Курстық жұмыс: Тарих | Қазақстандағы тарихи мәдени ескерткіштерге сипаттама

Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.
Қараман – Ата ескерткіші Маңғыстаудың орта бөлігінде, ол үш бөлмеден тұрады. Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал. Онда төбені тіреп тұратын ұстындар бар. Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша Қараман – Ата Шопан – Ата әулиетінің інісі екен делінеді. Екі мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған, бірақ ол уақыт өте құлап қалған. М.Мендіқұлов Қараман – Ата мешітінің салыну кезеңін 13 ғасырға жатқызады. Ал Әбілғазы Қараман – Атаны Балқаннан түркмендерді Маңғыстауға бастап келген бектердің бірі дейді.
Археологиялық ескерткіштер. Батыс Қазақстан аумағындағы ең көне археологиялық ескерткіштер облыстың оңтүстік жағындағы ежелгі шақпақ тас жыныстары қазындылардан табылды. Бұлар - шель-ашель құралдары мен оларды дайындауға пайдаланылған заттар ұшырасатын тұрақтар. Аймақтың ежелден-ақ қоныс орны болғанына ерте тас дәуіріне жататын петроглифтер де куә.
Кейінгі палеолит кезеңінде қазіргі Батыс Қазақстан аумағының табиғат жағдайы құбылмалы болды. Мұз қабатының еруі мен Кавказ жотасының солтүстік сілемдерінің жаңадан тектоникалық түзілуі Каспий маңы деңгейін жоғарылатты, сөйтіп бүкіл бүкіл Каспий маңы ойпатын тегіс су басты (“Қазақ ССР тарихы”, 1 –том, Алматы, 1980,81 – бет). Осындай елеулі жергілікті өзгерістер климаттың құрғап, шөлейттеуіне әкелді. Ірі – ірі шөп қоректі жануарлар қырылды. Ең соңғы мамонттардың бірі Жайық өзенінің сол жағында бұдан шамамен 8000 жыл бұрын жойылған (Сонда, 82 – бет). Қазақстан аумағындағы неолит пен энеолит кезеңінде Еуразияның кең – байақ кеңістігіндегідей андронов мәдениетіне ұқсас, біртеті шаруашылық сипатына қарай біріккен....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық психалогиалық қарым қатынас

Қазіргі таңда білім беру саласы үшін- педагогтарды дайындау негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаев 2001 жылы ақпанда білім және ғылым қызметкерлері арасында өткен съезде білім беру жүйесінің қалыптасуында негізгі орынды оқу сапасын жоғарылату және мамандарды даярлау мәселесі алатынын атап көрсетті. Оқу процесін әр бала ақыл-ой және шығармашылық жағынан дамып жетістікке жете алатындай етіп ұйымдастыра білетін педагогтарға сұраныс өсті.
Жоғарғы білім беру жүйесінің дамуында педагогтың кәсіби білі деңгейіне қойылатын талаптар, өз еңбегінің нәтижелілігіне жауапкершілік күрделене түсуде. Бұл жағдайда педагогикалық шеберлікті жетілдрі, педагогтың шығармашылық потенциалын дамыту мәселесі тек әлеуметтік талап қана емес, сонымен бірге педагогтың кәсіби қарым-қатынасын шыңдауға деген талапқа ұласады.
Білім беру мекемелеріне негізгі психологиялық-педагогикалық дайындықты игерген, өз пәнін жете меңгерген, әдістемеоік құралдармен қаруланған, балаларды түсінетін және олармен жоғары деңгейде қарым-қатынасқа түсе алатын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, еңбекке құлшынысы бар шебер педагогтар қажет.
Қазіргі педагог оқу процесінде тек қана ақыл-ой, эмоциялық, адамгершілік және физикалық тұрғыдан ғана қаруланып қоймай, балалармен қарым-қатынасын тиімді орната білуі керек.
Курстық жұмыстың мақсаты: Педагогикалық психологиялық зерттеудегі қарым-қатынасын және оған қақтығыстардың әсерін теориялық-практикалық тұрғыдан тұжырымдау болып табылады.
Алдыға қойылған мақсатқа байланысты төмендегі міндеттер жүйесі қарастырылады:
-қарым-қатынас мәселесінің теориялық негізін ашу;
-қақтығыс мәселесіне шолу жасау;
-дұрыс қарым-қатынас орнатуға қатысты кеңестер беру;
Педагог пен тәрбиеленушілердің арасындағы өзара әрекетті ұйымдастырудың шарты педагогтың коммуникативтік әрекеті, яғни тәрбиеленушілердің мінез-құлқын қадағалайды, тәртібі мен әрекетін ұйымдастырады, жұмыстары мен жетістіктерін бағалайды, болып жатқан ақпараттармен хабардар етеді, қиындықтан шығуға, өз мүмкіндіктерінде сенімді жоғалтпауға көмектеседі.
Қарым-қатынас мәдениетінің төмендігі, педагогтың кәсіби-педагогикалық қарым-қатынасқа психологиялық дайын болмауы студенттермен өзара қатынас орнатуда кері әсерін тигізеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Саттар Ерубаев

