Әңгіме: Бауыржан Момышұлы | Троллейбуста


— Тұрсаңшы.

— Иә, қазір, — деп ұйқылы көзімді ашып киіндім.

— Балаларды базарға жіберейін деп едім.

— Оларға мен базарға барма дегенім жоқ қой. Жібере бермейсің бе?

— Қолдағы ақшаны кеше келін алып кетіп еді. Балалар жуынғанша, сберкассадан ақша алып келсеңші, — деп мені жұбайым Ғайникамал оразамды аштырмастан жұмсады.

Аш қарынға бір сигаретті тартып мен көшеге шықтым.

Троллейбустың ортасындағы орнында отырмын. Түрегеп тұрғандар да аз емес. Менің желкемде екі қазақ студент тұр.

— Ей, сені не қара басып, әлгі Есенжанмен төбелесіп жүрсің? Екеуіңді егіз қозыдай тату жолдас деп жүруші едік, — деді біреуі.

— Ол ақымақтың өзі кінәлі. Қой десем, қоймастан аузына келгенін оттап, ақырында мені оскарбить етті. Шыдай алмастан, мен оны Бауыржан Момышұлымен періп келіп жібердім. Ол да қарап тұрсын ба — мені шапалақпен тартып жіберді. Мен оны да оңдырғаным жоқ. Төбелес солай басталды...

— Остановка Фурманова! — деп жариялады. Мен орнымнан тұрып, троллейбустан түсіп кеттім.

Үйге келген соң естігенімді жұбайыма айттым.

— Сенің қазақша бір жинағың «Бауыржан Момышұлы» емес пе еді, — деп Ғайникамал ішегі қатып күлді.. Сол кітапты оқып жүрген бала ғой. Ол жолдасын сол кітаппен періп жіберген болар, — деп тағы да күлді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Жұмбақ жанры

КІРІСПЕ
Тақырыптың зәрулігі. Көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өткен өміріне көз салғанда, оның рухани дүниесінде ауыз әдебиетінің – фольклордың орны айырықша болғаны айқын аңғарылады. Жазу-сызуы, оқу мектебі, театры кенделеу қоғамда ұлттың рухани сұранысының алуан қырлы, сан түрлі мұқтажын фольклор арқалаған. Фольклордың тағы бір өзгеше қасиеті - халықтың дағдылы тұрмыс-салтымен, ғұмыр-тіршілігімен тонның ішкі бауындай ажырамайтын бірлікте болуы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәтінен бастап дүниеден көшкенге дейінгі аралықтағы халықтың сан сала әдет-ғүрпында, салт-дәстүрінде өлең-жырдың, өрнекті сөздің араласпайтын тұстары кемде-кем. Фольклордың қоғамдағы ықпалы пәрменді, атқарар уәзипалары қаншалықты тармақты болса, оның түрлері мен жанрлары да соншалықты мол.
Халық мұраларының үлкен бір бұтағы - жұмбақтар. Жұмбақтар телегей-теңіз фольклорлық дүниеліктер арасында ауқымды орны бар, халық болмысымен ежелден біте қайнасып келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазіргі уақытта да тарих сахнасынан сыпырылып қалмай, жаңа даму кезеңін бастан өткеріп отырған бағалы жауһарлар санатына жатады.
Қазақ фольклорының жекелеген жанрлары турасында
бұрынырақта жүргізілген зерттеулерді былай қойғанда, тек XX
ғасырдың соңғы ширегінде ғана қыруар жұмыстар атқарылды.
Эпос, дастан, айтыс, халық өлеңдері, арбау өлеңдері, халық прозасы, күй аңызы хақында Б.Уахатов, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Р.Бердібай, Ш.Ыбыраев, О.Нұрмағамбетова, С.Садырбаев, Н.Төреқүлов, М.Жармұхамедов, Б.Әбілқасымов, А.Сейдімбек, Б.Әзібаева сынды ғалым-зерттеушілердің арнаулы зерттеулерінің жазылуы соны растайды. Дегенмен ұлттық фольклорлық көмбелерімізді ақыл-тақыл тексеріп болдық деуге әлі ертерек.
Фольклордың қанша қарастырылып, зерттелгенімен кезінде назарға ілінбеген, еленбеген, түпкілікті шешілмеген тың, соны мәселелері жетерлік. Бір кезде сөз болғанымен жаңа методология тұрғысынан, ғылымның соңғы жетістіктері биігінен уақыт өте келе қайта оралып, тағы зерттелуді тілейтін мәселелерінің де туындап отыруы зандылық. Ғылымның бір орында тұрып қалмай, үнемі қозғалыста толысып, жетіле түсуі теориялық деңгейінің тереңдеуімен кіндіктес.
Жұмбақтың ауыз әдебиетінде, жалпы ұлтымыздың рухани өмірінде алатын орны мен маңызын айқындау осы еңбектің көтерер жүгі. Бұрын-соңды жұмбақ жайлы жазылған пікірлерге шолу жасап, саралай отырып қастерлі мұрамыздың жиналу, басылу тәжірибесін қорытындылап таразылайтын кез жетті деп санаймыз.
М. Әуезов 40-жылдардың өзінде-ақ: «Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы - дәні тәрізді. Бұл жақтарын тексеріп, тану да ғылыми міндет» - деп, оның көркемдік құнарлығына, бейнелігіне үңілудің қажеттігін айтқанымен, күні бүгінге дейін бұл мәселе қозғаусыз қалды. Жұмбақ бізді тек ұшқырлығымен ғана емес, әр түрлі құбылыстарды берудегі икемділік пен дәлдік, сезімге әсерлігімен, оралымдығымен сүйсінтеді. Сол себепті жанрдың бейнелеу тәсілдері мен көркемдік құралдарына тоқталып, нақты талдаулар жасау арқылы эстетикалық тегеурінін көрсетпекпіз.
Жұмбақтағы халық өмірінің бейнеленуін, яки оның шындықпен астасқан тұсын, поэтикалық құрылымын, басқа жанрлармен қарым-қатынасын айқындау қажеттілік болып табылады. Әрбір жанрдың даралық белгісі, өзіндік қасиеті стильдік айшықтарынан айқын бой көрсетеді. Сондықтан жұмбақтың жанрлық ерекшелігін бажайламақ болсақ, оның поэтикалық, стильдік сипаты мен өлеңдік-ырғақтық түзілімін, бейнелеу кестелерін айналып өте алмаймыз. Күні бүгінге дейін жұмбақ тек сөз өнері тұрғысынан ғана зерттеу өзегі болып, оның қазақтың ескі наным-сенімімен, тұрмыс-салтымен тығыз ұштасқан қырлары толық ашылмай келді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Көзіңіздің көруін жақсартатын өсімдік

