Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география Сабақ тақырыбы: Геологиялық жыл санау Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.1.8 тау жыныстарының жасын анықтау әдістерін түсіндіреді 8.3.1.9 геологиялық жылсанау мен геохронологиялық кестені талдап, жер қыртысының және тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдері мен геологиялық оқиғаларды ажырата алады Сабақ мақсаттары: Оқушылар тау жыныстарының жасын анықтаудың әдістерімен танысады. Геологиялық жыл санау, геохронологиялық кестені талдайды. ......
Ангстрем (қысқа таңбасы Å) — микроморфологияда қолданылатын ұзындық өлшемі. 1 Å = 10−10 м = 10−8 см = 0,1 нм. Бұл өлшемді 1868 жылы А.Й. Ангстрем тым ұсақ құрылымдарды өлшеу үшін енгізген. Бұл термин морфология салаларында (цитологияда, гистологияда) электронды микроскопиялық зерттеулерде қолданылады .....
Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов (1924 жылы 22 қазан Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылы) – Қазақстанның халық жазушысы, ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. 1941-1945 жылдардағы II Дүниежүзілік соғыс ардагері, Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан.
Ата-тегі Арал маңын ежелден қоныс еткен. Жетінші атасы Тайқожа батыр, одан Қалдан, одан Арғынбай би, одан өз заманында асқан байлығымен танылған Сыланбай, одан туған Нұрпейіс болыс болған. Нұрпейістен Кәрім, Нәжім, Қали деген ұлдар туған. Осы үшеуі, Кәрімнен туған Әбдіжәміл төртеуі 1941-45 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бұлардан аман қалғаны .....
Оғыздар мемлекеті, құрамындағы тайпалар.Мемлекеттің саяси ролі. Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. .....
Ерте заманда Сырлыбек дейтіннің бір бөлек ауылы Қызылқұмңың бір алқабына келіп қонып жатады. Әркім өздерінің баспаналарын тігіп, азды-көпті азықтарын пісірісіп, кешкі астарын даярлайды.
Сырлыбек басшының өз үйі осы топтың дәл орталығында болады екен. Кешкі тамақтарын алдарына ала бергенде, Сырлыбек үйінің сыртынан біреу дауыстап үй иесінің шығып жолығуын сұрайды. Сырлыбек шықса, жалғыз атты жолаушы екен, қонуға рұқсат сұрайды. Үй иесі қарсылық етпейді, қош алады.......
КІРІСПЕ Жұмыстың өзектілігі Сөзжасамдық жұп дегеніміз сөзжасамдық ұядағы себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты кейбір ғалымдар сөзжасам жүйесінің негізгі бірлігі ретінде қарастырады, сөзжасамдық ұяның, сатының, тізбектің бірлігі ретінде қарастырады. Бірқатар ғалымдар, атап айтсақ, А.И.Моисеев, Л.К.Жаналина, т.б. өздерінің еңбектерінде сөзжасам жүйесінің негізгі бірлігі ретінде сөзжасамдық жұпты көрсетеді. А.И.Моисеев ғылыми еңбектерінде «основная единица словообразования происходит в пределах словообразовательных пар; почти все ... явления словообразования можно обнаружить в этих пределах: производное слово, производящее слово, средство и способ словообразования, словообразовательное значение; а словообразовательные гнезда и типы сводимы к словообразовательной паре, т.е. могут быть равны ей ... словообразовательные в миниатюре» - деген ой тұжырым жасайды. Ал, ғалым Л.К.Жаналина өзінің ғылыми еңбектерінде сөзжасамдық жұпты сөзжасамның негізгі бірлігі деп танып, оған мынадай сипаттама береді: Словообразовательной парой называется объединение мотивированного слова на основе отношения формально-семантической выводимости, т.