Ғылыми жұмыс (жоба): Физика | Ақтөбе қаласы тұрғындарына жағымсыз әсер ететін жасанды физикалық факторлар

Қазіргі таңда қоғам мен табиғат арасындағы қарым - қатынас көптеген экологиялық қиындықтарды тудырып отыр. Мыңдаған жылдар бойына адам баласы табиғаттағы биологиялық тепе - теңдікті сақтау керектігіне мән бермей, өзінің техникалық мүмкіншіліктерін күшейтіп келеді.
Әсіресе қоршаған ортаға деген күш 20 ғасырдың екінші жартысында асып түсті. Халық санының күрт өсуінен, ірі өндіріс орындарының қарқынды дамуынан биосфераның табиғи айналымы бұзылды. Нәтижесінде, адам баласының денсаулығына қауіп төнді. Мұндай қауіп тек біздің елімізге ғана емес, барлық жер бетіне төніп тұр.
Қоршаған ортаның ластануының бірнеше түрлері белгіленген, соның ішінде физикалық ластану, яғни жылумен, шумен, электромагнитті, радиоактивті ластану қазіргі таңда кең өріс алған және ғаламдық сипатқа ие болған ластану болып табылады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу 2-сабақ (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.1.4–уақытқа тәуелділік графиктерінен орын ауыстыруды,жылдамдықтыты,үдеуді анықтау ;
Сабақ мақсаттары: Теңайнымалы қозғалыс, үдеудің физикалық маңызымен,формуласы және өлшем бірлігімен танысады,Уақытқа тәуелділік графиктерін салуды ,орын ауыстыруды,жылдамдықты,үдеуді графиктен анықтауды үйренеді........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылығы 2-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылулық құбылыстар
Сабақ тақырыбы: Жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылығы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;
8.3.2.6 – заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• жылу мөлшерінің заттың тегіне, массасына және оның температурасының өзгерісіне тәуелділігін зерттеу;
• заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіру;
• жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану. ........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Испанияның физикалық жане географиялық жағдайы

Испания –Еуропаның оңтүстік батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін, Жерорта теңізіндегі Балеар және Питиус аралдарын, Атлант мұхитындағы Канар аралдарын және Солтүстік Африка жағалауындағы Сеута және Мелилья қалаларын иемденеді. Географиялық координаты 40 градус солтүстік ендік, 4 градус батыс бойлық. Испания территориясының жалпы аумағы 504750 шаршы км құрайды. Құрлық аумағы 499400 шаршы км. Ал өзен және көлдер аумағы 5350 шаршы км. Материктік Испания батысында Португалиямен, солтүстігінде Франция және Андоррамен, оңтүстігінде Гибралтармен шектеседі. Испания солтүстігінде Бискай шығанағымен, солтүстік -батысы және оңтүстік-батысында Атлант мұхитымен, шығысында және оңтүстік шығысында Жерорта теңізімен шайылған. Испания Королдгі Франциямен 623 км, Португалиямен 1214 км, Андоррамен 65 км, ағылшын колониясы Гибралтармен 1.2 км, Мороккомен: Сеута қаласы 6.3 км, Мелилья қаласы 9.6 км- шекараласады. [1-20]
Шекараның құрлықтағы жалпы ұзындығы 1919 км, жағажайлық линиясы 4964 км. Испания Еуропада Швейцариядан кейінгі биік таулы мемлекет. Таулар ел территориясының 90 пайызын алады. Пиреней Испаныияның ең биік таулары емес. Елдің оңтүстік-шығысында биіктігі Алпіден ғана төмен Кордильера–Бетика деп аталатын тау жүйесі орналасқан. Оның жоғарғы нүктесі Муласен тауы. Бұл Еуропаның оңтүстігіндегі жаз бойы қар сақталып тұратын аймақ. Пиреней түбегі жан-жағынан сумен қоршалғанына қарамастан, елдің климаты мұхиттармен емес, сыртқы факторлардан қорғайтын тауларының есебінде көрінеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | БЕЛОКТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ, ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

