Курстық жұмыс: Химия | Бие сүтінің ферменттік өнімінен сүт қышқылды бактериялары

КІРІСПЕ
Соңғы кезде Қазақстанда өнеркәсіп шикізаттарын өндіру мен қатар ауыл шаруашылық секторын дамыту туралы шаралар қолға алына бастады. Әртүрлі тағамдық заттардың ішінде сүттің және одан жасалған тағамдардың адам тіршілігі үшін маңызы өте зор. Бір жағынан сүт адам организіміне қажетті алмаспайтын аминқышқылдары мен құнды белоктардың негізгі көзінің бірі болып табылса, екіншіден, бұл заттардың тамақтану рацимонында жетіспеушілігі организімнің өсіп дамуына кері әсер етіп, әртүрлі ауруларға соғуы мүмкін.
Сондықтан бие сүтінің химиялық құрамын оның физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу бие сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтайды. Біздің елде бие сүтінен оның ферменттік өнімі қымызды өңдейді. Ферменттену процесі кезінде бие сүтінің химиялық құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл биохимиялық өзгерістер сүт қышқылы бактерияларының әсерінен жүреді. Содықтан ферменттік процестерді жүргізетін сүт қышқылы бактерияларын қымыздан бөліп алып, олардың физиоло-биохимиялық, антагонистік қасиеттерін анықтап, бие сүтіндегі ферментативтік процестерді ретттеуге болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Липидтер

Кіріспе
Липидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, күкіртті көміртегінде) ериді. Белоктармен, углеводтармен қатар липидтерде мал, адам және өсімдіктердің барлық тканньдері клеткаларының құрамына кіреді. Липид гректің lipos- май деген сөзінен шыққан.
Липидтер мынадай биологиялық қызмет атқарады:
1) липидтер энергия қорының (депосының) негізгі түрі және тірі организм үшін көміртегі атомдарын беруші; қор болып жиналған липидтердің құрамы мен мөлшері мал азықтандыруға және олардың қоңдылығына байланысты болады;
2) липидтер клетка мембранасының құрылымдық және рецепторлық бөлігі; белгілі бір мүшедегі немесе тканьдегі құрылымдық липидтердің тұрақты мөлшері және белгілі химиялық құрамы болады; ондай липидтер жануарды азықтандыруға және олардың ауруына байланысты өзгермейді;
3) Липидтер басқа да биологиялық тұрғыдан маңызды органикалық қосылыстардың алғы заты бола алады;
4) Қорғаныс қызметін атқарады, организмдерді ыстық суықтан, электер және механикалық әсерлерден (соққыдан, қағылып соғылудан, қатты суықтан) қорғайды;
5) Липидтерде көптеген витаминдер ериді, олардың құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары бар, ондай қышқылдар организмнің қалыпты тіршілігі үшін қажет.
Липидтерді класқа бөлу.
Химиялық құрамы мен құрылымы жөнінде липидтер екі класқа бөлінеді:
1) Майлар немесе бейтарап майлар- қарапайым липидтер деп саналады, мұндай липидтерге триглицеридтер (Триацилглицериндер) жатады.
2) Май тәріздес заттар немесе липоидтар- күрделі липидтер. Мұндай липидтерге фосфолипидтер, балауыз, сфинголипидтер, стеролдар және стеридтер жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Алкендер (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көмірсутектер. Отын
Сабақ тақырыбы: Алкендер
Оқу мақсаттары: 9.4.3.9 -қанықпағандық ұғымын сипаттау
9.4.3.10 -этен мысалында алкендердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
9.4.3.11 полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының механизмі мен полимерлердің құрылымының ерекшеліктерін түсіндіру;
9.4.3.12 -пластиктің ыдырау мерзімінің ұзақтық мәселесін түсіну және оқып білу, қоршаған ортада пластик материалдардың көбеюінің зардабын білу
Сабақ мақсаттары: - Алкендердың гомологтық қатарын еске түсіреді және алкандардан ерекшелігін үйренеді.
- Алкендердің изомерленуін қарастырады.
- Алкендердің номенлктурасын үйренеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | ППЗ 5025 А панелі тек қана жиілігі 25 Гц

Кіру панельдер «ПВ-60»; түзеткіш панель 24 В, «ПВ-24»; 220 В
түзеткіш панелі, «ПВ-24/220 ББ» ; релелік панель, «ПРББ» және жиілікті түрлендіретін панель, «ППЗ-50/25 А»
«ПВ-60» панелі басқа панельдерге электрэнергияны басқаға әкеледі. Бұл панельде түрлі фидерден бекетті қолмен өшіру кілті бар,
«ПВ-24» панелі барлық тізбекті электрқоректендіреді,
24 В тұрақты кернеуді қамтамасыз етеді, қосымша аккумулятор батареясын зярядтап отырады.
«ПВ24/220 ББ» панелі тұрақты кернеудегі 220 В электрқозғалтқышын энергиямен қамтамасыз етіп түрады. Қосымша мұнда «ЗБВ-24/30» түзеткіш панелі, ол «ПВ-24» панелі істен шығу кезінде қосымша түрінде орналасқан.
«ППЗ-50/25 А» панелі тек қана жиілігі 25 Гц тоқпен қоректенетін рельсті тізбектерде қолданылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Негіздер. Негіздердің қасиеттері (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Негіздер. Негіздердің қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты(оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.4.9 - негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну; -олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
Сабақ мақсаттары: -негіздер мен сілтілер арасындағы айырмашылықты түсіну
-негіздердің химиялық қасиеттері туралы білімін қолдана отырып, реакция теңдеулерін жазу
-негіздердің және амфотерлі негіздердің химиялық қасиеттері туралы білімін қолдана отырып, реакция теңдеулерін жазу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Қуаңшылықтың өсімдіктегі физиологиялық және биохимиялық процестерге әсері

