Сауат ашудан сабақ жоспары: Постер жасау «Э» дыбысы мен әрпі (1 сынып,4 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем»
Сабақ тақырыбы: Постер жасау. «Э» дыбысы мен әрпі
О қу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж9 Оқырманды қызықтыру, сендіру мақсатында мәтін жазу
Ж11Грамматикалық нормаларды сақтау
Ж12 Пунктуациялық нормаларды сақтау
Сабақ мақсаттары: Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлем құрастырып жазады
Берілген сөздердің көмегімен шағын постерлер мен жарнамалар құрастырады.
Жай сөйлемдерде сөздерді дұрыс байланыстырып жазады, көптік жалғауларды дұрыс қолданады
Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Әлеуметтік желі

Адамдардың басын улаған әлеуметтік желі. Қазіргі таңда көптің мәселесіне айналған әлеуметтік желі туралы нүктесін қойып, шешімін тапқан ешкім жоқ. Әлеуметтік желіні зиян дейміз-ау. Бірақ, бізде соның құлына айналып барамыз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Ғазиз құстар келеді аласұрып,
Көктем келе жатыр ғой қар ашылып,
Күн шуағын шашады көгімізде
Өтті, кетті ызғары қара суық.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: қимыл - қозғалыс ойындардың түрлері

Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8 - 10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады.
Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын - ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Transport (Көліктер)

Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Көліктер түрлерін атап, оларды сипаттауға үйрету.
Көрнекіліктер: Көліктер бейнеленген плакат.
Билингвиалдық компонент:
A car - көлік
an airplane - ұшақ
A bus – автобус
a bicycle - велосипед
A ship – кеме
A train – пойыз

Мотивациялық қозғаушы
Жылулық шеңбері
Шеңберге тұрып, жүректі бір - бірінің қолына беріп болашаққа кім болғың келетінін айтыңдар.
- Good morning, children!
- How are you? .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Топырақ құрылымы құрамы жіктелуі және қасиеттері

Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм,шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттартардан бастап одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттардан бар.Агрегаттардың көлемі 1мм-ден -10мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі.
Топырақ бөлшектерінің құрылымы .
1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды,борпылдақ.
2. Құрылымы майда түіртпекті, оқ дәрәсіндей, мөлшері 0,5-1 мм.
3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5мм.
4. Жаңғақоты құрылым, 5-10мм.
5. Майда кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді.
Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән құрылымның бірі-топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақтар бір-бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың шатастырмау керек. Морфологиялық құрылым- топырақтың сыртқы пішіні. Топырақтың әр түрлі морфологиялық құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір-бірнен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы бар топырақтың генетикалық қабаттарынан көруге болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Ш.Уәлихановтың еңбектері

Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың қоғамдық тарихи майданда көріне бастаған дәуірі қазақ халқының ұлы орыс халқымен және оның алдыңғы қатарлы демократияшыл мәдениетімен жақындау дәуірі еді.
Бұл жақындасу қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің дамуына даңғыл жол ашты.
Теріс бұтақ, Құндызды, обаған өзендері мен Құсмұрын көлін жағалай қоныстанған Атығай, қыпшақ, керек, уақы, руларының қалың елі осы Шыңғыс аға-сұлтанына бағынады.
Бұл жерлерді Шоқан жазғы демалысқа келіп жүрген кездерінде (1850-1852ж) өзінің жазулары мен суреттерінде бейнелейді.
1835 жылы Аманқарағай округінің орталығы Құсмұрын болып Уәлихановтар семьсы осы бекініске көшті.
Мұнда Шыңғыс 20 жыл тұрды. Алғашқы үш баласынан басқасының бәрі осында туылды.
Шыңғыс семьясымен Сырымбетке 1853 жылдың шілді айында қайта оралады. Шоқанның жастық шағы көбінесе осында өтеді. Сырымбетте Шоқанның есіміне байланысты есте қалған жерлері көп, Сырымбет тауының басындағы биік жерлер, жартас ел аузында көп айтылды.
Шоқан сол төңіректе тау көрінстерімен туған елінің суреттерін әдетте осы жартастың үстінде отырып бейнелейді екен.
1960 жылы Шыңғыс Көкшетау округіне аға сұлтан болып сайланды. Бұған Қашқарға барған сапары табысты болып, беделі арта түскен. Шоқанның ықпалы да елеулі әсер еткен.
Шоқанның әкесі және ғалым мен ағарту ісінің қазақ еліндегі қамқоршысы ретінде ШЫңғыс Москва мен Петертургке, әсіресе, актропологиялық және географиялық қоғамдарға белгілі болған адам.
Шыңғыс Уәлихановтың орысша оқып білім алған бала жалғыз Шоқан емес, тағы да бірнеше баласы болды, інілерінің ең қабілеттісі Сақыпкерей еді. Ол жас кезінде қайтыс болған ол өзінің көңілдес досы, халық композиторы Ақын серімен бірге бірсыпыра ән мен күй шығарған. Ішіндегі әйгілері: «Айкөкек», «Сырымбет», «Көкенің аманаты» сүйікті ағасы Ш.Уәлихановқа арналған еді. Шоқанның тағы бір інісі Мақы Мақажан Уәлиханов (1844-1923) суретші болды.
а) Шоқанның жастық шағы
Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата-мекені Сырымбетте өткізген. Шоқан ең алдымен Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуларын меңгерді және қарындашпен сурет салып үйренеді. Бала Шоқанның сана-сезімі ерте оянып, рухани өсіп, жетіле беруіне әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Тумасыннан дарынды, сезімтал балаға әжесі халық даналығының сарқылмас білім бұлағы болған. Ол Шоқанға ескі хикаялары мен аңыздарын қызықты етіп әңгімелеп отырған.....
Рефераттар
Толық
0 0