Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Дидактикалық ойындар

«Тілдік дидактикалық ойындардың ұйымдастырып өткізудің маңызы»
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алды. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы ұғысады, бірінен - бірі ептілікті үйренеді. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай олардың мінез - құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым - қатынастарымен танысады.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез - келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын – дегеніміз не? Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Тарих | 1985 1991 жылдар аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ұйымдар

КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.
Дағдарыстың себебі өте көп болды. Мысалы, экономикалық жағынан алғанда ғылыми-техникалық прогрестің өндіріске енгізілуі баяу етті, өнімдердің сапасына емес, санына көп көңіл бөлінді т.б.
Қоғамдық өмірде халықтың тұрмыс деңгейі күрт төмендеді, әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлінбеді, қылмыс тым кебейді.
1985 жылы наурызда К.У. Черненко қайтыс болғаннан кейін, КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне М.С. Горбачев келді.

 Қайта құру бағыты

1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта құру бағыты жарияланды. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елді жаңару бағытына бастауға міндет алды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В. Гришин, Ленинградта Г.В. Романов, Қазақстанда Д.А. Қонаев, Әзірбайжанда Г. Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғы-шарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен-күнге қиындай берді.
Негізгі себептері. 80 жылдарға қарай халық шаруашылығындағы тоқыраушылық айқын көрінді. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмір де отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.
Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Мәскеуде ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендігі сөз жүзінде ғана болды.
Қазақстан партия басшысы Д. Қонаев өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д. Қонаевтың өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Д. Қонаев маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік, экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.
1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Орталық партия Комитетінің бас хатшысы М.С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім тек сөз жөзінде қалды. Оны Қазақстанның партия, кеңес органдары қызметінен байқауға болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қарталы)

Арқаның асқарында асау белде,
Бәйшешек жасылданған қызыл гүлде,
Сағымын сардаланың жатыр қиып,
Оранған әсем арқа үл мен бүлде.
Қақ жарып қара тасты қардай тіліп,
Төбені төңкереді ылди қылып,
Боратып экскаватор......
Өлеңдер
Толық
0 0

Ертегі: Мұрагер

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:
— Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әр қайсың маған байлықтарың мен ақылдылықтарыңды көрсетулерің керек,— дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Балалар ұжымының қалыптасуы мен дамуы

І. Кіріспе
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, қашық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айтты: "Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз".
Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуальдық, мәдени дамуыныі жоғары деңгейін және кәсіби біліктігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Мемлекет білім беру жүйесін басым дамытуға , білім беру мекемелерін дүнмежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материальдық техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді.
1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары

Кіріспе
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шындалады. Келешекте осы елдің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан, Қазақстандықтар барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқушылардың білім сапасы , даму бағыттары , келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның , мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусым куні «Білім туралы заңы» қабылданды.
Білім туралы заңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі- педагог қызметкелер, оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік,дағды алуын қамтамасыз етуге, баланың жеке шығармашылық қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі көрсетілген. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандарты министрлік алқасының 18.07.1996 жылы 81/2 шешімімен бекікіліп, 1998-1999 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне енгізілді. Бұл білім стандартында оқушылардың әл- қуатына қызығушылығы мен шығармашылык кабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, өзін-өзі дамытуыеа жағдай жасай отырып, міндетты деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Технология | Сандық жасау тарихы үй тұрмысында қолданысы

1. Ізденіс жұмысында жобаға байланысты қанша нақты варианттар қаралды:
2. Сандық түрлері:
3. Тиімді вариантты таңдауда қандай мәселені меңзедің:
Үй мүліктерін насихаттау арасында - сандықты таңдадым.
Таңдаған варианттың басқа варианттарға қарағандағы ерекшелігі: Сандық - кепкен ағаштан жасалып, оның алдыңғы бетіне ою - өрнектермен әшекейлеп салынатын бұйым. Ою - өрнектің түрі қошқар мүйізбен өрнектеп жасадым. Бұл тәсілді чеканка ою арқылы орындалады. Сәнді болу үшін түрлі – түсті бояулармен боядым. Бұл бояулар сандыққа әр беріп тұрады.
4. Негізгі мәлімет өлшемдері:
Сандық негізгі төрт бөліктерден тұрады.
1. Асты – үсті
2. Екі жаны
3. Алды - арты
4. Қақпағы
Материалға жұмсалатын қаражат: 5000 теңге.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0