Курстық жұмыс: География | ЖЕРОРТА ТЕҢІЗ АЛҚАБЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

Кіріспе
Жерорта теңіз алқабы-Евразия мен Африканың Жерорта теңізі жағалауында орналасып облыстары табиғи ландшафтарының тұтастығымен ерекшеленеді. Бұл аумақтағы табиғат пен шаруашылық әрекеті жағдайларының біркелкілігі «Жерорта теңізі алқабы» деген географиялық ұғым енгізуге себеп болды.
Жерорта теңіз алқабының табиғат жағдайларының ерекшеліктері мен өзіндік өзгешеліктері ең алдымен, жазы құрғақ және қысы ылғалды субтропиктік климатына байланысты. Климаттың бұл түрі Жерорта теңізі жағалауынан басқа еш жерде мұндай айқын көрінбейді, сондықтан да ол жерорта теңіздік климат атанды. Климатының ерекшеліктері топырақ түзілісі процестерінің өзіндік және қызыл-қоңыр ерекше генетикалық типтегі топырақ пайда болуына жағдай туғызады. Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік өсімдік аталып кеткен жаздағы құрғақшылыққа бейімделген (қатқыл жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар) өсімдіктің ерекше типіне байланысты.
Жерорта теңіз алқабы түгелдей вулканизм мен сейсмика кең тараған альпілік қатпарлы белдеу шегінде жатыр.
Жерорта теңізі алқабының рельефіне көбіне карбонатты жыныстардан құралған, тегістелген сатылы беттер және жекелеген учаскелерінде орташа биік келген таулардың басым болуы тән. Жерорта теңіздік климат пен жерорта теңіздік ландшафтардың кең тарауы теңіз алабы—Жерорта теңізінің болуына байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Физика | Толқындық құбылыстар

I Кіріспе:
а) толқындық құбылыстар.
Толқындық процестер табиғатта өте кең таралған. Толғындық қозғалысты тудыратын физикалық себептер түрліше болады. Бірақ тербелістер тәрізді толқындардың барлық түрі де сандық мәністе бірдей не бірдей дерлік заңдармен сипатталады. Егер түрліше толқындық құбылыстарды бір-бірімен салыстырып отырса, онда түсінуге қиын деген мәселелердің өзі айқындала түседі.
Толқын дегеніміз не? Толқын деп уақыт бойынша кеністікте таралатын тербелістерді айтады.
Ауада, қаттыденелерде және ұйық ішінде механикалық толқындар серпінділік күштері арқасында пайда болады. Осы күштер дененің жеке бөліктерінің арасын байланыстырып тұрады. Су бетіндегі толқындардың пайда болуында ауырлық күші мен реттік керілу күшінің ролі бар.
Толқындық қозғалыстың ең басты ерекшеліктерін нағыз көрнекті түрде су бетіндегі толқындардын көруге болады. Толқындар дөнгелек жалдар түрінде ілгері жөңкіп бара жатқандай. Сонда жалдардың немесе өркештердің аралары бірдей дерлік болады. Дегенмен, егер суға жеңіл нәрсе, мысалы сіріңке қорабын, тастап жіберсек, ол толқынмен ілесіп алға кетпей, дәл бір орында тұрып, жоғары – төмен тербеле бастайды.
Толқын таралған кезде ішінде толқын таралатын зат тасымалданбайды, тербелуші ортаның айрықша күйінің орын ауыстыруы болады. Бір жерде (мысалы, тасталған тастан) пайда болған судың ұйытқуы көршілес бөліктерге беріліп, осылай біртіндеп жан – жаққа тарайды. Ал су ақпайды: орын ауыстыратын тек оның бетінің пішіні ғана.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Бүкіләлемдік тартылыс заңына есептер шығару 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақ тақырыбы: Бүкіләлемдік тартылыс заңына есептер шығару 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): ОМ 16: Жер серігінің қозғалысын сипаттау
ОМ17: геостационарлы орбиталарды білу және оларды қолдануды түсіну
Сабақ мақсаттары: Жер серіктерінің қозғалысын түсіндіре алады және геостацинарлы орбиталар туралы мағұлмат біледі........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Физика | Жердегі күн радиациясы

Жер күн сәулелері тасқыны астында айналып тұрады. Оған күннің шығарған бүкіл сәулесінің екі миллиардтан бір бөлігі ғана келгенімен, мұның өз жылына 1,36*10 кал. құрайды.
Күн энергиясының осындай мөлшерімен салыстырғанда Жер бетіне келетін басқа энергияның барлық кірісі өте мардымсыз. Мәселен, жұлдыздардың сәулелік энергиясы келетін күн энергиясының жүз миллионнан бірін, космостық сәуле шашу-екі миллиадтан бірін құрайды. Жердің ішкі жылуы оның бет жағында күн жылуының мыңнан бір үлесіне тең.
Жыл ішінде Жердегі Күнге дейінгі қашықтықтың өзгеруіне сәйкес күн тұрақтылығы ауытқып тұрады: ол январьдің басына қарай көбейіп, июльдің басына қарай азаяды. Күн тұрақтылығының жылдық +3,5% ауытқуы құрайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Сызықтық ұлғаю (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық ұлғаю
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.12 – линзаның сызықтық ұлғаю формуласын сандық және салу есептер шығару үшін қолдану;
Сабақтың мақсаттары: -линзаның сызықтық ұлғаю формуласын білу және түсіну;
- жинағыш және шашыратқыш линзада салу есептерін орындау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Алматы қорығының физикалық географиялық ерекшеліктерін анықтау

