Дипломдық жұмыс: География | Жаңажол кен орнының солтүстік күмбезіндегі фонтанды ұңғылар

КІРІСПЕ
Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындарының бірі болып табылып, әсіресе энергетикалық саласының дамуына ерекше зор үлесін қосады. Жалпы, мұнай өнеркәсібі ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, ауылшаруашылығының және траспорттың дамуын жеделдетеді.
Қазақстан Республикасы - мұнайгаз және газконденсат кен орындарына бай мемлекеттердің бірі. Ал, басым көпшілігі Республиканың батыс бөлігінде орналасқан, соның бірі Жаңажол кен орны болып табылады.
Осы «дипломдық жобаның» негізі болып отырған Жаңажол кен орнында өз мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістері қолданылып игеріледі.
Жаңажол кен орны 1981 жылдан бастап өндірістік игерілуге берілді.
Қазіргі уақытта мұнай, газ карбонаттар қабаттың, яғни КТ-1 және КТ-11-нің 8 бөлігінен игерілуде. Оларды шартты түрде «А», «Б», «солтүстік В», «оңтүстік В», «Г-111», «Дв», «Дн», «Д-111» индекстерімен белгіленген.
Осы «дипломдық жоба» жұмысында Жаңажол кен орнының КТ-1 қабаттың солтүстік күмбезіндегі «В» бөлігін, яғни «солтүстік В» бөлігін игерудің технологиялық режимдеріне, кен орнының фонтанды қондырғылармен игерілуіне талдау жасап, осы фонтанды игеруге керекті фонтанды көтергішті талдадым.
Жазылған дипломдық жұмысым осындай кен орнының негізгі мәселелеріне талдау жасауға арналған.

1. ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Кен орын туралы жалпы мағлұмат
Жаңажол кен орны Орал үстірті аймағындағы Мұғаджар тауымен Ембі өзені арасында орналасқан. Әкімшілік басқаруы жағынан Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мұғаджар ауданына қарайды.
Жергілікте жер рельефі дөңес қыраттардан, сайлардан құралған және плюс 125-тен плюс 270 метрге дейінгі абсолюттік биіктігімен ерекшеленеді. Ең кіші минималды белгісі Ембі өзеніне қарай, яғни кен орнының оңтүстік-батыс бөлігіне қарай еңіс келеді және сол Ембі өзені Жаңажол кен орнынан оңтүстік-батысқа қарай 2-14 шақырымға созылып жатыр. Өзен суы минералданған, сондықтан техникалық қажеттіліктерге құдық сулары пайдаланылады. Құдық және Ембі өзенінің суларының деңгейі 2 метр және одан да жоғары болып келеді.
Аудан климаты құрғақ, кенеттен өзгермелі. Сондықтан қатар ылғалдылығы өте төмен. Қыс мезгілінде температура минус 400 С-қа дейін жетеді. Ең суық айларына қаңтар, ақпан айлары жатады. Алғашқы қар қарашаның ортасына таман түсіп, наурыз айының аяғына дейін жатады. Орта жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері көп емес, ол жыына 120-140 мм шамасында. Ең ыстық айлары шілде, тамыз айлары жатады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өміріңізді құр өткізіп жатқаныңыздың 13 белгісі

Өміріңізді құр өткізіп жатқаныңыздың 13 белгісі
Және сіз мұны байқамай жүрген болуыңыз да мүмкін.

Тәжірибелі психолог және ұстаз Кэрол Морган, оқырмандарына 2 сұрақ қояды: бала күнінде кім болуды армандадыңыз және сол арманыңыз іске асты ма? Теріс жауап бергендерге өмірлерінің құр өтіп жатқандығын білдіретін 13 белгіні айтқан екен. Кэрол ұсынған мақаланы оқып көріңіз.

