Өмірбаян: Әсел Далиева

Әсел Далиева – тоғызқұмалақшы

Ұлт мәдениетінің қалыптасып, жетілу барысындағы зияткерлік ойындардың орны айрықша. Олар - ғасырлар бойы үздіктерді анықтайтын спорттық бәсеке, жарыс түрі ғана емес, өскелең ұрпақ тәрбиесінде, ұлттардың интеллектуалдық әлеуетін көтеруде маңызды феномен. Тарихы сан мың жылдық тоғызқұмалақ ойыны – қазақ ұлтының әлемдік өркениетке қосқан жарқын үлесінің бірі. Қазақтың ұлттық зияткерлік спортының қазіргі жарық жұлдызы – тоғызқұмалақтан әлемнің 7 дүркін чемпионы 27 жасар Әсел Далиева.

Ол – тоғызқұмалақтан Қазақстан еңбек сіңірген спорт шебері атанған жалғыз әрі ұлттық спорт түрлері арасында осы атақты иеленген тұңғыш спортшы. Тоғызқұмалақты тоғыз жасында ойнай бастаған Әсел Далиева он екі жасында - еліміздің ең жас спорт шебері, ал он алты жасында - халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған ең жас спортшы атанады. Жиырма жасына дейін жастар арасында республикалық тоғызқұмалақ жарыстарының 6 дүркін жеңімпазы болды. Ал ересектер арасындағы республикалық додаларда 11 мәрте чемпион атанып, көптеген халықарлық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріледі. 2013 жылы Әселге Азияда ойындарының алауын жағу мәртебесі берілді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Өмір тауқыметі

Таңсәрі жаңа шыққан күннің бетін бұлт басқан, айнала аппақ, қар жауып тұр. Жел уф етсе, боран соққалы тұр. Ауылдағы барлық кемпір-шал, бала-шаға келіншектер жиналып соғысқа аттанып бара жатқан Сары шалдың баласы Әлібиді, Қоңқанның баласы Ерғалиды, Ертілеудің баласы Жетегенді шығарып салып тұр. Жетегеннің келіншегі Бати тозған шарқатының шетімен парлаған көз жасын сүртіп тұр. Жетегеннің артында шешесі Дәме, қызы Бажау мен аяғы ауыр келіншегі қалып барады. Жиналған жұрттың ішіндегі ақсақалды қарт адам
- Ал, балаларым, қайда жүрсеңдерде аман болыңдар! Жауды жеңіп аман-есен оралыңдар, деп ақ батасын беріп бетін сипады.
Қара торы ат жегілген шанадағы әскери киінген сұсты адам,
- Тез болыңдар, боран басталғалы тұр, жолымыз ұзақ, Шалқар стансасына жетуіміз керек деп, - айқайлады.
Жиналған қара құрым халық шу етіп жылап-сықтап қол былғап қала берді.
Қара торы ат жегілген шана көзден ғайып болғанша тарқаспады.
Бұл 1941 жылдың желтоқсан айы еді. Фашистік Германияның нағыз қаһарланып тұрған кезі. Соғысқа аттанған жас жігіттер Шалқар стансасына одан Ақтөбе қаласына жеткізіліп, казармаға орналастырылды. Ақтөбе қаласында он күн бойы дайындалғаннан кейін Мәскеу қаласына поезбен жеткізілді. Бұдан бұрын ешқайда шығып көрмеген ауыл жігіттеріне бәрі таңсық болса да, іштерінен үрей мен қорқыныш басымырақ. Мәскеуде екі күн болған соң, Мәскеу жанындағы Орел қаласына аттанды. Қасындағы ауыл жігіттері әр жаққа бөлініп кеткен. Ұрыстың дәл ортасына түскен 26 адам, көбісі жас жігіттер болса, кейбірі егде тартқан жігіт ағалары. Командир сапқа тұруға бұйрық берді.........
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Аида Балаева Ғалымқызы

Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы "құқықтану" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқыды.

