Реферат: Химия | Нуклеин қышқылдары

Нуклеин қышқылдарын зерттеудегі ғылыми деректер. Нуклеин қышқылдары — тірі организмдегі тұқым қуалайтын ақпараттарды сақтай отырып, оны келесі ұрпақтарға жеткізетін күрделі құрылысты молекула.
ХХ ғасырдың 30—40-жылдары организм өсіп-өнгенде өзінде бар қасиеттерін келесі ұрпақтарға жеткізудегі нуклеин қышқылдарының рөлі ғылыми тұрғыдан толықтай дәлелденді.1868 жылы швед биохимигі Ф.Мишер клетка ядросының құрамынан қышқылдық қасиеті бар затты бөліп алған. Оны алғаш рет ядродан тапқандықтан (латынша “нуклеус” — ядро) нуклеин қышқылы деп атады. 1951 жылы американдық биохимик Э.Чаргафф ДНҚ молекуласының құрамына 4 нуклеотид кіретіндігін тапты.1-сурет


Қос оралмалы ДНҚ сақинасы
Екі нуклеотид — аденин мен гуанин (екі сақиналы) пуриндік негізге, тимин мен цитозин (бір сақиналы) пиримидиндік негізге жатады. Э.Чаргафф адениннің саны тиминмен бірдей: А=Т, ал гуаниннің саны цитозиннің санына Г=Ц сәйкес екенін анықтады. 1950 жылы ағылшын биофизигі М.Уилкинс ДНҚ-ның кристалдық талшықтарының рентгенграммасын алды.
Р.Франклин ДНҚ молекуласының рентгенграммалық суретін бірінші түсірген ғалымдардың бірі болды. Ол рентгенграмманың көмегімен көмірсулы фосфатты тұлғаның (сүйеніш) шиыршықтың сыртқы жағында, ал азотты негіздер ішкі жағында орналасатындығын және шиыршықтың бір оралымында он нуклеотид болатынын анықтады.ДНҚ-ның құрамын анықтауда Р.Франклин ашқан деректердің маңызы өте зор болды. Алайда, ДНҚ молекуласының қанша жіпшеден тұратыны және қалай байланысқаны анықталмады. Бұны 1953 жылы американдық биохимик Дж. Уотсон мен ағылшын биофизигі әрі генетигі Ф.Крик анықтады. Олар рентген құрылымдық әдісті пайдаланып ДНҚ молекуласының құрамын ашты.Рентген құрылымдық зерттеулер ДНҚ молекуласының ұзын полипептидтік тізбек екенін дәлелдеді. Ол тізбектер қосарлана бұралып, қос оралым түзеді. Екі тізбектің азотты негіздері оралымның ішінде қалып, олар өзара бір-бірімен сутектік байланыс түзеді. Ал көмірсу мен фосфат топтары оралымды сырттап қалады. Демек, әр тізбектің азоттық негіздері коваленттік байланыс арқылы бірін-бірі толықтырып тұратын комплементарлық принципке сай байланысады. Яғни, аденин мен тимин екі сутектік, ал гуанин мен цитозин үш сутектік байланыс арқылы қосылатыны анықталды. Сонымен, 1953 жылы Дж. Уотсон мен Ф.Крик ДНҚ молекуласының құрылымдық моделін жасап, Халықаралық Нобель сыйлығына ие болды.Қорытындылай келгенде, Дж. Уотсон мен Ф.Крик ашқан ДНҚ молекуласы құрылымының дұрыстығы тәжірибе жүзінде толық дәлелденіп, молекулалық биология мен генетиканың дамуына зор ықпалын тигізді.Сызбанұсқадан көріп отырғанымыздай, нуклеин қышқылдарының азоттық негіздері, рибоза мен дезоксирибоза қосылып нуклеозид түзеді. Құрамына азотты негіз, рибоза немесе дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдығы кіретін қосылыс нуклеотид деп аталады. Нуклеотидтер — нуклеин қышқылының мономерлері, олар екі топқа бөлінеді: пуриндік — аденин мен гуанин және пиримидиндік — тимин, урацил және цитозин. Әрбір нуклеотидтер молекуласының құрылыстары бойынша бір-бірінен айқын ажыратылады. 2-суреттен көріп отырғанымыздай нуклеотидтің молекуласы азотты негізден, дезоксирибозадан және фосфор қышқылының қалдығынан тұрады. Ғылымда азотты негіз аденин — А, тимин — Т, цитозин — Ц, гуанин — Г әріптерімен ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Қорғасын.Қорғасын өндіру