Қысқаша өмірбаяны: Саттар Ерубаев 1914 жылы Түркістан ауданыныда дүниеге келді. Балалар үйінде тәрбиеленген.
1927 жылы Түркістан ауданы, «Комсомол» колхозында қызмет істейді. ҚазКСР Оқу халық комиссариатының жоғары оқу орнында даярлау курсын,Ленинградтағы философия және тарих институтын бітіреді. «Лениншіл жас» және «Ленинская смена» газетінің әдебиет бөлімдерін басқарды. «Лениншіл жас» газеті редакторының орынбасары әрі Алматы жоғары ауылшаруашылық мектебі философия кафедрасының ассистенті болды.
1934-35 жылдары «Қарағанды поолетариаты» газеті редакторының орынбасары. 1935 жылы Ленинград университетінің аспирантурасына түсті. 1936 жылдың қыркүйегіннен ҚазПИ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті. 1932 жылы «Тракторшы Камалдың жыры», «Үш шахтер туралы баллада» деген жырлары жарық көрді.
Аудармада; К.Чуковскийдің «Сарыарқаның ерлері», Ю.Березиннің «Сексенбайдың қысқаша тарихы», А. Сурковтың «Бір қатарда» атты туындыларын, жапон жазушысы Си Китидің «Қол соқпаған адам», И.Еренбургтің «Австрия таулары» атты туындыларын қазақша сөйлетті. Өз шығармалары 1957 жылы орыс тілінде жарық көрді, ал 1966 жылы тұңғыш Ленин комсомолы сыйлығын алды.
С Ерубаев 1937 жылы Алматы қаласында қызмет бабында жүргенде ауыр науқастан қайтыс болды.. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат Көлік – оқылым (3-сабақ) (1 сынып, 5 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5
Сабақ тақырыбы:Саяхат. Көлік – оқылым. (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)О 5 Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Үлкендердің және сыныптастарының көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды.
Оқушылардың көпшілігі:
Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды.
Кейбір оқушылар:
Өз бетінше ақпараттарды таңдайды. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жемістер мен көкөністер– оқылым №3 (1 сынып, 7 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тамақ және сусын
Сабақтың тақырыбы:Жемістер мен көкөністер– оқылым №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
2.1 Сөз көлемі және сөздік қордың сан алуандылығы
1.2.1.1 Таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Таныс сөздерді қолдана отырып, сұраққа жауап береді.
Көбі: Таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.
Кейбірі: Таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ құрастырады және сұраққа жауап береді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Ерік Еренғазыұлы (Күзде келді аяңдап)

Жазда бітіп,күзде келді аяңдап
күн қысқарып салқын түсті баяулап,
салқын жаңбыр себелейді ақырын
кетіп барат,жазда артына қарайлап.

Балалардың сабағы да,жақын қалды таяды
балалар да,мектеп жаққа алаңдаумен қарады,
ойындарын қимай қимай....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өмірбаян: Абыл Тілеуұлы (1777 — 1864)

Абыл Тілеуұлы (1777, Маңғыстау — 1864, Маңғыстау, Қаратөбе) —ақын. Әкесінің есімі — Тілеу, атасының есімі — Өтембет.

Өмірбаяны
Абыл Тілеуұлы - 18 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген бұрынғы ақын-жыраулардың дәстүрін жалғастырушылардың бірі, суырыпсалма-ақын. Ол Маңғыстауда туып-өсіп, бүкіл Атырау аймағына танылған ақын. Әкесі Тілеудің тұрмысы төмен болған.

Абыл Атырау аймағын, қарақалпақ, түрікмен елдерін аралап, өзі тұтас ақындармен өнер сайыстырған.

Шығармасы
Бұрын әдебиетте Абылдың «Арғымақ атта сын болмас», «Ескерту» дейтін толғаулары ғана мәлім болатын. Ғалым Қ.Сыдиықов 1965 жылы оның өмір жолын, тағы екі-үш толғауын Сәттіғұл ақыннан жазып алған. Абылдың табылған жырлар түгел дерлік 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында», 1972 жылы «Ақберен» жинағында басылып шықты. Одан басқа Абылдың өлең, толғаулары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1957), “Өсиет-нама” (1982), “19-ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985), “Бес ғасыр жырлайды”, “Жыр-дария” (1995) жинақтарында жарияланған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Бақыт Қалсапарқызы Шадаева (1970 жылы 12 қаңтар)

Бақыт Қалсапарқызы Шадаева (1970 жылы 12 қаңтарда Түркістан облысы Мақтаарал ауданында туған) — эстрада әншісі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2005). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (1997). Мақтаарал ауданының құрметті азаматы

Жалпы мәліметтер
Алматы эстрада студиясын бітірген (1989). Өнердегі жолы 1988 жылы басталды. «Жас жігер» байқауына қатысқан жас әнші лауреат атанды. Студияны бітірген соң мемлекеттік «Гүлдер» ансамбліне жолдама алды. Осы жылдары ол бірнеше халықараралық, республика конкурстарға қатысып көзге түсті. «Юрмала-89», «Жас қанат» (1994) конкурстарында дипломмен марапатталды. Мальта Республикасында өткен «Мальта әуендері» ән байқауында лауреат болып, таңдаулы шетел әншісі атанды. Ол Қазақстан және шетел композиторларының әндерін, сондай-ақ халық әндерін де орындайды. Шадаева шырқаған «Аңса жаным», «Жауын», «Алматым – сұлу астанам», «Достарым», «Өмір – арман» әндері кеңінен танымал. Әнші Қытай, Германия, