Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Құтты болсын Ұлыс күн!)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Құтты болсын Ұлыс күн!)

Бәйшешек бүрлеп,
қызғалдақ гүлдеп жайнайды.
Сыбдырлап құрақ,
сылдырлап бұлақ бойлайды.
Кел, Наурыз, төрлет,
жүректі тербеп таңғы үміт.
Көңілді көлдет,
сезімді селдет ән қылып.

Асқа толсын қазаның
бастауындай ырыстың.
Тарқамасын базарың,
құтты болсын Ұлыс күн!

Аңсап халқым сағынған,
мақпал шағын даланың.
Нұрдан алқа тағынған,
құтты болсын Жаңа күн!

Бұлбұлдар сайрап,
ұл-қыздар ойнап көктемде.
Аунатып төлін,
қаулаған шөбі көк белге.
Кел, Наурыз-думан,
шаттыққа тұнған мерекем!
Құлпырсын жерім,
тасысын, елім, берекең!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ерлан ахмет Құтты болсын Ұлыс күн өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Құтты болсын Ұлыс күн

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]