І. Кіріспе
Қорғасын. Аса жылдам ұшатып, тарыдай ғана көлемі бар осы бір металл талай тарландарды да тұралатқаны белгілі. Сонымен бірге қорғасын өмірдс берері мол, ажалға ара турарлық та элемент.
Ал енді біз «жауынгер» іспеттес ұғыммен қалыптасқан қорғасын жайлы, оның өткені мен бүгінгісі, ертеңі жанлы айтпақпыз.
Көне кез, «кәрі» элемент—қорғасын адамзатқа өте ертеректен таныс. Қорғасын шамамен біздің эрамыздан 6 — 7 мың жылдай бұрын белгілі бола бастады. Өйткені қазбалардан табылған заттар соны анықтайды. Ертедегі адамдар қорғасын оңай балқығандықтан, сол кездің өзінде-ақ одан небір өрнектер құйып, ескерткіш заттар жасаған. Ал ертеректегі египеттіктердің табытынан табылған қорғасынға қарағанда, олар қорғасынды әшекей ретінде пайдаланған дей болжауға болады.
Алғашқы ақша қорғасыннан жасалған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Этил спиртін өндірісте алу жолдары. Көрсетілім «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу» (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Спирттер
Сабақтың тақырыбы: Этил спиртін өндірісте алу жолдары. Көрсетілім «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу»
Оқу мақсаты: 10.4.2.28 этанолды этиленді гидратациялау және глюкозаны ашыту арқылы алу реакциясының теңдеулерін құрастыру;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
Этанолды әр түрлі жолдармен алу әдістерін танысып, алу реакция теңдеулерін құруға дағдылану......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қыздыру үрдісі. Зертханалық тәжірибе: «Судың қайнау үдерісін зерттеу» (Химия, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Зат күйінің өзгеруі
Сабақ тақырыбы: Қыздыру үрдісі. Зертханалық тәжірибе: «Судың қайнау үдерісін зерттеу»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.1.6 қайнау үдерісін зерттеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар тиіс
Білу:
- қайнау, қыздыру қисығы, қайнау температурасы түсініктерін білу
Түсіну:
- қыздыру қисығы мен қайнау температурасы қандай факторларға тәуелді болатындығын түсіну
Орындай алу:
- қайнау түсінігін булану түсінігінен ажырата алу;
- суды қыздыру қисығының өзгерісін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіре алу........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): № 6 зертханалық тәжірибе «Спирттердің судағы ерігіштігі, жануы, бір атомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар» (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Спирттер
Сабақтың тақырыбы: № 6 зертханалық тәжірибе «Спирттердің судағы ерігіштігі, жануы, бір атомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар»
Оқу мақсаты: 10.4.2.27 біратомды және көпатомды спирттерге сапалық реакция жүргізу;
Сабақтың мақсаты: Орындалған тәжірибелерге сүйене отырып, спирттердің физикалық қасиеттерін (түсін, иісін, суда ерігіштігін) анықтау.
Қаныққан біратомды спирттердің кейбір химиялық қасиеттерін зерттеу.Көпатомды спирттердің сапалық реакциясын белгілеу. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тыныс алу процесі (Химия, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық элементтер,қосылыстар және адам ағзасы.
Сабақ тақырыбы: Тыныс алу процесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.5.1.4 тыныс алу процесін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: -тыныс алу химизмін түсіну;
-тыныс алудың жану реакциясы екенін түсіну;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Химия | Қымбат металдар және олардың құймалары