е. словообразовательной ммотивации, с мотивирующим. Именно словообразова-тельная пара является основной единицей словообразовательной системы, так как она отвечает всем требованиям языковой единицы. Сомнение сожет вызвать ее элементарность. Осы мәндес тұжырымды З.Бейсембайқызының «Қазақ тілін модуль негізінде оқыту» деген еңбегінен кездестіруге болады. Онда: «Негізгі сөзжасамдық құбылыстардың бәрі осы сөзжасамдық қосақтан тарайды. Сондықтан, сөзжасамдық қосақты «шағын сөзжасам» деп те атайды. Осыған орай, сөзжасамдық талдаудың да негізгі единицасы – сөзжасамдық қосақ болып табылады» - делінген. А.Салқынбай «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты еңбегінде сөзжасамдық жұпқа мынадай анықтама береді: «Сөзжасамдық жұп – сөзжасамдық ұяның ең кіші бірлігі. Сөзжасамдық жұпта екі ғана мүше қатысады. Себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты құраушы тұлғалар өзара ұғымдық, тұлғалық және мағыналық байланыста болады» /1, 119/. Б.Есімсейітов «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектердің құрылысын синхронды тұрғыдан сипатау» деген еңбегінде сөзжасамдық жұпты: «Сөзжасамдық тізбектегі синтагматикалық қатынас негізінде сөзжасамдық жұп жасалады. Сөзжасамдық жұп – негіз сөз бен одан жасалған туынды сөзден тұратын екі құрамды сөзжасамдық құбылыс» - деп түсіндіреді. Яғни ғалымның еңбегінде сөзжасамдық жұп сөзжасамдық тізбектің құрылымдық бірлігі ретінде қарастырылады. Сөзжасамдық жұп өз алдына жеке зерттеу нысаны ретінде қаралмаған, десек те кейбір еңбектерде сөзжасамдық жұпқа анықтамалар беріліп, сипаттама жасалған. Бұл ретте Н.О.Оралбаеваның, А.Салқынбайдың, Б.Есімсейітовтың, З.Бейсембайқызының еңбектері мен мақалаларын көрсетуге болады. Сөзжасамдық жұп негізінен сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық тізбек мәселелеріне арналған еңбектерінде сөз болады. Бұл еңбектерде сөзжасамдық жұп сөзжасамдық ұя, тарам, тізбектердің қарапайым бірлігі ретінде қарастырылады....
Педагогикалық жоғары оку орындарында болашақ “Кәсіптiк бiлiм” мұғалімдерінің кәсіби дайындықтарын жақсартудың маңыздылығы, алдыңғы шарттары: біріншіден оқылатын курстардың мазмұнды оқыту, мектеп бағдарламаларының талаптарына тығыз байланысты оқытылуы болып табылады; екіншіден, жоғары оқу орындарында қабылданған білім берудің негізгі мемлекеттік стандарттарында оның теориялық және әдістемелік принциптері ретінде оқытудың мазмұны сандық және сапалық жағымен бағалап, жоғарыдағы талаптың орындалу шартына айналуы керек. Соңғы айтылған мәселе негізінен жоғары оқу орындарына арналған оқу жоспарларында қарастырылатын пәндердің өзара салмақ үлестерін анықтауға септігін тигізері анық. 050120-“Кәсіптiк бiлiм” оқу жоспарларында педагогикалық-психологиялық пәндер мен жалпытехникалық пәндер және мамандық цикліндегі пәндердiң ара салмағы сандық жағынан өзара алшақтығы байқалады. Оның үстіне соңғы пәндердің көлемінің көптігіне байланысты мамандықты меңгеруші студенттер арасында "Педагогтік" кәсіпке қарағанда "Кәсіптiк бiлiм педагогi" мамандығына деген "қызығушылық" қалыптасқан. Оқыту процесіндегі осындай педагогика-психологиялық қарама-қайшылықгар: - 050120-“Кәсіптiк бiлiм” мамандықтары бойынша негізгі жоғары білім беру стандарттары мазмұнын қайта қарау; - оқу жоспарының мазмұнын қайта қарау; - оқыту процесінде оқытудың интегративтік функцияларын арттыруды т.б. талап етеді. ....
