Өлең: Жұмағали Саин (Тіршілік, сені сүйемін)

Тіршілік, сені сүйемін,
Қойның ыстық, тілің бал,
Жүрегім менің елжірер
Жүзіңде қымбат жылым бар.
Құлыншақтай кісінескен
Сенде жастық шағым бар.
Бұлдырап мені қу деген,
Толқыны меруерт ағын бар.
Тіршілік, сені сүйемін —
Алтынды зерлі таңым бар.
Күлкісі күміс, құшағы от,
Қарақат көзді жарым бар
Аузын ашса бал тамған
Ақ маңдайлы жаным бар.
Бұрқана соққан жүрек бар......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Тоқтарбайұлы Қобыланды

Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.
Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Екі иттің достығы

Бұрынғы уақытта дәулеті асқан, судай тасқан, көңілі жай, төрт түлікке сай бір бай болыпты.
Ол байдың Төрткөз, Мойнақ деген екі төбеті бар екен. Бір күні түс мезгілінде екі төбет өз қызығы өзіне, өз тұрмысы өзіне болып, тамағы тоқ, күн шуақта, үйдің есігінің алдында, бір-біріне қарама-қарсы жатып, өзара әңгімеге кірісіпті. Бұлар жақсылық пен жамандық жөнінде сөйлесіп, өз әлдерінше олардың қандай болатындықтарын тексеріп, оны бітірместен жомарттық жөнінде сөйлесіп, оны бітірместен сараңдық жөнінде сөз қозғап, бірінің басын, бірінің аяғын шатып, ақырында ырылдасып, ақыры әңгіме арнасы араздық пен татулыққа түседі.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Перзент парызы

Тау тұлғалы, шынар болмыс заңғарлар
Деді ме ұлтқа баба жолын жалғаңдар.
Олар еңбек ортасында шынығып,
Сын сағаттың жауынгері болғандар.

(«Әкелерге арнау» өлеңінен)

1998 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетіне осы өлеңді анам Күлжәмиланың рухына арнаймын деген арнаумен «Ана туралы баллада» деген өлеңім жарық көрсе, 2001 жылы Қазалы аудандық «Қазыналы Қазалы» газетінің бетінде осы өлеңді әкем Қолғанаттың рухына арнаймын деген арнаумен ел аузында айтылып жүрген әңгімені негіз етіп алынған осы «Перзент парызы» өлеңі де жарық көрген еді. Тағы да сол арнаумен ұсынылады.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

Қазіргі кезде есептеу процедуралары мен принциптерін стандарттауды Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарты мен Қаржылық есептіліктің Халықаралық Стандартын – БЕХС және ҚЕХС (International Accounting Standards, IAS and International Financional Reporting Standards) жасайтын және жариялайтын қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты бойынша Комитет жүргізеді. Қазіргі кезде көптеген елдердегі компаниялар есепті жүргізу үшін ҚЕХС қолданады.
Соңғы жылдары Қазақстан республикасы Үкіметінің Қаржылық есептіліктің халықаралық Стандартына өту бойынша әрекеті айтарлықтай белсенді жүргізілуде. Үкімет тарапынан бұл бағытта алғашқы қадам 2003 жылы жасалды, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2003 жылы 15 мамырда №88-Р өкіметтік “2003-2005 жылдарға Қазақстан Республикасында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына өту бойынша шаралар жоспарын” бекіту туралы өкім шығарды. Жоспарда қаржылық қорытынды есептің халықаралық стандартына өтудің келесі мақсаттары мен міндеттері құрылды: “бугалтерлік есептің жүйесін реформалау мақсаты – бухгалтерлік есептің ұлттық жүйесін нарықтық экономика мен халықаралық стандарттар талаптарымен сәйкестендіру. Реформа міндеті келесіден тұрады: пайдаланушыларды, соның ішінде инвесторларды, пайдалы ақпараттармен қамтамасыз ету; Қазақстандағы бухгалтерлік есеп реформаларының халықаралық деңгейдегі стандарттардың негізгі үндесу тенденцияларымен үйлестіруді қамтамасыз ету; бухгалтерлік есептің үлгілерін түсіну мен ендіруде ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету”. Бухгалтерлік есеп стандарттары және қаржылық есептілікті құрудың ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Көрнекіліктің оқу процесіндегі мақсаты