1. Сіз лайықсыз заттарға тым көп уақыт жұмсайсыз

Бейнеойындар. Теледидар. Интернет. Тым көп тамақ. Шамадан тыс ішімдік. Тізімді жалғастыра беруге болады. Өміріңізге байсалды қараңызшы. Уақытыңыздың көп бөлігін қайда және қалай өткізесіз? Бұл сізге пайда әкеле ме? Бұл сізді жақсы өмірге жетелей ме? Егер жоқ болса, сізге күнделікті әрекеттеріңізді қайта қарастырып, өзгерістер енгізу қажет. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік ел

Жалғыз Отан - тәуелсіз Қазақстан.
Н. Ә. Назарбаев
Шіркін, мен қандай бақыттымын!
Елеулі елдің ерке қызы болып туғаныма... Неге маған қолыма ақ қағаз бен қалам алып көсіліп бір шаппасқа? Неге маған бақытыммен бөләспеске...?
Арайлап атқан таңдарың , әсем батқан күндерің, дариядай суларың, туған жер, әр түкпірің керемет қой біз үшін. Туған жер - кіндік қан тамған жер. Ондай жер пендеде жалғыз ғана. Адам өмірінде киелі орын алатын жер. Алғаш тәй - тәй басқан, тұңғыш "ана" деп күлім қаққан киелі жер. Нақты осы азғантай жер пендені елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан адам бойында туған жерге деген махаббат сезімі оянады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Қоғамдық тамақтандыру барысындағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері

Кіріспе
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық - әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б.Де Салозано осы ғылым туралы «бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А.Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған.
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілде функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 1 саны мен цифры

Мақсаты: а) білімділік: балаларды 1 санымен таныстыру, жазылу цифрын үйрету, мағынасын ұғындыру.
ә) дамытушылық: ойлау, шығармашылық қабілеттерін және тілдерін дамыту.
б) тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: 1 саны баспаша, жазбаша, жүрек, нан, Елбасы, ай, күн суреттері
Әдіс - тәсілдер: көрнекілік, ойын, сұрақ - жауап

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру

а) Сәлемдесу, зейіндерін сабаққа аудару
ә) үш топқа бөлу: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек
б) "Жылы лебіз" .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Туындының анықтамасы

Анықтама: f функциясы [a,b] аралығында анықталсын. Егер x0 [a,b] үшін нақты мәнді шегі бар болса, онда f функциясын x0 нүктесінде дифференциалданады, ал шектің мәнің f функциясының x0 нүктесіндегі туындысы дейді де, f '(x0) cимволымен белгілейді.
1. Элементар функциялардың туындылары кестесі.
1. f(x)=C C=const =0
2. f(x)=xp =pxp-1
3. f(x)=ax ,
4.

5. f(x)=sin x ,
6. f(x)=cos x ,
7. f(x)=tg x ,
8. f(x)=ctg x ,
9. f(x)=arcsin x ,
10. f(x)=arcos x ,
11. f(x)=arctg x ,
12. f(x)=arcctg x , ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сочинение: Мой Казахстан

Моей Родиной является прекрасная страна, Республика Казахстан. Это – великое государство с богатой историей, древней культурой и неповторимой природой. Широки просторы казахстанских земель. Казахстан один из самых крупных стран мира. Каждый гражданин Казахстана знает день 16 декабря 1991 года, когда мы получили независимость. С этого дня прошло уже более двадцати лет.....
Сборник сочинений
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме жазу (1 сынып, 7 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақ тақырыбы: Әңгіме жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу
1.3.7.1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету.
Сабақ мақсаттары: Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті тақырыпқа шағын жазылым таңдап жаза алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өзге ғаламшарлықтар (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Ғылыми фантастика
Сабақтың тақырыбы: Өзге ғаламшарлықтар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т/А5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау
7.ӘТН 2 Орфоэпиялық норма
Оқу мақсаты: - Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау
- Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
Сабақтың мақсаттары:
Оқушыларды өз пікірлерін дәйек келтіре отырып айтуға, өзгенің жауабын тыңдап, өзіндік пікірлерін білдіре алуға, өз пікірлерін өзгенің пікірімен салыстыра алуға, өз ойын түсінікті, жүйелі айтуға дағдыландыру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Алып Ер Тұңға» жыры 2 сабақ (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: «Алып Ер Тұңға» жыры 2 сабақ
Сабақ мақсаты: Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0