Курстық жұмыс: Тарих | Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолына сипаттама

Ол кісі өте зерек, көрген саясаткер болды, республика тағдырына байланысты Мәскеудің әрбір қадамын алдын ала сезіп отырды, Қонаев басқарған кезең болатын. Халқының алдындағы бұл Кісінің негізгі еңбектері қандай еді ? біліп отырды.
Хрущевтің жақын төңірегіндегі «орысшыл патриоттарына » одақтық бюджеттен орталық Ресей аймағының ауылшаруашылығын көтеруге тисті айтарылықтай қаражаттың тың жерлерді игеруге жұмсалып жатқаны қатты мазасындандыратын.
1986 жыл. Қазақстан басшысы ауыстырылды. Орталық Д.А.Қонаевтың орнына Қазақстанда ешкім білмейтін және Қазақстан Республикасы туралы оның өзі де бей хабар Колбинмен салыстырудан аулақ дегенмен дүние жүзіне есімі мәлім Д.А Қонаевқа байланысты оның көзқарасы оң болмады. Еш жерде өзін таныта қоймаған Колбин Қазақстанға келісімен менменсіп, панданып шыға келді. Ол келісімен Қазақстан компартиясы басшыларын қудалау басталды.
Соған қарамастан тарихтың өтірік пен бұрмалаушылыққа жол бермейтің де ұмытпауымыз керек. Г.В.Колбинге келетін болсақ, қалайда Орталыққа жағынуды мақсат тұтқан бұл «басшы» бәрінен де асып түсті. Д.А.Қонаевқа «саяси қылмыскер» деген айдар тағып, оған 1986жылғы желтоқсан оқиғаларын ұйымдастырушы деген сұрақты қою үшін Кеңестік Қазақстан тарихында тұңғыш рет жастар Орталық Комитетінің ғимаратының алдындағы алаңға жиналды ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қоршаған ортамен танысу Үй жануарлары

Мақсаты: Балалардың мысық пен күшік жөнінде түсініктерін кеңейту, олардың тіршілігімен таныстыру. Тілін дамыту, антоним сөздерді пайдалану арқылы сөздік қорын тереңдету.
Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: көрсету, сұрақ - жауап, бақылау.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, слайд, маркерлер

1. Ұйымдастыру кезеңі, сәлемдесу.
Жылулық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз.
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн, балалар!
- Балалар үй жануарлары деп нелерді айтамыз?
- Кім оларды атап береді?
Бүгін біз сабақта мысық пен иттер туралы айтамыз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Тарихқа саяхат

Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім бөлімі: Сурет салу
Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат
Тақырыбы: Сәукеле
Мақсаты: Ұлттық баскиімдерді ажырата білуге; ою-өрнек элементтерін үшбұрышқа орналастыра білуге үйрету; көз мөлшерін дамыту; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:сәукеленің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар:сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуеніді күйтабақ, доп.
Сөздік жұмыс: сәукеле, әшекейле, өрнекте.

Қызмет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық
қозғаушы Педагог алдын ала жасалған көрмедегі ұлттық баскиімдерді балаларға көрсетіп, салыстырады.
Шеңберге тұрып балаларға доп тылақтырады; педагог жекеше түрде айтқан сөзге балалар сол сөздің көпше түрін айтып жауап береді (тақия-тақиялар, етік-етіктер).
Балалар ұлттық баскиімдерді естеріне түсіреді, әңгімелейді.

Ұйымдастырушы
ізденуші Қазақтың ұлттық киімдері туралы әңгімелеу. Балалардың анық сөйлеулерін қадағалау.
«Сырмақты әшекейле» дидактикалық ойын.
Балалардан үшбұрышқа ұқсас заттарды атауды сұрау.
Сәукеле туралы түсінік беру.
Ұлттық баскиім – сәукелені әшекейлеуді ұсыну (сәукелені қиіп дайындап беруіне болады)
Салыну жолдары:
Алдымен үшбұрыш сызып алынады, төмен жағына сызық жүргізіледі, төбесіне үкі салынады. Балалардың қалаулары бойынша ашық түстермен жұмыс жасалады. Дайын сәукелені жуан қылқаламмен боятып, сәл кепкеннен кейін жіңішке қылқаламның ұшымен әдемі ою-өрнектер салып өздері қалаған түспен әшекейлету.
«Қызғалдақ» және « толқын» өрнектерін салуды ұсыну. Балалар сұраққа толық жауап береді.
Киімдерді атайды, неден жасалғанын, қайда киетінін айтады


Балалар қылқаламдарын суға салып, ыдыстың шетіне сүртіп, бояумен қылқаламның ұшымен жұмыс жасайды.
Қандай түспен, қылқаламмен қай жерін бояп жатқандарын айтады.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: География | Америка Құрама Штаттары