КІРІСПЕ
1. Белоктардың жалпы сыпаттамасы және физикалық
- химиялық қасиеттері
Академик В.И. Вериадскийдің есебі бойынша жер жүзіндегі тірі организмдердің салмағы 10 т. тең екен. Ал осы барлық тірі организмдердің негізгі құрамда бөлігі белок. Тіршілік ету процестерін зерттеу жұмыстары олардың өмірінде нуклеин қышқылдарының белоктардың жаңаруы, күрделілігі, шексіз әр-түрлілігі, маңыздылығының ерекше кеңдігін көрсетті. Ф.Энгельс өзінің "Табиғат диалектикасы" еңбегінде өмір дегеніміз – белокты денелердің өмір суру тәсілі, яғни организмдегі зат алмасудың қоршаған ортамен тығыз байланысы деп жазды. Басқаша айтқанда белок - барлық тірінің материалдық негізі болса, ал олардың тіршілік ету тәсілі - өмір болып табылады.
Белоктардың "белок" деп аталуы олардың тауық жұмыртқасы белогының қайнап денатурацияланған кезде - ақ тығыз массаға айналуынан шыққан. Оның басқаша аты протеин - бірінші; маңызды
Белоктардың тірі организмдер үшін алатын орны:
1. Белок – генетикалық ақпаратты жеткізуге қолданылатын молекулалық құрал. Белоктардың маңызды қызметтерінің бірі олар түзу сызықтық РНҚ-дағы генетикалық хабарды үш өлшемдік яғни кеңістіктік хабарға айналдыратын химиялық материал болып табылады, Ал бұл үш өлшемдік, яғни кеңістіктік хабар тірі организмдердің макромолекулалық, субклеткалық компоненттеріне тән. Міне, белоктардың бір осы қасиетті ғана, олардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Физика | Денелерлің өзара әрекеттесуі

Бізді қоршаған әлем мәңгілік қозғалыста және мәңгілік өзара әсерлесуде болады. Қозғалыстың ең қарапайым түрі – механикалық қозғалыс. Белгілі бір жағдайларда механикалық қозғалыс қозғалыстың басқа түрлеріне айналады.
Су электр станцияларында судың механикалық қозғалысы өткізгіштердегі электрондардың қозғалысына айналады. өз кезеңінде, қыздыру аспаптарындағы электромагнит қозғалыстары молекулалар қозғалысына айналады, ал электр қозғалтқыштарда – механикалық қозғалысқа айналады.
Осы айтылғандардан денелер өзара әсерлескенде қозғалыстың бір түрі басқа түрге айналатынын көруге болады.
Механикалық қозғалыстың өлшеуіші дене импульсі болып саналады. Алайда, импульс қозғалыстың басқа түрлерінің сандық өлшеуіші бола алмайды, өйткені, механикалық қозғалыс қозғалыстың басқа түрлеріне айналғанда қозғалған дененің импульсі азаяды және тіпті нольге тең болып қалуы мүмкін (мысалы, білеушінің үcтел бетімен қозғалуы). Сондықтан, энергия деген арнаулы физикалық шама енгізілген. VII және VIII сыныптарда физиканы оқығанда бұл терминмен таныстыңдар. Оған қоса, сендер механикалық «кинетикалық және потенциалдық), ішкі (денені құрайтын молекулалар мен атомдар энергиясы) электрлік және атомдық энергиялар болатынын білесіндер.
Энергия дегеніміз физикалық шама, оның көмегімен кез келген қозғалысты және кез келген өзара әсерді сан түрінде сипаттауға болады. Басқаша айтқанда, энергия қозғалыстың сандық әмбебап өлшеуіші болып табылады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Термоядролық реакциялар. Радиоизотоптар, радиациядан қорғану 2-сабақ (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Радиоактивтілік
Сабақ тақырыбы: Термоядролық реакциялар. Радиоизотоптар, радиациядан қорғану 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.6.2.6 ядролық ыдырау мен ядролық синтезді салыстыру;
9.6.2.7 радиактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын келтіру;
9.6.2.8 радиациядан қорғану әдістерін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Ядролық ыдырау мен ядролық синтезді салыстыра отырып, қорытынды шығара алу;
Радиоактивті изотоптардың қолданыс аясына мысалдар келтіру;
Радиациядан қорғану әдістерін білу;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Механикалық энергия мен импульстің сақталу заңдары 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Cақталу заңдары
Сабақ тақырыбы: Механикалық энергия мен импульстің сақталу заңдары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - дене импульсының анықтамасын оның жылдамдығы мен массасының көбейтіндісі ретінде білу;
- импульстың сақталу заңын білу және түсіну;
- бір кеңістіктегі екі дене арасындағы серпімді және серпімсіз соқтығысуларды қоса алғанда, қарапайым есептерді шығаруда импульстің сақталу заңын қолдану (қалпына келу коэффициентін білу талап етілмейді)
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы:
Дененің импульсі, күш имппульсі, тұйық жүйе, абсолют серпімді соққы, абсолют серпімсіз соққы, ұғымдарын қолданады; импульстің сақталу заңын біледі.
Көптеген оқушылар:
Сапалық және сандық есептерді шығарғанда импульстің сақталу заңын қорытып шығара алады.
Кейбіреуі:
Сын тұрғысынан ойлауды қолданып, денелердің әсерлесуі кезіндегі кинетикалық энергияларының өзгерісін сипаттай алады.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Физика | Деформацияның түрлері