✅ Қонақжайлығымен танылған қазақ: «Қонақ қонса ет пісер, ет піспесе бет пісер» немесе «қонақ келсе ет қызарар, ет қызармаса, бет қызарар», «алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым», «бар болса сойғанның жөні бар, бір қойда он кісінің құны бар» деген секілді ұлағатты сөздер қалдырды. Халқымызда сыйлы қонағына қазан көтеріп, ет асу, табақ тарту – жазылмаған заңдылыққа айналған. Табақ жасау да бір өнер. Оны жасаушы да табақ тартудың қыр-сырын меңгерген ерекше тұлға болуы тиіс. Әр табақ атына, маңызына қарай жасалады. Табақты кейде бас табақ, орта табақ, сый табақ, аяқ табақ деп төртке бөліп те жатады. Малдың әр мүшесі осы табақ берілетін адамдардың дәрежелеріне қарап үлестіріледі. Осы орайда, төмендегі фотопост әр қазақтың кәдесіне жарайды деген сенімдеміз.......
Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттерінің бірі –ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. Бұл жөнінде Республикамызда көптеген мемлекеттік құжаттар жарналанды. Білім министірлігінде былай деп жазылған: «Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогрессденгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетелдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады». Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан жақты білімді, мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамды орта және жоғары оқу орындары дайындайды. Жалпы білім беретін мектептерде оқу тәрбие жұмысын жақсарту және білім мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім проблемалары институты жасаған тұжырымдамаларының маңызы өте зор. Олрдың бірі –Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы(13 мамыр,1992ж. ),екіншісі Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы (17 ақпан 1994ж.).Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жәніндегі ұлттық кеңес бекіткен «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы»(7 шілде 1994ж. ). Оқу тәрбие жұмысына тікелей байланысты осындай мемлекеттік құжаттар оқу құралын құрастыруда толық пайдалынады.....
Қоғам ұғымы, әлеуметтанудың басты санаттарының бірі болып табылады. Бірақ қоғамның анықтамасын бермес бұрын “табиғат” пен “қоғам” сияқты кең ұғымдарды шектеу, олардың ара жігін айқындап алу қажет. Бұл әлеуметтік-философиялық проблеманың дұрыс шешілуінің әлеуметтану үшін басты, әдістемелік маңызы бар. Біз, әдетте, адам, қоғам - табиғаттың бір бөлігі деп жиі айтамыз және оның негізі бар. Бұл жерде “табиғат” ұғымы бүкіл дүниенің, барлық шынайылықтың (органикалық және бейорга¬никалық дүниенің, адамның, қоғамның) табиғи бірлігін білдіретін аса кең мағынасында қолданылады. “Қоғам - табиғаттың бір бөлігі” деген тезис мына бір фактіні растайды: адам, демек қоғам да табиғаттан пайда болады; адам - басқа жанды тіршілік иелерімен ортақ қасиеттері көп және табиғат заңдарына бағынатын биологиялық тіршілік иесі; адам баласы тірі табиғат дамуының жоғары сатысы болып табылады; қоғам табиғи ортамен органикалық байланыста және тығыз қарым-қатынаста болады және табиғаттан тыс және одан қол үзіп өмір сүре де алмайды, дами да алмайды; табиғат та, қоғам да өз дамуында ортақ іргелі заңдарға бағынады және т.с.с. Қоғамды табиғатқа қарсы қоятын басқа бір жағдайда “табиғат” ұғымы деп адамға, қоғамға қатысты сыртқы (табиғи-географиялық) орта ретіндегі тұтас шынайы дүние емес, оның тек бір бөлігі ғана түсініледі. Адам - мейлі ол өзінің көрінісінің жоғары нысанында болсын, биологиялық (тірі, табиғи) тіршілік иесі ғана емес, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасынан өрбитін тек өзіне ғана тән әлеуметтік сапалар мен қасиеттері бар, сапалық тұрғыдан жаңа, принципті ерекше құбылыс; ал қоғам өмірі - әлеуметтік санадан жұрдай және өзін жануарлар әлемінен бөліп көрсетпейтін жеке биологиялық түрлер әрекет ететін биологиялық өмірге (ұйымшыл-дығы жоғары жануарлар - адамға ұқсас маймылдардың өміріне) қосылмайтын сапалық өзіндік ерекше, әлеуметтік өмір екендігін көрсету және атап өту қажет болған кезде мұның ерекше маңызы бар. К.Маркс адам болмысын қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы ретінде анықтаған кезде, ол осы арқылы адамның ең алдымен қоғамның өнімі екендігін атап өтуге тырысқан.....