Территориясының көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзі елдері ішінде төртінші орын алады. Оның құрамына үш бөліктен тұрады: 1.негізгі територия (немесе АҚШ-тың өзі), ол шығыстан батысқа қарай 4,7 мың, солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 мың км-г созылып жатқан үлкен төрбұрыш секілді, 2.Аляска, 3.Тынық мұхиттағы Гавай аралдары.
АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы өте қолайлы, ол барлық кезеңдерде де елдің дамуына себепші болған. Бұл ең алдымен теңіз шекарасының көптігіне 12 мың км), әсем табиғи айлақтардың болуына және әсіресе негізгі территориясының екі мұхиттың аралығына орналасуына байланысты. Канада мен мексикамен құрлықтағы шекарасы шартты сызықтар арқылы, өзендер мен көлдер арқылы өтіп, сауда-экономикалық байланыстардың дамуына жағдай жасады.
Мемлекеттік құрылысы бойынша АҚШ-50 штаттан тұратын федерациялы республика. Әрбір штаттың өз конституциясы, өзінің заң шығарушы және атқарушы билік органдары, сайланбалы губернаторы, сондай-ақ рәміздері бар. Сонымен қатар, елдің астанасы- Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия Федералдық округі өз алдына жеке аймақ.
АҚШ халқының жөнінен де дүниежүзінде үшінші орын алады; тұрғындарының саны жөнінен ол ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италияны қосып алғандағыдан кем түспейді. Демографтардың болжамдарына қарағанда ел тұрғындарының саны 2000 ж. қарай 265-270 млн адамға жетпек; бұл бір ған ХХ ғасырдың өзінде оның халқы 3,5 есе өседі деген сөз.
Алайда АҚШ жас ұлт ретінде халықтың табиғи өсуі жөнінен алғашқы орындардың бірін алған уақыт келмеске кеткен. 80-90- жылдары бұл өсім айтарлықтай кеміп, жас-жыныстық пирамидаға да әсер етеі. Халықтың жылдық абсолюттік өсімі қазір 2 млн. адамға жетпей отыр.
Имиграция қашан да АҚШ халқының санана зор ықпал етіп келеді, солай болып қала береді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Шымкент мұражайлары

Оңтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1920 жылы құрылған. 1977 жылы музей арнайы салынған жаңа ғимаратқа қоныс аударды.
Облыстық мұражайдың 3 бөлiмшесi: Түркiстан қаласында С.Ерубаев атындағы әдеби-мәдени мұражай; Сайрам ауданында Сайрам тарихи-өлкетану мұражайы; Түлкiбас ауданында Тұрар Рысқұлов атындағы тарихи-өлкетану мұражайы және 1 секторы: Ескi Иқан ауылындағы Мiртемiр әдеби-мемориалдық мұражайы бар.
Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауына сәйкес жасалған 2004-2006 жылдарға арналған ортамерзiмдiк "Мәдени мұра" Бағдарламасының негiзгi бағыты мен мақсаттарын iске асыру барысында Оңтүстiк Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейi өлкемiздiң мәдени, тарихи және ғылыми құндылықтарын сақтау, музейлiк заттар арқылы мәлiметтердi жинақтап тарату, өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан қалған мұралар жөнiнде тәлiм-тәрбие беру сондай-ақ халқымыздың материалдық ескерткiштерi мен рухани мәдениетiн зерттеп, көрнектерi мен көрмелерi арқылы жеткiзуде өзiнiң қоғамдағы әлеуметтiк мiндеттерiн яғни, ғылыми зерттеу, жинақтап iрiктеу, экспозициялық, әдiстемелiк, ғылыми-ағартушылық, экскурсиялық қызмет жұмыстарын уақыт талабына сай атқаруда.
Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы
Облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы 2001 жылы 2-қарашада Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай облыс әкімшілігінің тікелей бастамасымен ашылды.
2002 жылдың 13-тамызында облыс әкімінің №284 қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайы мемлекеттік коммуналдық - қазыналық кәсіпорыны» болып құрылды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Хат жазу Тасымал (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақтың тақырыбы: Хат жазу. Тасымал
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж4 Өз ойынан мәтін жазу
Ж 12 Пунктуациялық нормаларды сақтау
Ж8 Мәтінді түзету және редакциялау
Сабақтың мақсаттары: 1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады
1.3.12.1 Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады
1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.Б/С4.Шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.
Сабақ мақсаты: Шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Ғаламдық проблемаларды шешу (10 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Сабақ тақырыбы: Ғаламдық проблемаларды шешу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Ғаламдық проблемалардың критерийлерін анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Менің сүйікті ертегі кейіпкерім

Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді-
Ертегіні тәуір көрем мен тегі...
Жүрсін Ерман

Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті, жеңіл келеді. Ертегі –жақсылық пен жамандықты жеңіп,соңы жақсылықпен аяқталатын ойдан шығарылған хикая.Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқа да халық қиялынан туындаған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады. Ертегілер бізді жалқау болмауға, үлкенді сыйлауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйретеді.

Қазақ ертегілері сан алуан, оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.......
Эсселер
Толық
0 0