Өлең: Құтты болсын шаңырақ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Құтты болсын шаңырақ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Құтты болсын шаңырақ,
Пана болсын жалғыз Xақ!
Қосағыңмен қоса ағар,
Өмірлерің болсын шат.
Адал жанға бақ қонар,
Еш адамды көрме жат!
Берер батам келінге,
Сүйкімді бол еліңе.
Ата-енеңді құрметте,
Қияңқы пейіл дегізбе!
Айтар сөзім балаға,
Ұмытпай сақта санаңа.
Жан-тәніңмен сый көрсет,
Ақ сүтін сорған анаңа!
Сүйген жарың аман болсын,
Ел сүйер ақпейіл санаң болсын.
«Балалы үй — базар» деген ата-бабам,
Сүйгенiңнен он шақты балаң болсын,
Ел қорғаны, ақылды, адал болсын!
Отыңның басы басқа толсын,
Дастарқаның асқа толсын.
Немерелерің—мұрагерің
Ұзақ өмір жасқа толсын!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Құтты болсын шаңырақ өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Кутты болсын шанырак казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Құтты болсын шаңырақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]