100 г алоэ шырыны мен 500 г ұнтақталған жаңғақ және 300 г бал мен 3-4 лимон шырынын жақсылап араластырып, күніне 3 рет орташа қасықпен тұтыныңыз. Бұл қоспаны тамақтан жарты сағат бұрын ішкеніңіз абзал. Сонымен қатар бұл әдіс көзіңіздің жақсы көруін ғана емес, ағзаңыздың дұрыс жұмыс жасауын да қамтамасыз етеді. Көп ұзамай нәтижесіне көз жеткізесіз. Алайда бір ескерте кететін жайт, алоэ өсімдігі жас болу керек (2-3 жыл).......
Кеңестер
Толық
0 0

Пластик терезе таңдау

«Қыстың қамын жаз ойла», «қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла» дейді атам қазақ. Қазіргі маусымда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Адамдар үйдің іші-сыртына жөндеу жүргізіп, үйін жылылап, қысқа қамдануда. Пластик терезені дұрыс таңдау да кезек күттірмейтін жұмыс. Өйткені оның пайдалану мерзімі 35-40 жылға созылуы мүмкін. Осындай сападағы ағаш терезе орнатуға да болады, бірақ оның бағасы бірнеше есе қымбатқа түсуі мүмкін. Сондықтан пластик терезе орнатқан тиімді. Ол үйдегі жылуды сақтап, үйді сырттағы шу мен күн сәулесінен қорғайды.

