Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дәулет Тұрлыханов (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Дәулет Тұрлыханов
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.1.1 -мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;
Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқу арқылы ақпараттарды анықтауға, түсіндіруге үйрету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 6-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулат Исабеков «Әпке» драмасы 6-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
Сабақ мақсаты: Драма мәтінінен алынған үзінділерге сүйене отырып креативті жазу жолдарын меңгеру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ы әрпі бойынша ат қою)

ЫБЫРАЙ - көне еврей тілінен келген Абраам — ел атасы. Оның халық арасында Ибрагим, Ыбрайым, Ибраим, Ыбыраш тәрізді түрлері кездеседі.

ЫДЫРЫС - араб тілінен — талаптанушы. Фонетикалық түрі — Едірес.

ЫҚЫЛАС - араб тілінен алынған әхлас — пейіл, ниет, берілу, ашықтық, адалдық.

ЫҚСАН - араб тілінен алынған ихсан — жақсылық, қайырымдылық; көркемдік, нұрлылық.

ЫРЫСАЛДЫ - бақыттың, құттың алғашқысы.

ЫРЫСБЕК - бақытты бек.

ЫСҚАҚ - көне еврей тілінен - күледі, күлген. Иссак деген есімнің арабша айтылу нұсқасы.

ЫСТАМБАҚЫ - иран тілінен алынған ыстам — тұрған, өлмес + бақы — мәңгі, өмірлік. Мәңгі өлмес.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Киім дүкені

Құзыреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттер:
Ақпараттық құзыреттілік: Киім – кешек туралы ақпарат беру. Ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажыратуға үйрету.
Коммуникативтік құзыреттілік: Киімдерді атату арқылы сөздік қорларын байыту. Қарым – қатынас жасау іскерлігін қалыптастыру.
Проблема шешу құзыреттілігі: Өз бетімен қысқы және жазғы киімдерді ажырата білуге қатыстыру.
Оқу іс әрекетінде қолданылатын технологиялар: АҚТ, дамыта оқыту, топтық жұмыс.
Оқытудың әдіс-тәсілілдері: Сөздік: коркем сөз, өлең сөздерін қайталау, түсіндіру;....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Рухты Әбіш Кекілбаев!

Қазақ дейтін тұғыры биік, қабілетті-қаһарман, тарихы мол халықтың тұлпар тектес тұрқымен, бойында батылдығы басым, рухты азаматтары қашан да болмасын тек елі үшін еңбек ететінін сонау тарих беттерінен білеміз. Сол ұлы тұлғалардың қатарына, әңгімеме арқау болған Әбіш Кекілбаевты зор мақтанышпен жатқызған болар....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз

Адамзат тарихында қайғылы қара уақыттың біріне «Ұлы Отан соғысын да қосуға болатынына да ешбір күмән жоқ. Бауыржан Момышұлы ағамыз айтпақшы «Соғыс-өмір мен өлім арасындағы қыл көпір» атты сөзі бұл уақытқа сынды теңеу болатыны рас.Басталған күнінен аяқталған сәтіне дейін Ұлы Отан соғысының ауыртпалығы қанды майдандарда дүние салған жандармен-ақ өлшенер. Тарихтың қара беттеріне жазылғандай бұл оқиға барысы 1941 жылдың 22 маусымында таңның маужырап тұрған тыныштығын бұзған болатын. Ол неміс фашистерінің тарапынан бүкіл адамзатқа қасірет әкелген «Ұлы Отан» соғысының басталған күні болғандығы айғақ. Дүние жүзіне апат әкелген бұл соғыс 1418 күн мен түнге ұласты. Соғыс мәселесіне қарсы Қазақстанның барлық жерінде фашизмнің зұлымдығын айыптайтын жаппай халықтық митингілер өтті. Сол сияқты жаппай қарсы іс шаралардың бірі біздің Торғай облысы (Қазіргі Қостанай обл.), Аманкелді ауданында өтіп, Отан қорғауға аттануға көптеген азаматтар өз еркімен тілектерін білдірген болатын. Осы сұрапыл соғыста даңқты халық батыры Амангелді ауданының азаматтары ерліктің небір жанқиярлық үлгілерін көрсетті. Олар майдан далаларында жаулармен арыстанша айқасып, жолбарысша жұлқысты. Жан алып, жан беріскен сұрапыл соғыста ата-баба ерлігін одан әрі жалғастыра білді. Олардың көбі майдан далаларында шаһит болса, енді біразы елге мүгедек және біразы дін аман болып оралды. Отанға оралған соң бейбіт еңбекте ерліктерін кеңінен жалғастыра білді. Қай салада болмасын қызмет атқара жүріп, халықтың көңілінен шықты. Әрине, олардың бәрін түгендеп шығу мүмкін емес. Ең бастысы олардың қай-қайсысының болмасын есімдері еліміздің есінде болуы парыз болса, ерліктері ұрпаққа ұлы өнеге болатыны мақтаныш! Олардың ерекше ерлік көрсеткендері Батырбеков Тайжан және менің мақтан тұтар атам Наурызбаев Бөстекбай Абламбайұлы. «Ұлы Отан» соғысына қатысқан әрбір азамат батыр болғандықтан, туған жерін, өскен өңірін білуі меніңше әрбірімізге міндет......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Биология | ДИСПЕПСИЯ

ДИСПЕПСИЯЛАР



Балаларда ас қорыту бұзылыстары жиі диспепсия (грек. dispepsia қорытылмау) түрінде кездеседі.

Диспепсия — тамақтанудың бұзылуынан немесе микробтардың әсерлерінен туындайтын тез дамитын ас қорыту бұзылысы. Диспепсия қарапайым, уытты және ішектен тыс (парентериалдық) себептерден дамитын болып бөлінеді. Бұл кезде құсу және іш өту (грек. diarrheo — диаррея), зат алмасудың бұзылыстарымен сипатталатын көптеген көріністер пайда болады.

Қарапайым диспепсия балалардың қоректенуі бұзылғанда (артық тамақ бергенде, қосымша тамақтың дұрыс берілмегенінде, жасанды тамақтандыруға ауыстырғанда) пайда болады.

Уытты диспепсия бактериялардың әсерлерінен туындайды немесе қарапайым диспепсияның асқынуынан болуы мүмкін.

Ішектен тыс (парентералдық) себептерден пайда болатын диспепсия дене қызуы көтерілуіне әкелетін жұқпалы аурулар кездерінде дамиды. Бұл кезде диспепсиялық құбылыстар аш ішектердің бүрлерінің құрылымы өзгерулерінен пайда болады. .....
Рефераттар
Толық
0 0