Жұмыстың өзектілігі: Қорық дегеніміз не?Алматы қорығының құрылуындағы мақсаты қандай? Алматы қорығының физикалық-географиялық ерекшелігі қандай?Алматы қорығындағы ерекше қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктері дүниесі қандай? Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы қандай?
Қорықтар – бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағына шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы-географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол себепті де қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз « табиғат лабораториясы » деп те атап жүр. Өйткені, мұнда ұзақ жылдар бойына табиғат комплекстерін табиғи жағдайда ғылыми терең зерттеу, « табиғат жылнамаларын » жүргізу сияқты алуан түрлі жұмыстар жүзеге асырылады. Қорықтарда тек саны азайып, жойлып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар, өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады. Міне, сондықтан да болашақ ұрпаққа табиғат байлықтарын кемеліне келтіре көркейген қалпында табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше.
Анықтамасы бойынша қорық - назар салып бақылау және зерттеу құралы. Оны ұйымдастырған алғашқы жылдардан бастап онда ҚР ҒА зоология институты мен ҚАЗМУ мамандары ғылыми жұмыстар жүргізуде. «Қорғалжын қорығының құстары» атты монография –осы бір қызық аймақтың көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі. Осыдан басқа мұнда үлкен ағартушылық жұмыстары да жүргізілуде. 1978 жылы экскурсиялық қызмет бөлімі құрылған болатын, оның қызметкерлері мерзімді басылымдарда 200 мақалалар басылған, 600-ге жуық лекциялар, әңгімелер өткізілген. Қорық табиғаты мұражайының қонақтары-Қорғалжын және астана мектептерінің оқушылары. Мұражайда дала және көлді жерлердің фаунасы мен флорасын бейнелейтін бай экспонаттар коллекциясы жиналған. Табиғаттың керемет бұрышы туралы бірнеше ғылыми-деректі фильмдер түсірілген....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Балқаш көлінің физикалық географиялық сипаттамасы

Кіріспе
Балқаш көлі. Балқаш көлі Қазақстанның оңтүстік-шығысына, Балқаш- Алакөл ойысына орналасқан. Ол төрт облысының Жезқазған, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының территориясымен шектеседі.
Балқаштың су жиналатын алыбы 501 мың шаршы километр. Көл бассейні батыстан-шығысқа қарай 900 километр , ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 680 километр жерді алып жатыр. Көлдің солтүстік бассейні Қарқаралы- Ақтау сілемі мен Шығыстау жотасымен жалғасады. Шығысына Тарбағатай тауымен, оңтүстігінде теріскей және Күнгей Алатауының жоталарымен , Іле Алатауымен, батыста – Шу-Іле тауларымен шектеседі. Су айрық сызығының жалпы ұзындығы 4 мың километр.
Жер бедеріне қарай Балқаштың су жиналатын бассейнін мынадай физикалық-географиялық аймақтарға бөлуге болады. Олар : Қазақстанның Сарыарқа өңірі, Балқаш - Алакөл ойысындағы жазықтық, Шу - Іле тауы және слотүстік Тянь - Шань тауының шығыс бөлігі. Бұл аймақтардың биіктігі 342 метрден 6995 метрге дейінгі аралықта болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): № 11 зертханалық жұмыс. «Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау» (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақ тақырыбы: № 11 зертханалық жұмыс. «Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.14 – жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау;
8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
- Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ньютонның екінші заңы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика негіздері
Сабақ тақырыбы: Ньютонның екінші заңы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.2.2 Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:
Есептер шығаруда Ньютонның бірінші және екінші заңын қолдану
Оқушылардың көбісі:
Бірқалыпты және үдемелі қозғалған денелерге әсер ететін күшті сипаттау
Кейбір оқушылар:
Векторларды қосу қасиеттерін есептер шығруда қолдану ........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Магнит өрісінің энергиясы 1-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Электр және магнетизм – магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Магнит өрісінің энергиясы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттарыя: 10.4.5.1 – механикалық энергия және магнит өрісі энергиясы арасындағы ұқсастықтарды келтіру;
Сабақтың оқу мақсаттары: Оқушылар/ Students :
- механикалық энергия және магнит өрісі энергиясы арасындағы ұқсастықтарды келтіру;
- контурдың индуктивтілігі пен ток күшін біле отырып, магнит өрісі энергиясын есептеу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0