Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Ұқсатым. Сән. Талғам» №2 (7 сынып, II тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: «Ұқсатым. Сән. Талғам.»
Сабақтың тақырыбы: «Ұқсатым. Сән. Талғам» №2
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т3 Әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
Сабақтың мақсаттары: Тыңдалымның лексикасын түсініп, қолдана алады. Тыңдалым мәтінінде көтерілен мәселені анықтайды.............
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелеу мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Жанды табиғат
Тақырыбы: Әңгімелеу мәтінін құрастырайық
Оқу мақсаты: 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
-үлгі бойынша сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың көбі:
- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
-сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;
-сөйлем құрамында қаратпа сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Шаруашылық туралы түсінік (7 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Сабақ тарауы: Экономикалық география
Сабақ тақырыбы: Шаруашылық туралы түсінік
Оқу мақсаты: Шаруашылық салаларын жіктеу (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп)
Географиялық дерек көздермен жұмыс істеу (карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар)
Сабақтың мақсаты: Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларын жіктеу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Ғалымжан Молданазар (1988 жылы)

Ғалымжан Молданазар 1988 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол қазақ эстрадасының тыңдармандарына таңсықтау синти-поп, брит-поп, рок, инди-поп жанрларында ән салады. Көрермендер алғаш рет Ғалымжанды 2011 жылы «Хит тв» телеарнасынан көрді. Ол кезде Ғалымжан рок-әнші Әсеммен дуэт айтып шыққан болатын.
Ғалымжан өзі орындаушы болғанға дейін «Орда» тобына, Қайрат Түнтеков, Әсем, Асыл Беделхан және тағы басқа әншілерге ән жазған. 2013 жылдан бастап жеке әнші ретінде эстрадаға келген ол бұл ортадан тез жалыққанын былайша түсіндіреді: «оқушы кезімде жұлдыз болғым келді. Кейін Алматыға келіп, композитор ретінде әншілерге ән жазып, осы салада жұмыс істеп көргеннен кейін ойымнан айнып қалдым. Шыны керек, эстрада маған ұнаған жоқ. Бәрі жалған, фонограмма, барлығы өтірік... Менің ойымша, өнерде алдамшы нәрселер болмауы керек. Мысалы, фонограммаға адал ақша емес, фальш ақша төлеңіз. Дұрыс қой?..»
Әнші дәл осы себептермен 2013 жылы эстрададан кетті. Оған көп жерде фонограмма талап етілетіні ұнамады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Аралбай

Аралбай (1712, Жаркент өңірі — 1752, Шу бойы)[1] — қазақ-қалмақ соғысының батыры, елші. Қаракерей Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Өтеген, Райымбек, Хангелді батырлардың үзеңгілесі. Ұлы жүз ханы Жолбарыстың орыс бодандығын қабылдайтыны жөнінде Әбілқайыр ханға .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Айтолқын

Айтолқын - ерте заманда Отан үшін, елінің тәуелсіздігі үшін жау қолынан қаза тапқан батыр қыз.
Айтолқынды мәңгі ұмытпау үшін халық оған арнап әдемі сүр тастан сәулетті күмбез орнатқан. Ол күмбез Ақтөбе облысы Терісбұтақ өзенінің .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Тонзиллит

Тонзиллит (tonsіllіtіs) – таңдай (көмекей) бадамшаларының қабынуы. Тонзиллиттің жедел түрі және оның бірден қатты ұстайтын созылмалы түрі бар. Созылмалы түрі мұрыннан қиналып дем алудан, мұрын қуыстарының және тістің зақымдануынан болады. Бұл кезде қабыну ошағы негізінен бадамша бездің шұңқыры лакунада болады. Науқас адамның оқтын-оқтын тамағы ауырып, жұтынғанда тамағында бір нәрсе тұрғандай сезінеді. Кейде құлақ шаншып ауырады. Ауру адамның дене қызуы 37,3 – 37,5С-қа көтеріліп, дерт бірнеше аптаға, тіпті бірнеше айға созылады. Соның салдарынан науқас әлсіреп, буындары сырқырайды, басы ауырып, жұмысқа қабілеті төмендейді. Тонзиллиттің бұл түрі мезгіл-мезгіл қайталануы мүмкін. Дерттің өршуі жүрек-қантамыр және несеп-зәр шығару жүйелері қызметінің бұзылуына, буындардың сырқырап ауруы – тонзиллогенді сепсиске әкеледі. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралу керек. Емді дәрігер тағайындайды. Ем кешенді түрде жүргізіледі. Дұрыс диета сақтап, витаминдерге бай тағамдар ішу керек; антигистаминді препараттар, антибиотиктер беріледі; лакуналарды антисептик. ерітінділермен жуады. Дерт қатты асқынып кеткен жағдайда, хирург. операция жасап, таңдай бадамшаларын алып тастайды.



Пайдаланылған әдебиет



"Қазақ Энциклопедиясы", 8 том

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Талма ауруының генетикасы

Талма ауруының генетикасы



Талма (эпилепсия) ауруымен бүкіл әлем бойынша 20-дан 40 миллион дейін адамдар ауырады. Еуропада бұл аурудың әртүрлі жас аралығында кездесу жиілігі 100000 адамға шаққанда 40-70 аралығында анықталады. Аурудың ең басым көрсеткіші бір жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Алғашқы талма 75 пайыз жағдайда 18 жасқа дейін дамиды. Ең минималды жиілігі 30 және 40 жас аралығында, ал қарт адамдарда бұл көрсеткіш қайта жоғарылайды. Талма ауруы 12-20 пайыз жағдайда жанұялық сипатта болады. Талма ауруы ерте заманнан белгілі. Біздің заманымызға дейін 400 жылдары Гиппократ осы талма ауруына арналған бірінші трактатын «Қасиетті ауру» жазды. Бұл ғұлама дәрігер талма ауруының табиғатын тұқымқуалаушылық пен бас миының ақауларымен байланыстырды. Ал, талманың дамуын бас миының тығыздығын өзгертетің күн сәулесімен, жел және суықпен әсер етеуінен-, деп есептеді. Қазіргі заманғы түсінік бойынша талма ауруы мультифакторлы аурулар тобына жатады. Патогенезінде бас миындағы эпилептикалық ошақта нейрондардың шамадан тыс қозуының салдарынан клиникалық көрінісінде қайталамалы жайылған талманың дамуымен сипатталады.

Жіктелуі .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Аккожа Мажит | Байырғы қазақ метрологиясы


Байырғы қазақ метрологиясы кәсіптік қажеттілікке байланысты қалыптасты.

Жылқыға байланысты:

Жылқы байлам

Ат шаптырым жер

Бие сауым уақыт

Ұзындық, уақытқа байланысты:

Бір қыдыру жер

Түстік жер

Айлық жол

Күндік жер

Арпа өлшемі:

Шығыс елдері бойынша ең кіші салмақ және ұзындық өлшемі ретінде қолданған.

1 арпа = 45мг

6 арпа = 1 бармақ өлшеміне тең

Табан өлшемі - орташа ұзындық өлшемі. Адымның бестен бір бөлігіне және адам бойының алтыдан бір бөлігіне тең болған. Ағылшындар «футы»- деп атайды.

Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық. Аршын – ежелден бері қолданып келе жатқан, адамның шынтағы мен саусақ ұшының арақашықтығына негізделген өлшем бірлік. Вавилонда локоть атаумен пайда болған.

1 шынтақ = 45см тең

.....
Әңгімелер
Толық
0 0