Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу

Экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика.
Шағын кәсіпкерліктің кейбір өзіне тән ерекшеліктері оның экономиканың маңызды секторы екендігін көрсетеді.
Мемлекеттің оған аса мән беруі қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге жетумен түсіндіріледі.
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық нәтижесі келесілерде көрсетіледі:
1) бәсекелестік ортаны қалыптастырады;
2) нарықты тауар мен және әр түрлі қызметтермен толықтырады;
3) ірі бизнес үшін кадрлар мен капитал ресурсының көзі болатын «қөректену ортасы» болып табылады.
Саяси нәтижелерге келетін болсақ шағын бизнес қоғамның бір қалыптылығының негізі ретінде орта класты қалыптастыру көзі болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектепке барар жол-шағын есеп жазу (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Қазақ тілі (екінші)
Бөлім: Саяхат
ТАҚЫРЫБЫ:Мектепке барар жол-шағын есеп жазу.
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ: Т 2 Күнделікті өмірде қолданатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
А 2 Қарапайым әңгімелерді (мәтінді) мазмұндайды.
Ж4 Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады.
САБАҚ МАҚСАТЫ:Барлық оқушылар:
Тірек сөздерді бірнеше рет қайталап айта алады. Сурет пен ақпаратты сәйкестендіре алады.
Оқушылардың көбі:
Тақырыпқа сай сөздікпен жұмыс істей алады, берілген сөздерден сөйлемдер құрып, жұпта жаза алды.
Оқушылардың кейбірі:
Сөздерді сөзбен сәйкестендіріп, қосымша ақпарат айта алады. Берілген фразалардан тақырыпқа сай әңгімелей алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Төтенше жағдай ошағында эпидемияға қарсы шаралар және санитарлық гигиеналық ұйымдастырулар

Қалыпты жағдайда сырқаттанушылық деңгейінің жоғарылауына бір немесе бірнеше инфекция тіркелуі себеп болады, өйткені эпидемиялық процесске берілу факторлары қосылады (су, тағам өнімдері, тасымалдаушылар) немесе науқастардың көбеюі мен қоздырғыштың таралуы жоғарылайды, мысалы: ауа арқылы. Жұқпалы аурулардың эпидемиялық "жарылысы” пайда болады. Бұл жағдайда да бір қалада науқас саны тұмау ауруы тіркелсе де, тұрғындардың 1/3-нен аспайды.



Апат немесе зілзәлә нәубәті ауданында эпидемиялық ошақта бірінші инфекция көзін жалпы берілу факторы болса анықтау қиын, яғни эпид. процесстің бірінші звеносы болмайды, зақымдану көздері анықталмайды, тек қана берілу жолы пайда болады. Жұқпалы ауруларда "жарылыс” болады, содан кейін ғана эпидемия "соңын” науқаспен қатынаста болғандарды зақымдайды, тұрғындар тығыз орналасқан жерде, жанұяда, жұмыста, құтқарушылар арасында, науқастар мен зақымданғандарды көшіру жолында зақымдайды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Медициналық сұрыптау Төтенше жағдайдай ошағындағы дәрігерлік көмек шаралары

Медициналық сұрыптау. Төтенше жағдайдай ошағындағы дәрігерлік көмек шаралары



Апат кезінде көмек көрсетудің үш сатысы болады:



Оқшаулау. Сырттан көмек мүмкін емес. Тірі қалу мәселесі өзі немесе өзара көмек жолымен шешіледі. Бұл шараның ұзақтығының шегі әртүрлі.



Құтқару. Құтқару жұмыстарын жүргізу, зақымдалғандарды медициналық көмек көрсету пункттерінде орналастыру. Орындалған шұғыл көмектер өмірлік көрсеткіштер бойынша және эвакуациялау.



Қалпына келтіру. Зақымдалғандар мамандандырылған және арнайы көмек кезеңдеріне түсік, зақымдалу сипатына сәйкес емдеу қабылдап, реабилитацияланады.



Медициналық эвакуациялаудың І кезеңі (госпиталға дейінгі): науқастар мен зардап шеккендерге жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі......
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бизнес | Шағын және орта бизнестің проблемалары

К і р і с п е
Қазақстан Республикасының экономикасы әкімшілік-бұйрықтық экономикадан нарықтық экономикаға көшудің қиын жолын кешуде. ТМД елдерінің үкіметтері көбінесе нарықтық реформаларды жүзеге асырудың келесі сатыларын ұстанады - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржы, несие саясаты, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы түрде нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Ең маңызды мәселелердің қатарында кәсіпкерлік қызметіне қолдау жасау, шағын және орта бизнесті дамытудың рөлі ерекше.
Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын және орта бизнестің мәні оның бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін құрылымдық фактор ретіндегі орны мен рөлімен анықталады. Шағын бизнестің негізгі функциялары - бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жэрдем. Мұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тэртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мэселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дэлелдейді. Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты кәсіпкерлік» деп аталынғандығы айқындайды. Сондықтан, шағын бизнесті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау

Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзiрледi. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын 1992 және 2000 жылдардағы кезең iшiнде iске асыру Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуына негiз қалады. Шағын және орта кәсiпкерлiк экономикасының жинақылығы салыстырмалы түрде аздаған инвестициялары мен тәуекелiнiң неғұрлым аздығымен қысқа мерзiм iшiнде, бiрiншi кезекте тауар айналысы саласындағы сол кездегi жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi.Қазақстан ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0