Физика-материя қозғалысының жалпы және қарапайым формаларын,
қасиеттерін зерттейтін ғылым.Әлемде, жер бетінде және жерден тыс нақты өмір сүретіндердің баршасын ғылымда материя деп атайды.Физикалық шамалармен тәжірибе жасау негізінде физикалық заңдар ашылады.Физикада анықталған іргелі заңдардың өзінің күрделілігі мен орнықтылығы жөнінен кез келген құбылыстарды зерттеу басталатын деректерден әлде қайда асып түседі.Табиғаттағы әр бір нәрсе материялық қозғалыста болады.Бұл қозғалыстар және сол қозғалыстардағы денелер бір біріне ұқсамайды .Оларға әсер етуші күштер де өзгеше.Ньютон механикасы сонша зор құбылыстар класын-денелер қозғалысын дұрыс сипаттаған, физика тарихында тіпті жалпы ғылымда  алғашқы тұтас, теория болды.Ньютон замандастары бұл теорияға қайран қалды.Ньютон заңдары адамға қозғалысты тек зерттеп, біліп қана қоймай, оны басқаруға да мүмкіндік береді.Бұл заңдар ешқашан да және ешбір жағдайда да бұзылмайды.Сондай-ақ қазіргі физика электрондық есептеуіш машиналарын одан әрі қарқынды дамудың, қимыл әрекет шапшаңдаудың және сенімділігін арттырудың жаңа жолдары мен әдістерін ашып отыр.
Қазақстан Республикасының білімін дамытудың Мемлекеттік жоспарын ары қарай іске асыру барысында және Қазақстанның білім жүйесінің функциясын эффективті іске асыру үшін, Қазақстаның дүние жүзінің білім кеңістігінде тианақты жоғарғы, орнында болуы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің дамыған елу елдің біріне айналу жоспарын жеделдетер деп сеніммен қараймыз.Сондай – ақ қазіргі физиканың ғылыми техникалық ревалюцияға шешуші үлес қосатынымызға да сеніміміз зор. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Физика | Жылу өткізгіштік теориясының негіздері

Кіріспе
Жылу алмасу процестерінің теориясы
Заманауи технология мен техниканың көптеген процестерін шешуге байланысты жылу тасымалы процессі заманауи физиканың түсініктеріне сәйкес екі көзқарас тұрғысынан зерттеледі және сипаталады. Олар феноменологиялық және статистикалық зерттеу тәсілдері. Феноменологиялық және статистикалық тәсіл қарастырылатын физикалық құбылысты тұтасымен анықтайтын параматрлердің арасындағы кейбір жалпы қатынастарды анықтауға негізделеді. Бұл зерттеу тәсілінде негізгі мәселе түріндегі байланысын құруға келіп тіреледі. Мұндағы U-потенциал, I-ағын. Бұл байланыстың жалпы сипаты жылу тасымалданудың үш мүмкін түрінің бірімен анықталады.
Оларды біріншісі – жылуөткізгіштік жылу энергиясын физикалық жүйенің микроскопиялық элементерімен (молекулалар, иондар, электрондар) тасымалдануға қатысты. Газдардағы жылуөткізгіштік энергияны молекулалар соқтығысу арқылы, қатты денеде зат торының тербелген иондарымен және “электрондық газбен”, сұйықта – көрсетілген барлық механизмдермен іске асырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0