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мектеп міндеті - әр оқушыға терең білім беру. Сонымен бірге, окушының ойлау кабілетін арттыру. Болашақ ұрпаққа саналы біліммен сапалы тәрбие беруде, оқушылардың материалдарды саналы түрде түсініп есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде көрнекіліктің мәні зор екенін дәлелдеп көрсетеді. Кернекілік окушылардың материалды тез саналы түрде түсінуін қамтамасыз етумен бірге, ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін практика жүзінде көрсету. - Көрнекілік - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде пайдаланады. Оқушылар заттарды көзімен көрумен қатар, қолымен ұстап, түр-түсін байқап, өзінің қажетіне жаратады.
Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге болмайтын жағдайда да көрнекіліктер қолданылады. Көрнекіліктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады. Көрнекілік бақылауға, білуге, салыстыру, қатар қоя білуге, абстракты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады. Көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану барысында алғаш оны бүтіндей, кейін бас және қосалқы бөлшектерін, соңында тағы да бүтіндей көрсетуге болады. Көрнекілікті сабақта ұстаз немесе оқушылардың өздері жасасада болады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Дидактиканың негізгі ұстанымдарының бірі – көрнекілік екенін, көрнекіліктердің білім сапасына тигізер әсерінің мол екені дәлелдеу.
Көрнекіліктің оқу процесіндегі мақсаты байқағыштыққа логикалық түйіндікке және өзінің көргендерін сезбей дұрыс жеткізуге, бұлардан логикалық қорытынды шығаруға жаттықтыру екенін анықтау.

Курстық жұмыстың міндеті:1. Көрнекіліктің оқу процесінде атқаратын қызметін көрсету.
2. Дидактиканың негізгі ұстанымдарының бірі - көрнекілік екенін практикада дәлелдеп көрсету. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киеміз

Барлық игіліктердің ең ұлысы – тәуелсіздік.
У.Годвин

Тәуелсіздік деген тәтті сөз емес. Ол – алаш деп түнемесі дөңбекшіген бабаларымыздың, ағаларымыздың әлде өкініштен, әлде өзекті өртеген намыстан былайғы жақын-жұрағатына көрсетпей, бармағын тістелеп отырып жанарына үйірген көз жасы. Ертеңіміз, елдігіміз не болады деген ұлы уайымы. Қазақ келешекте бодан болып жер бетінен мүлде жойылып кете ме, әлде іргелі елге айналып, көшін түзеп кете ала ма деген жүрекжарды сауалы.......
Шығармалар
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Қалтырауық қамыр кемпір және Ақ боран

Қазақ халқының ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының көпшілігі осы ойынмен басталады. Наурыз мейрамында бұл ойындар екі жақтың тартысы арқылы ойналып, қыстың қысылшаң қаттылығын бейнелейтін болған.

Наурыз кезінде жақын екі ауылдың келісуі бойынша, мерекеге жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың аты — «Ақ боран» да, екінші топтың аты — «Қалтырауық қамыр кемпір». Әр топ ойын басталмас бұрын өздерінің ішінен өнердің барлың саласына қатынасатын (ақын, палуан, мерген, найзагер, құсбегі, шабандоз тағы сол сияқты) ойыншыларын дайындап, сайлап алады да, жиналған қауым екі ауылдың ең үлкен ақсақалдарының батасын алады.

Ойын ең алдымен екі жақтың ақындар айтысымен басталады. Бірінші күні-ақ айтысқан екі жақтың тартыс-бәсекесінен біріне-бірі оңайлықпен беріле қоймағандығы байқалады. Мереке өнердің барлық саласынан-ақ осындай қызу тартыспен өтеді.

Ақындар айтысы бітісімен, палуандардың күресі басталады.

Палуандар күресі біткеннен кейін «жаяу жарыс» басталады. Бұл ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Екі топтың өзара келісімі бойынша белгіленген екі көмбенің арасын жүгіріп өтулері керек. Жаяу жарысқа қатысушылар нақтылы қандай қашықтыққа жүгіретінін ешқайсысы білмеген, өйткені бұл екі көмбенің арақашықтығы еш уақытта өлшенбеген. Тек бертін келе ғана мөлшермен өлшене бастады. Шамамен бірден үш шақырымға дейінгі қашықтық алынған жаяу жарысқа қатысушылардың әрқайсысы өзінше жүгіріп, бірінші келгені жеңімпаз атанған.

Бұдан кейін халқымыздың ат үстінде ойнайтын ойындары басталып жалғаса беретін болған.

Ат үстіндегі ойындардың бір түрі «Жамбы ату». «Жамбы ату» ойыны қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Себебі қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан.

Мұның өзіндік ерекшелігі мынада: қазақтар жамбыны атқанда бүгінгідей анандай жердегі тақтадағы нысананы көздемеген. Олар ұзын сырықтың басына мергенге арналған сыйлықты, болмаса жамбыны шүберекке орап, не ашық түрде жіпке байлап іліп қояды.

Мергендер жамбыны атқанда, оны байлаулы тұрған жібінен көздеп жерге түсіреді. Жамбыны атқанда әркім өз атының үстінде жүріп, не шауып келе жатып садақпен атады. «Жамбы атудың» қызықтылығы сондай, оны тамашалауға жиналған жұрт басқа ойындарды ұмытып бар назарларын соған салатындықтан, оны барлық ойындар өткеннен кейін, ең соңынан қызықтайтын болған. «Жамбы ату» ойыны тігілген жүлдені мергендер атып алғанға дейін жалғаса береді. Кей жағдайларда ойын қызығына қанбаған жұрт жамбыны үш ретке дейін тігеді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0