Әңгіме: Эдгар По | Тірідей жерленгендер

Жұрттың бәрін ынтықтыратын, әйтсе де әдебиеттің заңды игілігіне айналу үшін аса үрейлі тақырыптар бар. Егер оқушыларды жәбірлеп әлде шошытқысы келмесе, романшының әдетте одан аулақ жүргені абзал. Айдай ақиқаттығы алғаусыз болған жағдайда ғана бұл тақырыпқа қалам тартуға болады. Мәселен, Березинадан өту туралы, Лиссабондағы жер сілкіну жөнінде, Лондондағы оба жайында, Варфолемей түні немесе Калькуттаның Қара Апанында жүз жиырма үш тұтқынның қалай тұншығып өлгені жайлы оқығанда «қайғылы қасіреттен» жанымыз өксіді. Әйтсе де бұл жазылғандардың ақиқаттығы ғана, растығы ғана, шындығы ғана бізді толғандырады. Егер олар ойдан шығарылса, әрине біз жиіркеніштен басқа ештеңе сезінбеген болар едік.

Мен әлемге әйгілі, аса қайғылы оқиғалардың бірсыпырасын ғана атадым; олардың қисапсыз көптігі жан дүниеңді қасіретті мәнінен кем күйзелтпейді, адамдардың бақытсыздығы жөніндегі бұл ұзақ қаралы тізімнен көпке ортақ осы апаттың қай-қайсысынан болса да, әлдеқайда асып түсетін жан түршігер не сан қайғы-қасіретті оқиғаларды таба алатынымды оқушыларға айтып жатуымның қажеті бола қоймас. Шын қасіреттің, ауыр қайғының әмәнда жалқы болатыны, әсте қайталанбайтыны ақиқат. Ал қасіреттің уын басу адамзаттың емес, адам пешенесіне жазылған болса, ол үшін рақымы күшті жаратушы жаппар иеме ризалық білдіруіміз керек! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: ПМНО | Бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін үйрету жолдары

Адамзат қоғамының кез-келген өзгерісі ғылымның дамуынан байқалады. Тілге қатысты, әсіресе ұлт тіліне қатысты ілім-білімнің өркендеуінде қалыптасқан бір заңдылық бар. Ол – сол ұлт тіліндегі тілдік факторлардың тарих тасасында қалмай, уақыт озған сайын сан түрлі ғылыми зерттеу нысанына негіз болуы. Бұл ретте кезінде көп іс тындырған тілші, әдіскер ғалымдардың еңбектері кейінгі зерттеушілер үшін қашан да жөн сілтейтін өлмес туындылармен құнды екендігін кейінгі ұрпақ үлкен ілтипат көңілмен мойындайды. Сондай құнды мұралардың қатарына белгілі әдіскерлер Ж.Аймауытов, Ш.Х.Сарыбаев, Ы.Маманов, Д.Әлімжанов, Н.Оралбаева, З.Бейсембаева, Ж.Сүлейменова, Қ.Қадашева, А.Сатбекова, К.Жақсылықова сияқты әдіскер-ғалымдардың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты ғылыми зерттеулері жатады. Олардың қазақ тілін мектепте оқытудың әдістемесіне қатысты шыққан мазмұнды мақалалары, монографиялары - үлкен ғылыми ізденістерге бағдар болып табылатын туындылар екендігі шындық. Бұл еңбектерде аталған ғалымдар өздеріінің қазақ тілін оқытудың әдістемесіне байланысты жинаған материал-деректерін ғана емес, сонымен қатар әр тақырыпқа қатысты сабақтың жүргізілу әдіснамасын жасап, жаттығулардың орындалу барысын, оқушыларға жаңа материалды үйретуде қолданылатын түрлі әдістерді(репродуктивтік, индуктивті, дедуктивті, интерактивті, интегралды, модульмен оқыту, т.б.) де қамти өткендігін айқын аңғаруға болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамыту перспективалары

Сақтандыру – сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру көлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Осы біріктіру жұмысында: сақтандырудың мәні, сақтандыру нарығының түсінігі, қызметі, құрылымы мен түрлері қарастырылады. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы, сақтандыру ұйымдарына талдау жасалып, алдағы уақытта сақтандырудың дамитыны туралы баға беріледі.
Зерттеу тақырыбының мәні. Сақтандырудың сенімді, әрі тұрақты жүйесі экономикалық сақтандырудың жоғарғы дәрежесі, олардың нарықтық экономикада табысты қызмет етуін көрсетеді. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі сақтандыру ролінің өсуіне қажетті алғышарттарды туғызады. Бір жағынан, сақтандыру халықты әлеуметтік қорғаудың маңызды элементі ретінде, ал басқа жағынан едәуір ақша қаражаттарын жұмылдыра отырып, мемлекет экономикасына институтционалды инвестор ретінде шыға алады. Осының барлығы сақтандырудың экономикадағы ролінің маңызды екенін көрсетеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Д дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Д дыбысы және әрпімен таныстыру. Д дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, д дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Жаңа дыбыстың орнын анықтау.
2. Дыбысты дыбысқа қосып, буынды буынға қосып сөз жасау дағдыларын қалыптастыра отырып, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Сабаққа деген ынта ықыласын, қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
3. Зеректікке, ұқыптылыққа адалдыққа баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, жинақтау, ауызша, жазбаша.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт.
Кел, балалар оқылық
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жануарлар туралы жалпы ұғым

