Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесінен білікті мамандар даярлаудағы педагогикалық ізденістер

Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, мен салауаты» тармағындағы азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи таза ортада салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі айтылған.
Қоғамның дамуының қазіргі заманғы жағдайында халықтың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығының күрт төмендеуі байқалады. Әр түрлі зерттеулердің деректері бойынша жастардың 10%-ға жуығының ғана дене бітімі мен денсаулығы қалыпты деңгейде, адамдардың өмір сүру ұзақтығы 7–9 жасқа қысқарып, өлім туудан асып түсуде, қоғамның өндірістік әлеуеті төмендеуде.
Қазіргі уақытта адам денсаулығы білім берудің әр түрлі салалары үшін ең өзекті проблема болуда, олардың ішінде халықтың валеологиялық мәдениетін қалыптастыру жолымен адам денсаулығын дамыту және сақтау жүйесі арқылы танылған педагогика ғылымына ерекше орын берілген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың көкейкестілігі: «Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі" деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз: мектеп, ұстаз, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз.
Орта білім дамыту тұжырымдамасында "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имаңдылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, (еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Ол "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғалымда-рының жетістіктерін пайдалана oтырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың мінде-тіміз. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне ілескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Ана тілім-ардағым

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру
Көрнекіліктері: Тақырып жазылған плакат, шарлар, әр түрлі суреттер......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты – оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Бұл міндеттерді шешу мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа парадигмасын туғызды.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған. Онда: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 % - ға артуына себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеліп соғады» - деді [2].
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауынның пайда болуы, ормандардың селдіреуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттардың белең алып және улы қалдықтардың қолданылуы қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынасты дұрыс жолға қойып табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны тиімді пайдалану керек. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төменгі дәрежеде болуынан.
Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден – бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» (2003ж.) және Ата заңымызға негізделіп жасалған ҚР «Білім туралы» заңдарда көрсетілген. [7,8,9,10].
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, ал Конституцияның 38-шы бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндеттейді. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы 1997 жылдың 15-ші шілдесінде қабылданды. 19 тарау, 89 баптан тұратын заңның 15 - тарауында мынадай қағидалар көрсетілген:
1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейлігі және үздіксіз жүргізілуі;
2. Оқу орындарының білім беру бағдарына және меншік нысанасына қарамастан, оларға экологиялық пәндерді міндетті түрде оқытудың көзделуі;
3. Лауазымды адамдар мен мамандардың қажетті экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негіздерін білуге міндеттілігі;
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер мемлекет тарапынан қолдау табатындығы айтылған. 73-бабы «Экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі» деп аталады. 74-бап оқу орындарында «Экологиялық білім берудің» мәселесіне, 75-бап «Қоршаған ортаны қорғау» саласында зерттеулердің мәселелеріне арналған. Осылармен қатар 1995 жылдың Республикамыздың қабылданған Конституциясында – табиғат байлықтарын қорғау, көбейту және тиімді пайдалану керек екендігі көрсетілген (6,38 баптар) [11].....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні

Тұлғаны жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының мазмұны ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана сезімімен, күнделікті мінез – құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.
Бүгінде оқушылармен жүргізілетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинскийдің «қандай да бір құқтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып, жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шығармашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құқылықтарына қалыптастырады» деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне идеялық маңыз беріп, мектеп тәжірибесінде кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.
Сондықтан бүгінгі қоғамның талабына сай оқушыларды жан – жақты тәрбиелеу процесінде мектеп алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – оқу – тәрбие жұмысының барлық құрылымында құқықтық тәрбиеге айрықша мән беріп, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Себебі, мектеп- өскелең ұрпақты қоғамға даярлау процесіндегі негізгі бір әлеуметтік мекеме. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педагогика тарихында оқушыларга әстетикалық тәрбие беру жайлы ой-пікірлер

Әстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудыщ соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде әстетикалыщ тәрбие деген ұғымдыы " көркемдік тәрбиелеу" деген ұғъыммен пара - пар алып жұрміз.
Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Ал әстетикалық тәрбие дегеніміз - Илыинаның айтуынша -өнердегі, табиғаттағы және бұкіл қоршаған өмірдегі, әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу әстетикалық тәрбиемен пара - пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады. (Илыина Т.А. Педагогика. Алматы, Мектеп, 1977 - 134 бет ).
Осы орайда белгілі педагог Р.Қоянбаев "Педагогика" атты еңбегінде: " Әстетикалық тәрбие адамды дұниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге ұйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады", - деп, өнер арқылы әстетикалық тәрбие беру жолдарын қарастырған.
Әстетикалық тәрбиенің міндеттерінің бірі - әстетикалық сезімді және әстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр тұрлі болады. Біреулер әдемілікке ұңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну ұшін, оған тұсіну ұшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обыективтік критерилерімен қаруландырады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ

Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айрығына келген қазақ өмірінің барлық әні мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны Мұхтар Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.
Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы — бұл ұлы қаламгер дарынның толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енеді.
«Абай», «Таң», «Шолпан» журналдарында жарияланған алғашқы әңгімелері мен зерттеу мақалаларынан, повестері мен драмалық шығармаларынан-ақ өзін қалыптасқан қаламгерлік жазу өрнегі, белсенді азаматтық бет-бағдары мен пікір толғамы бар сөз зергері ретінде бар даусымен мәлімдеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық процестегі өзін өзі тәрбиелеу

Мектеп оқушысының өзін-өзі тәрбиелеуге ұмытылып, бойында дұрыс адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы – қазірпгі уақыттың, психология, педагогика ғылымдарының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу туралы профессор А.И.Кочетков: «Өзін-өзі баланың өзін-өзі жетілдірудің ең жоғары формасы, психикалық дамуының тездеткіші болып табылады», - деп атап көрсеткен.
Жеке тұлғаның өзбетінше адамгершілігінің қалдлыптасуы мен дамуы өте күрделі мәселе. Әрбір оқушы жеке ұсынысын, пікірін, адамгершілік қасиеттерін өзбетінше дамытады.Бұл оның өмірлік бағытын анықтап, өзін қоршаған адамдермеен қарым-қатынасы мен байланысы арқылы дамытып, іс-әрекет жасағанда жүзеге асады.
Жасөспірімдердің өзін-өзі тәрбиелеуі сен өздігінен білім алуы дұрыс бағытта жүрмеуі міндеттеі түрде адамгершілік жат мінез-құлық пен білімсіздіктің қалыптасуына әкеледі.
Оқу-тәрбие процесінде , әсіресе, оқушылардың дұрыс өзін-өзі тәрбиелеуі мен өздігінен білім алуы процесінде, мұғалім олардың тек жас ерекшеліктерін ғана емес, мінез-құлықтарын да ескергені жөн.
Қазіргі мектеп оқушылары өздерінің қызығушылығымен, саналылылығымен, мінезі мен басқа сапаларымен де дараланады. Олардың бірі мұғалімнің айтқанын екі еткізбейтін алғыр да, ал екінщшілері қырсық, қыңыр, дөрекі және тұйық, эмоционалды жақтары да түрліше болады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі - оқушы өзін тануға мүмкіндік алады. Әрбір жасөспірім өзін тану процесінде басқалардың құпия мінездерін таниды. Өзін-өзі танудың деңгейіне түсіп, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалауға, өзінің ісіне талдаужасауға және қалыптасқан мақсатқа жетелейді. Ол оқушының алдына мақсат қоюға үйретеді, өзін тексеру дағдыларыменг қаруландырады, жауапкершілігін оятады және осы негізде мақсаттың орындалуына жетелйді. Ол оқушының алдына мақсат қоюға үйретеді, өзін тексеру дағдылармен қаруландырады, жауапкершілігін оятады және осы негізде мақсаттың орындалуына жетелйді, яғни оқушыларды адамгершіліктің жаңа баспалдағына көтеріп, тәрбиелейді.
Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өздігінен пайда болып, жасамай, тұлғаны қалыптастырып оны өмірге дайындаудың және оған қажетті қоғамдық сана мен қасиеттерді дамытудың құралы ретінде көрінеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Бала тәрбиесі Тіл алғыштық

Баланың үлкенді тыңдауы, тіл алғыш болуы тәрбиеден басталады. Тәрбие заңына бағынған бала мәдениеттің не екенін түсінетін болады. Ал бала тіл алмаса не істеу керек?

Балаңыз даладан келгенде киім-кешектерін жинағанын қаласаңыз, мына әдіске жүгініңіз. Бала көріп үйренеді. Сол үшін өзіңіз даладан келгенде киімді қалай жинау керегін бір рет көрсетіңіз. Келесісінде шкафтың ішіне киімдерді жинау нұсқаулығын мынадай етіп көрсетіп қойыңыз. Балалардың көпшілігі нұсқаулықпен жүріп үйренеді, уақыт өте келе нұсқаулықты үйреншікті әдетке айналдырады. ......
Кеңестер
Толық
0 0