Әр жылдары Алматы қаласының ішкі саясат....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Әсет Исекешев Өрентайұлы (1971 жылы 17 тамыз)

Әсет Өрентайұлы Исекешев 1971 жылы 17 тамыз күні Қарағанды қаласында туған. Білімі – жоғары, әскери атағы – запастағы лейтенант.
"Мен – дәрігердің ұлымын"
Әсет Исекешевтің ата-анасы кім, қайда қызмет еткен, қандай кәсіпті игергені туралы ақпарат көп айтыла бермейді. Тек Исекешевтің өзі Астана қаласындағы үздік дәрігерлерді марапаттау кезінде анасы дәрігер болғанын айтқан еді.
"Дәрігердің жұмысын жақсы білемін. Жәй естіп қана қойған жоқпын, қандай ауыр жұмыс екенімен жақсы таныспын. Себебі, мен – балалар дәрігерінің ұлымын" — деген еді ол дәрігерлермен кездесуінде.
Оның 1968 жылы туған ағасы бар, аты-жөні – Ерлан Исекешев. Ал, әкесі – Өрентай Исекешев қайтыс болған, өмірін энергетика саласына арнаған адам....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Эссе: Зулайды менің өмірім

Өмір... Сірә, өмір жайлы толғанбаған, сырлы қаламымен жырламаған ақын-жазушы дүниеде жоқ шығар. Талай ғасырдан бері «дүние қалай пайда болды, адам қалай жаратылды, өмірдің мәні неде?» деген сұрақтар адамзатты мазалағаны даусыз. Ол туралы философтар, ғалымдар, саясаткерлер бір-бірінен ерекшеленетін тұжырымдар келтірген. Менде өзімнің өмірге көзқарасымды, өмірдің мәні неде екенін айта кетейін.

Ештеңені ойламай, алаңсыз, уайымсыз күн кешіп жүрген балалық шағым. Әжемнің ертегісін тыңдап, атамның ақылын есте сақтап, әкеме еліктеп, анама еркелеп, бауырларыма қамқор болып жүрген бақытты кезім. Ауылдың таза ауасын жұтып, достарыммен ойнап, өрістен қайтқан малдарды тамашалап, күннің ыстығына қарамай қызық қуып кететін шаттыққа толы балалық шағым. Қолыма гүл алып мектептің табалдырығын аттаған қорқыныш пен қызыққа толы сәт, сыныптастарыммен жарысып, мұғалімнің тәлімін алып, білім қуған кез. Бәрі өткеннің еншісінде. Қайта айналып келмейді. Өйткені, бұл өмір. Ал, «өмір» деген не? Біріншіден, тоқтаусыз зымырап жатқан алтын уақыт. Екіншіден, күнделікті күйбең тіршілік. Үшіншіден, отбасы, мектеп, жұмысты ойлап өтіп жатқан күнің... Сіздің өміріңіз қалай өтуде? Осы жасыңызға дейін істеген істеріңіз, уақытыңызды қалай жұмсап жатқаныңыз жайлы ойланасыз ба?

Адам адам болып жаратылғаннан бері біраз уақыт өтті. Сол уақыт аралығында адамзат соғыс, жұт, табиғи апат және басқа да қиыншылықтарды басынан өткізді. Өз қолдарымен жасалған әрекет қаншама. Осыдан кім қандай пайда көрді? Олар үшін өмірдің мәні неде?

Адамдардың армандары, мақсаттары, қалаулары әр түрлі болады. Біреуі – бай болсам, менің атымды дүниежүзі білсе екен, екіншісі – адамдарға қалай көмек көрсетсем, оларды таза жолға түсірсем екен десе, үшіншісі – тек бір сәттік ләзатты іздеп, ойын-сауықтан қуаныш табады. Олар үшін өмірдің мәні осылар. Және өздерінің арман-мақсаттарына жеткеннен кейін риза болып, қанағаттанбайды. Не себепті? Сіз сол жайында ойланып көрдіңіз бе?.....
Эсселер
Толық
0 0

Өмірбаян: Мұрат Қабылбаев

Қабылбаев Мұрат - «Покажи мне небо» кітабының авторы, 11 баланың әкесі.

Мұрат Қабылбаев –он бір баланың әкесі, оның ішінде он баланы асырап алған. Мұрат бала асырап алушылар арасында және қоғамдық қозғалыстарды ұйымдастырушалыра арасында Ақмола облысына танымал адам, «Ребенок должен жить в семье» қоғамдық қозалысының белсенді мүшесі, сонымен қатар Мұрат Қабылбаев Аружан Саинның «ДОМ» қоғамдық қорында жұмыс істейді, «Казахстан без сирот» жобасында usynovite.kz сайтының редакторы болып табылады.

