім базасының ерекшіліктері :
1. Ақпарат нақты түрде ұсынылады
2. Білім базасында жалпы заңдылықтар , яғни аксиомалар орындалады .
Білім базасының ерекшеліктері :
3. Білімдер интерпретациясы, яғни білім мазмұнын талқылау мүмкіндіктері
4. Білім базасында фактілер және жағдайдың сәйкестігін анықтау мүмкіндігі , яғни ситуациялық байланыстарды анықықтайды .....
Рефераттар
Толық
0 0