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, әңгімені мұқият, зейін қойып тыңдауға үйрету. Үй жануарларының бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал – мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ – жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру; мекені, қоректенуі туралы түсінік беру, неліктен жабайы деп аталатынын түсіндіру. Аңдардың мінез құлқын бейнелейтін әңгіме арқылы балаларды анық сөйлеуге үйрету.
Әдіс тәсіл: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын, сұрақ – жауап, сахналау.
Көрнекілік: Үй және жабайы жануарлардың суреті, үйдің макеті, жануарлар киімі. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау

КІРІСПЕ
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: География | Апат кезіндегі әрекеттер

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 5.07.96 жылы ҚР Заңы Республика аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың ескерту мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Онда, халықты, қоршаған орта мен шаруашылық объктілерін төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекеттік саясат жүргізуде басым салаларының бірі екендігі атап көрсетіледі.
Заңда төтенше жағдайда, зілзалаға, аварияға, апатқа анықтама беріледі. Заңда тиөтенше жағдайғап қатысты басқа да мәселелер мазмұндалған.
Атап – бұл адамның кғңүтпеген іс - әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықта й экономикалық жне экологиялық заламен сипатталады.
Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі.
Көлемді анықтау кезінде өлшем үшін екі көрсеткіш алынады.
(апат ) зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың саны, апат салдарының әсеріне ұшыраған аумақ.
Төтенше жағдай - апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процестерінің жиілігі болып табылады. Бұл процестерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауы талап етеді.
Авария - технологиялық процестердің бұзылуы, мезанизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері - агрегаттарды, мбеханиюзмдерді пайдалану ережесін бұзу. Сондай - ақ техника қауіпсіздігі ережесін бұзу, зілзала. Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Аварияның бнегізгі салдары жарылыс, өрт, су, басу шахталардың құралуы болуы мүмкін. Бірқатар жағдайда атмосфера газданған, мұнай өнімдері, тұтанғыш сұйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі авария салдарын тудырады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Кәсіпкерліктің мазмұны мәні

Нарықтық экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие және ол әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым – қатынастарды қамтиды.Мұнда құқықтық, психологиялық,тарихи сәттер көрініс алады.
Кәсіпкерлік: мәні,мазмұны. Буржуазиялық -экономикалық теорияда «кәсіпкер» ұғымы 18 ғасырда қолданыла бастады.А.Смиттің ойы бойынша,кәсіпкер– сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады.Ол өндірісті өзі жоспарлайды,ұйымдастырады және соның нәтижесіне оған өзі иелік жасайды.
Ж.Б.Сэйдің анықтамасы бойынша,бұл - өндіріс факторларының қисынын келтіріп ұштастыратын,экономикалық қызмет атқаратын адам.
Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп,иелігіндегі қажетті құралдарды (өзінікі немесе қарызға алған) бар пайдалы жұмысты (істі) ұйымдастырушы адамды айтады.Бұлардың қатарына жататындар – шағын кәсіпорындардың иесі,акционерлік қоғамның басқарушысы,кооперативтің жетекшісі, шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері (жалдамалы басшысы) бүгінгі таңдағы капиталистік елдердегі экономикалық жүйенің өсіңкілеу дамуына икемділігін қамтамассыз ететін құралдарға,жұмыскерлерінің қалың топтарының творчестволық және ұйымдастыру қабілетін жүзеге асыратын формаларға тығыз байланысты. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғаламтормен жұмыс жасаудың зиянды жақтары (7 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет
Сабақтың тақырыбы: Ғаламтормен жұмыс жасаудың зиянды жақтары
Оқу мақсаттары: Т3. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну. Әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы:
Тыңдалымдағы ақпаратты түсінеді, ғаламтордың зиянды жағын ажырата алады.
Оқушылардың көпшілігі:
Қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, қолдана алады.
Оқушылардың кейбірі:
Алынған ақпаратты өздігінше саралап, еркін қолданып, дербес ой айтады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Материктердің табиғи зоналары №2 (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Материктердің табиғи зоналары №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:(оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.4.3 әр материкте орналасқан ұқсас табиғат зоналар мен биіктік белдеулерді салыстырады
Сабақ мақсаттары: Оқушылар істей алады:
әр материктегі табиғат зоналарын мен биіктік белдеулерін салыстыра біледі.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0