Пластик терезелердің профильдері

Неміс өндірушілерінің металпластикалық терезе профильдері жақсы беделге ие. (Proplex, KBE, Trocal, Rehau, Veka). Профильдің мырышталған болат негізінде жасалғаны жөн, әйтпесе уақыт өте келе саңылауларын ылғал әсерінен тот басуы мүмкін. Өзіңіз білесіз, Қазақстанның климаты қатал, қысы - суық, жазы – ыстық. Ал заманауи технологиялар терезелерді қорғауға көмек береді. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | ҚАЗЫБЕК БИ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың бірі – шешндік сөздер. Шешендік сөздер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің жауынгер саласы. Қазақ шешендік өнерінде өзіндік орны бар, беделді Қазыбек бидің есімі ерекше екені даусыз. Қазақ шешендік өнері мен Қазыбек биді, оның өмір сүрген дәуірін суреттеп, соны беттерін ашу жұмысымыздың негізгі өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті.
- Қазақ шешендік өнері жайлы;
- Қазақ шешендік өнері және Қазыбек би дәуіріне тоқталу;
- Қазыбек бидің шешендік келбетін танытатын шешендік толғауларына талдау жасай отырып, мәнін түсіндіру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Қазақ шешендік өнерінің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер көптеп пайдаланылды. Атап айтсақ, М.Ғабдуллиннің «Халық ауыз әдебиеті», С.Негимовтың «Шешендік өнер», Б.Адамбаевтың «Халық даналығы» сынды еңбектер қарастырылып, талданды. Қазыбек би жайында айтылған пікірлерге шолулар жасалып, жан – жақты қаралды.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Шешендік сөздерді тек қана тарихи тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан қарастырып, зерделеу – бүгіннің талабы. Себебі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз».
Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың бірі – шешендік сөздер. Сөз жоқ, шешендік сөздер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің жауынгер саласы. Бір қызығы – қазақ қоғамында шешендік өнер немесе шешендік сөздердің араласпайтын мәселесі кемде-кем болған. Күнделікті өмірдегі «от басы, ошақ қасындағы» даулы мәселелерден бастап, іргелі, мемлекетаралық деңгейдегі іс-шараларға дейін шешендікпен көмкеріліп, әділ шешімін тауып отырған.
Қазақ халқы – сөз қадірін өз қадірім деп білген. Кеңдігін де, кемелділігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Сондықтан да ол үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ. Тоқтам жоқ. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі жаңашыл қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіндігін толық атқара алатын және жоғары дене қабілетін меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыруды талап етуде.
Осы орайда педагогика саласында жаңаша жұмыс жасау, жас ұрпаққа білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы педагогикалық жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, қолданылатын іс-әрекеттердің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала – ертеңгі дарынды әрі білімді жастарымыз. Жаңа инновациялық-технологиялық жүйелерді үздік қолданып, пайдалана білетін тұлғаны оқытып-тәрбиелеу тек педагог кадрлардың ғана емес, әрбір қоғам мүшесінің аса маңызды міндетіне айналып отыр.
Біз келешек ұрпаққа білім беру ісін дұрыс жолға қоя білсек, тәуелсіз еліміздің алдыңғы қатарлы ел қатарына қосылуына аз да болса үлес қосқан болар едік. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті сабақ үстінде ұйымдастырылып, сабаққа өзбетінше үйде даярлау үстінде жүреді. Әрбір оқушы өзінің оқып жүрген сабақ пәндерінің өзінің өмірі үшін қажет екендігін толық түсінген кезде ғана пән тақырыптарын танып білуге ұмтылады. Қоғам мүшелері толық әрі жан-жақты сауатты әрі білгір де білімді болуы толық жүзеге асқан кезде ғана Отанымыз көршілес елдермен де халықаралық қатынастарға терезесі тең жағдайда қарым-қатынасқа түсе алады. Жан-жақты кемелденген жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, елімізді қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамытуда өзінің айшықты қолтаңбасын қалдыра алады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | БАСҚАРУ ЕҢБЕГІНІҢ МӘДЕНИЕТІ МЕН ЭТИКАСЫ КӘСІПТІК ЭТИКА