Бұдан бөлек, Мұрат бала асырап алу, қамқорлыққа алу және патронаттық тәрбиелеу проблемалары бойынша контент құрумен айналысады. Panda.kz, Yision.kz порталдарында және баспа басылымдарында, әлейметтік желілерде басылымдарын жариялап отырады, Қазақстандағы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу тақырыбына жазылған көптеген мақалалардың авторы. Мұрат қоғамдық тыңдауларға, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын бекіту, отбасы және балаларға арналған әлеуметтік қызметтерді дамыту форумдарына белсенді қатысады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ғалымжан Әлеуханов

Ғалымжан Әлеуханов – әскери қызметкер

Ефрейтор Ғалымжан Әлеуханов – 61993 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау батальонының әскери қызметкері. Ғалымжан өртке оранған пәтерден екі баланы алып шыққан қайсар жан. Бірде жауынгерлік кезекшіліктен шығып, үйіне бет алған ефрейтор Ғалымжан Әлеуханов бес қабатты үйдегі пәтерлердің бірінің терезесінен шыққан будақтаған түтін мен отты көріп қалады. Дереу оқиға орнына жетіп, өрт сөндіру сатысымен үйдің шатырына шығып, шатыр қаптамасын жұлып алып, подьезге кіреді. Үйдің есігі ашық болғандықтан ол еш кедергісіз пәтерге енеді. Алдымен айқайлап үйде адам бар ма соны білуге тырысады. Ешкім жауап қатпағаннан кейін, әр бөлмені тінтіп, мұқият қарай бастайды. Түпкі бөлмеден 4-5 жас шамасындағы екі баланың ес-түссіз жатқан жерінен тауып алады. Дереу балаларды сыртқа алып шығады.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Тіл - ар өлшемі, ұлттың өміршеңдігі

Шіркін, төбе құйқаңды шымырлатып, жылы сөйлеп жыланды інінен еріксіз шығаратын, тас жар алмаса да бас жаратын, сүйексіз болғанмен сүйектен өтетін қасиетіңнен айналдым, тілім! Ұлттың сүйенетін тамыры да, асыл ойдың қайнар бұлағы да өзіңсің, тілім! Сол тамырыңның тереңге жайылуын қалап, қайнар бұлағыңның иненің жасуындай болсын ластануын қаламаған, қайран қазағым-ай! Соншама жыл тар жол тайғақ кешуде де аяғыңды шалыс баспай, туған елінің күйі үшін, тілі үшін, діні, ділі үшін боз інгендей боздаған қайран қазағымның ерен еңбегін тайға таңба басқандай білсем нұр үстіне нұр. Ата-бабадан қалған аманатқа қиянат жасау кешірілмес қылмыс.

Қазағымның сөнбейтін алтын күні – ана тілім. Елдігіміз бен бірлігіміздің туы болып саналатын қасиетіңнен айналдым, құдіреттім! Ұшса құстың қанаты талатын сары даланы сақтап қалуда жан-жігерін аямаған ата-баба рухымен дарыған сендік құдірет алпыс екі тамырымда соғып тұрғаны баға жетпес бақыт. Құндағымнан ананың әлдилеген үнінен сәби денеме сіңгенің өмірлік азық, рухымның ұшар биігі, ұлтымның өміршеңдігі.

Сенің өн бойыңа жан бітіріп, оны ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келуі, қашанда көзінің қарашағындай қастерлеп біздерге аманаттаған ата-баба рухына сан мыңдаған алғысымызды білдіреміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры болып саналатын тілімнің тілінгенін көру жүрекке үскідей қадалады.

Шіркін, «Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?», - дейді қариялар. Айдың, күнің аманында, егемендігін алған, ұшса құстың қанаты таларлықтай ұлан-ғайыр жері бар, тәуелсіз ел жұртының өз ана тіліне жаны ашымауы мүмкін емес. Дей тұрғанмен, қызыл тілді қызыққа айналдырған қуыс кеуде жандардың сиқын көріп олай айта алмайсың. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Абылайхан Асылбай

Абылайхан Асылбай - қолөнер шебері

1996 жылы Семей қаласындағы құрылыста краннан Абылайхан Асылбай есімді жұмысшы құлап кеткен екен. Көптеген жарақаттармен қатар омыртқасы зақымданған 34-жасар құрылысшы ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер оның енді ешқашан өз аяғын басып жүре алмайтынын айтады.

Қазір Абылайхан 53 жаста. Дәрігерлердің болжамына қарамастан мүгедектер арбасына таңылмаған. Өміріне шағым айтып, біреуді кінәлаған емес. Ол қазақ халқының көне өнерін қайта жаңғыртуда.
Дулыға, сауыт-сайман, қару-жарақ, садақ, кіреуке – бұл қазақ батырының жабдықтары. Осындай жабдықтар Абылайхан Асылбайдың шағын «мұражайында» көрсетілген. Нақтырақ айтсақ, жеке үйдің бір бөлмесінде. Бұл бұйымдарды ол өз қолымен қарапайым қолда бар материалдардан жасап шығарады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0