Табиғатта кездесетін алтын, күміс,платина, палладий, осмий, иридий, рутений және родий өздерінің химиялық тұрақтылығымен және әдемі сыртқы түрімен қымбат металдар деп аталған.
Алтын және олардың құймалары. Тіс протездерін жасау үшін таза алтын қолданбайды, өйткені ол бұл күйінде өте жұмсақ. Тіс протездеріне қойылатын талаптарға байланысты алтынға күміс, мыс, платина, кадмий, палладий сияқты металдар қосып механикалық қасиеттерін жоғарылатады. Қаттылығына байланысты алтын құймаларына жұмсақ, орташа қатты, қатты және өте қатты деп бөледі. Қатты және өте қатты құймаларды 700 С қыздырып , 10 минуттың ішінде, суытатын болса, олар жұмсарады. Алтын құймалардың мықтылығын арттыру үшін қыздырып өңдеп, 450 С ден 250 С аралығында 30 минут ішінде суыту керек. Алтын құймаларын құйған кездегі көлемінің кішіреиюі 1-1,2% .
Тіс протездері үшін мына таңбалар алтын құймалары қолданады: 900, 750, 583.
916 таңбалы құйманың түсі ақышыл- сары, өңдеуге жеңіл. Ол көпір тектес протездер, қаптама , микропротез, жартылай қаптама және әшекейге орындық жасау үшін қолданылады. Бұл құйманың кемшілігі қаттылығының жеткіліксіздігінде.
900 таңбалы ауыз қуысында коррозияға тұрақты, 916 құймаға қарағанда қатты, түсі, қызғылт. Иленгіштігіне байланысты қалыптпғандағы және аппаратқа салып жұқартқандағы қатаюын қып- қызыл етіп қыздырып өңдеп жұмсартады.
Алтын қалыпқа салып қалыптағанда қорғасын жастықтарынан және тез балқығыш құймадан: қоғасынның, висмуттың,қалайының және де т,б. металдардың жаңқалары (бөліктері) қалып қояды. Олар алтынды құйғанда кезде балқып онымен қосылысқа түседі. Сондықтан алтынды қыздырар алдында тұз қышқылына немесе азот қышқылына салып тазартып алады. Қыдырған кезде алтынның сыртқы қабаты тотығады.
Бұл тотықты тазалау үшін де тұз қышқылын қолданады. 750 таңбалы құйманың құрамына кадмий мен платина кіреді. Кадмииді 50-10% етіп қосатын болса құйманың балқу температурасы төмендейді. Сондықтан бұлндай дәнекер ретінде қолдануға болады.
Күміс- палладий құймалары 70- шы жылдардан бастап күміс палладий құймалары қолданыла бастады. В.Н. Копейкиннің дерегі бойынша бұл құймалар қасиеті жағынан алтынның құймаларына жақын. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Күкірт, оның оксидтері және күкірт қышқылы, сульфаттар және оның қасиеттері (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды өнеркәсіптік химикаттар
Сабақтың тақырыбы: Күкірт, оның оксидтері және күкірт қышқылы, сульфаттар және оның қасиеттері
Оқыту мақсаттары: 10.4.2.2 күкірт қышқылы өндірісінің процесін түсіндіру;
10.4.2.3 бұл процесті тепе – теңдік ретінде түсіну және жағдайдың өзгеруі мақсатталған өнімнің шығымына қалай әсер ететіндігін болжай алу;
Сабақтың мақсаттары: -күкірт қышқылының өндірісін біледі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Химия | Аминолиттік ферменттер


Организмде байқалатын барлық тіршілік белгілерін оның ішкі ортасында жүріп жатқан сан қилы реакциялардың тікелей нәтижесі деп қарауға болады. Бұл реакциялардың тіршілік қимылына сәйкес жылдамдықпен жүріп отыруы фермент арқылы жүзеге асады, яғни фермент дегеніміз – организмде барлық химиялық реакциялардың жылдамдығын, бағытын және оның сипатын реттеп отыратын биологиялық катализатор. Алғашында фермент ашытқыдан табылғандықтан, латын тіліндегі – «fermentum» - ашытқы деген сөзден шыққан.
Ферменттік реакцияларда бейорганикалық катализатордың ерекшеліктері бар, олар бірнеше ортақ қасиеттерге ие:
1) энергетикалық мүмкіншілігі бар реакцияларды ғана катализдейді.
2) Реакцияның тепе-теңдігін немесе тепе-теңдік константасын өзгертпейді, тек осы тепе-теңдікке жету уақытын ғана қысқартады.
3) Реакцияның бағытын өзгерпейді
4) Реакцияның соңғы өніміне айналмайды, яғни реакцияның бас-аяғанда өзінің санын және сапасын өзгертпейді.
Фермент субстратпен әрекеттескенде тұтас молекуласымен емес, үшіншілік құрылымдағы белгілі бір аймақ арқылы әрекетескенде ферменттің активті орталығы пайда болады. Осы активті орталық арқылы фермент өз субстратын таниды және катализдейді. Активті орталық бір-біріне сәйкес отырып, қызмет атқаратын 2 аймақтан тұрады. Оның бірі-субстраттық аймақ, ал екіншісі катализдік аймақ.
Субстраттық аймақ - өз субстратын тану, онымен байланысу қызметін атқарса, ал катализдік аймақ химиялық реакцияның сипатын анықтайды.
Ферменттің активті орталығы пашпептид тізбектеріндегі амин қышқылының функционалды топтарынан құралады. Оған бос – СООН және –NH2 тобы, аргиннің гуанидин тобы, триптофанның индол сақинасы, гистидиннің имидазои сақинасы, серин мен теориннің – он тобы, меотиннің тиоэфир тобы, фенилаланиннің ароматты сақинасы, цисттеиннің тио топтары қатысуы мүмкін. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): № 2 практикалық жұмыс "Бейорганикалық қосылыстар құрамынының сапалық талдауы" 2-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы
Сабақ тақырыбы: № 2 практикалық жұмыс "Бейорганикалық қосылыстар құрамынының сапалық талдауы" 2-сабақ
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқ у бағдарламасына сілтеме): - 9.4.1.11 белгісіз заттардағы катион және аниондарды анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге асыру
Сабақ мақсаттары: - сынақты жүргізуге жүйелілік тәсілін білуге және қарапайым белгісіз заттарды анықтай білу дағдыларын дамыту.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0