Қоғамдық еңбекті дамытудың маңызды белгісі, оны бөлісу мен бірлесу. Өндірістк еңбекті жүйелі түрде бөлісу мен бірлесу басшы еңбегін адамдардың іс-әрекетіндегі ерекше түрге бөлуге ықпал етті. Басшылықта бірлескен еңбек объективі қажеттілік, өйткені оны жүзеге асыру үшін адамдардың бірлесіп әрекет етуі қажет, ал мұның өзі басқару арқылы қамтамасыз етіледі.
Басқару еңбегі жалпы еңбек секілді әлеуметтік-экономикалық табиғаты болады. Оның өзі қоғамдық еңбектің даму процесінде пайда болады.
Басқару еңбегі өндірістік еңбек болып саналады. Мұның өзі өндірісті, соның ішінде басқару еңбегінің өнімділігін арттырудан туындайды. Басқару еңбегінің өзіндік ерекшелігі болады, оны еңбек өнімділігін салыстыру арқылы анықтайды.
Өндірістік және басқару еңбектерін салыстыруды мынадай тиісті белгілері бойынша жүргізуге болады; еңбек заты, тікелей мақсат пен еңбек нәтнжесі, еңбек құралы, еңбек сипаты, оның мазмұны.
Еңбек заты дегеніміз адам еңбегіне арналғаны, адамның еңбекке күш жұмсауы. Өндірістік еңбек заттарына материалдық және физикалық компоненттер жатады, адамдар еңбек құралдарының көмегімен өндіріс өнімдерін өңдейді және түрлендіреді.
Басқару еңбегінің затына көбінесе мәліметтерді жатқызады. Өйткені, басшы қызметшілер шындығында мәліметтерді өңдеумен шұғылданады. Алайда, мәліметтерді басқару еңбегінің бірден бір құралы деп есептеуге болмайды. Тағы бір атап көрсететін жайт, басқару объектісі адамдар болып саналады.
Еңбек заты – бұл іс-әрскетке бағытталған нәрсе. Басқару кезіндегі ықпал ететін объектілері – адамдар, ұжым мүшелері, өндіріс процесі және басқару (ІІ. 204-205).....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әлеуметтану | Қоғамның әлеуметтік құрылымының проблемасы туралы ұғым

Қоғамдық қатынастар тепе-теңдік қатынас және теңсіздік қатынас болып бөлінеді.Мысалы, таптық-антагонисттік қоғамдардағы қоғамдық қатынастар теңсіздік қатынастарға жатады. Қоғамдық қатынастар тағы да ынтымақтастық және бәсекелестік, материалдық және рухани, мақсатты және мақсатсыз (стихиялы), жасампаздық және бүлдірушілік болып табылады.
Әлеуметтік құрылымдар қоғамдық құбылыстардың екінші, айтарлықтай маңызды түріне жатады. Олар күрделі әлеуметтік процестер мен әлеуметтік топтарға бөлінеді. Қоғам адамдардың күрделі өзара қарым-қатынасының жиынтығы ретінде онда алуан түрлі қатынастар мен байланыстар болып жатады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы, -адамдардың материалдық өндіріс процесіндегі экономикалық қатынастары мен іс-әрекеті. Алайда қоғам өмірі бұлардан басқа да толып жатқан қатынас түрлерінен , қоғамдық мекемелер мен іс-әрекеттерден, идеялардан тұрады. Бұл құбылыстардың бәрі өзара байланыста және бірлікте болады. Сондықтан адамзат қоғамын ішкі және сыртқы байланысын , өзара тәуелдіктерін қатаң ескере отырып, біртұтастықта зерттеу қажет.
Бірақ, сонымен бірге, біртұтас қоғамдық қатынастарды құратын жеке құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеп білу үшін, оларды классификация жасап, талдау қажет, қоғамдық құбаластарды белгілі бір жұйеге келтіру керек. Бұл классификациялау, жүйелеу, оладың белгілі бір тұрғыдан алғанда маңызды болып табылатын мәнді белгілері бойынша жасалуы тиіс.
Қазіргі кезде социологиялық теориялардың бәрі қоғамдық құбылыстарды, қоғамның әлеуметтік құрылымының өздігінше классификациялауға әрекет жасап, құбылыстардың топтары арасындағы байланыстарды анықтауға тырысады, яғни қоғамдық структура (құрылым) мәселесімен байланысты.
“Структура” термині латын тілінен алынған ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай бір тұтастағын білдіретін термин.
Қоғамның эконмикалық базисін шын мәнінде келгенде бір-бірімен айырғысыз байланыстағы екі элементтің-өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі құрады, ал бұл екеуінің бірлігі өндіріс тәсілі болып табылады.
Өндіріс тәсілінің элементтері: еңбек, еңбек құралы және еңбек нәрсесі. Еңбек дегеніміз белгілі бір материалдық игіліктерді өндіруге бағыттталған адамның саналы қызметі. Еңбек нәрсесі деп адамның өндіріс құралының көмегімен өнделуге тиісті заттарды айтады. Еңбек құралы дегеніміз- еңбек нәрсесін өндеу үшін қолданатын құрал-саймандар жиынтығы. Еңбек құралы мен еңбек нәрселері, қоса алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары деп аталады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Энергетикалық ресурстар және энергетика өндірістерінің қоршаған ортаға тигізетін әсері