1. К і р і с п е
Ауыл шаруашылығы құрғақшылықтан зиян шегеді. Сондықтан құрғақшылықты зерттеу ең басты проблемалардың бірі. Құрғақшылықтың екі түрі болады. Біріншісі — ауа құрғақшылығы, ал екіншісі — топырақ құрғақшылығы. Әдетте ауа құрғақшылығы топырақ құрғақшылығына айналып отырады. Ауа құрғақшылығы ауада антап ыстық желдің соғуы салдарынан пайда болады. Оның әсерінен ауа торланған сияқты көрінеді. Өйткені, жел топырақтын кішкентай бөлшектерін ауаға ұшырып алып кетеді. Ауада олар қатты қызады да өсімдік жапырақтарына түседі, оларды күйдіріп жібереді.
Құрғақшылық жаз айларының әр мезгілінде болады. Қуаңылық болған айларда өсімдік суды қарқынды буландырады. Сондықтан топырақтағы судың қоры өсімдіктерді қамтамасыз етуте жетіспейді.
Күн нұрының әсерімен гидросфера, литосфера және атмосфераның қызуына байланысты, ауа ағынының өзгеруі нәтижесімде жер шарының әр түрлі аймақтарында қуаңшылық құбылысы жиі кездеседі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Химия | Экстракциялық фосфор қышқылы өндірісінің- қалдықтарын залалсыздандыратын жүйе құрастыру

Кіріспе
2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология Кодексі қабылдануға тиіс. Түтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттармен жасауға тиіспіз.
Қоршаған ортаны қорғау XXI ғасыр басында ең негізгі проблеммаға айналды. Қазіргі кездегі өндіріс орны өзінің түп негізінде адаммен табиғат технологиялық байланыс бар екендігін көрсетеді. Соңғы кезге дейін адам баласы табиғат ресурстарын (жер, су, ауа т.б) таусылмайтын, тегін деп түсініп келді. Осы дай көз-қарас салдарынан табиғат ресурстары азайып, қоршаған орта ластануда, табиғи экологиялық тепе-теңдік бүзылды. Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғауға іс-шаралар, әртүрлі табиғат қорғау заңдылықтары пайдаланып, гшешімдер қабылдануда. Қоршаған ортаға келтірілетін зиянды заттарды азайту және соңынан оны мүлдем тоқтату қазіргі жаңа технологиялар мен процестерді ойнап табушыларға біраз шектеулер қоюда. Мүндай шектеулерді өндіріс қойылатын талап деп көрсетуге болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Галогеналкандарды алу (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Галогеналкандар
Сабақ тақырыбы: Галогеналкандарды алу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.2.31 галогеналкандарды алу реакциясының радикалды механизімін түсіндіру;
10.4.2.32 галогеналкандардың әсеріне байланысты қоршаған ортада туындаған мәселелерді айқындау;
Сабақ мақсаттары: - галогеналкандарды алу реакциясының радикалды механизімін түсіндіре алады;
- галогеналкандардың әсеріне байланысты қоршаған ортада туындаған мәселелерді айқындайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Азот пен фосфор қосылыстарын тыңайтқыш ретінде қолдану. Азот оксидтерінің, нитраттар мен фосфаттардың қоршаған ортаға экологиялық әсері. (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары
Сабақ тақырыбы: Азот пен фосфор қосылыстарын тыңайтқыш ретінде қолдану. Азот оксидтерінің, нитраттар мен фосфаттардың қоршаған ортаға экологиялық әсері.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.8 азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау;
10.4.1.9 азот пен фосфор қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту проблемасына шешім қабылдау;
Сабақ мақсаттары: Табиғатта кездесетін азот қосылыстарының сипаттамаларын біледі;
Табиғаттағы азот айналымын түсінеді;
Азот қосылыстарының қоршаған ортаға (атмосфера, гидросфера, литосфера) пайдалы және зиянды әсерін түсіндіреді;
Азот қосылыстарының қоршаған ортаға зиянды әсерін жою жолдарын ұсынады;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Электртерістілік және байланыс полюстілігі (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы.
Сабақ тақырыбы: Электртерістілік және байланыс полюстілігі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.6 атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;
10.1.4.7 ковалентті байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыру;
Сабақ мақсаттары: - Электртерістілік ұғымының не екенің біледі және түсінеді;
- Ковалентті байланыстың не екенің біледі;
- Ковалентті байланыстың түзілу механизмін түсінеді;
- Ковалентті байланыстың түзілуін нақты мысалдар арқылы жазып түсіндіреді;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0