Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мереке құтты болсын! №3 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Мереке құтты болсын! №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
3.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, мұғалімнің қолдауымен сұхбатқа қатысады.
Оқушылардың көпшілігі:
тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, сұхбатқа қатысады.
Оқушылардың кейбірі:
түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түседі, сұхбаттасының ойын толықтырады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Құттықтау - тілек: 14 Наурыз - Амал көрісу күні

Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0

Өлең: Құтты болсын шаңырақ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Құтты болсын шаңырақ,
Пана болсын жалғыз Xақ!
Қосағыңмен қоса ағар,
Өмірлерің болсын шат.
Адал жанға бақ қонар,
Еш адамды көрме жат!
Берер батам келінге,
Сүйкімді бол еліңе.
Ата-енеңді құрметте,
Қияңқы пейіл дегізбе!
Айтар сөзім балаға,
Ұмытпай сақта санаңа.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Мектеп бітірушілерге, түлектерге арналған тілектер топтамасы

Құрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірлі ұстаздарымыз, ата - аналарымыз және менің қимас достарым! Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс қоңыраудың үнін естімейді.
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0

Шығарма: Қазағым құтты болсын егеменің

Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Ұлы Жеңістің 71 жылдығын ерекше атап өткен болатын.
Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы.
Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Биыл ТМД елдері осы соғыстағы ортақ ұлы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің саяси – кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Наурыз мейрамы құтты болсын!


Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0