Энергетикалық ресурстарға барлық механикалық, химиялық және физикалық энергия көздерін жатқызуға болады. Энергетикалық ресурстар олардың табиғатына, алу жолдарына және басқа да нышанына (белгісіне) байланысты топтастырылады (1-ші кесте).
1-ші кесте. Энергетикалық ресурстардың топтастырылуы
Бастапқы қоры Екінші қоры
Сарқылатын (көмір, мұнай, тақтатас, табиғи газ, жанғыш заттар)
Сарқылмайтын немесе қайтадан орнына келетін (ағаш, гидроэнергия, жел және күн энергиясы, геотермальдық энергия, жертезек, термоядерлық энергия) Көмірді іріктегенде және байытқанда шыққан қосымша өнімдер; гудрон, мазут және мұнай өңдегенде шыққан қалдық өнімдер; ағаш дайындағанда шыққан жаңқалар, тамырлар, бұталар.

Жанғыш газдар (домна, кокс); тастанды газдардың жылуы; салқындату жүйесінен шыққан ыстық су; күш беретін тастанды буы

Қатты органикалық отын және уран ресурстарының көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдердің жерінде болса, мұнай ресурстары мен гидроэнергия негізінде дамып келе жатқан Азия, Африка және Латын Америка елдерінде.
Жер қойнауындағы отын қоры болып, көмір, мұнай, газ және уран рудалары саналады. Көмірдің дүниежүзілік қоры 9-11 трлн. тонна (шартты отын түрінде), оның ішінде 50% (6 трлн. т) ТМД елдерінің жерінде шоғырланған. Жылына орта есеппен пайдалануға жерден алынатын мөлшер 4,2 млрд.тонна....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломная работа: Изучение творчества Г.А. Жубановой

Важная задача формирования духовного мира человека, развитие его эстетических чувств ставится прежде всего перед общеобразовательной школой. Особое значение в решении этой задачи приобретает повышение эффективности преподавания дисциплин художественно-гуманитарного цикла, в том числе и музыки. В условиях Казахстана достойное место на уроках должна занять казахская народная и профессиональная музыка. Этой проблеме в последнее десятилетие уделяется большое внимание. Появились концепции музыкального образования школьников, программы, которые будут рассмотрены в нашей дипломной работе.
Богатое народное творчество и творчество композиторов предлагает для использования в учебном процессе обширный музыкальный материал. Нами предпринята попытка проанализировать творчество Г.А. Жубановой и предложить учителям музыки дополнительный музыкальный материал из произведений этого видного музыкального деятеля, композитора, внесшего неоценимый вклад в развитие музыкальной культуры Казахстана.
Целью нашей работы является:
- изучение творчества Г.А. Жубановой, включение её сочинений в практику работы общеобразовательных школ.
Объект исследования:
- музыка Г.А. Жубановой на уроках в общеобразовательных школах.
Задачи исследования:
- предложить перечень музыкальных сочинений для использования в учебном процессе;
- проанализировать названные музыкальные сочинения;
- разработать рекомендации по использованию музыки Г.А. Жубановой на уроках музыки в общеобразовательной школе.

Методы исследования:
- изучение и обобщение литературы по проблеме исследования, изучение передового педагогического опыта, беседы с учителями музыки, проверка в опытной работе.
Новизна исследования заключается:
- в стремлении и необходимости расширения репертуара профессиональной музыки Казахстана в учебном процессе в общеобразовательных школах.
- в разработке возможных вариантов включения исследуемого материала в школьную программу «Музыка».
Практическая значимость исследования состоит в том, что полученный материал сможет способствовать более глубокому изучению казахской народной и профессиональной музыки и найдёт широкое применение в практике работы учителей музыки в общеобразовательных школах Казахстана.....
Сборник дипломных работ [бесплатно]
Толық
0 0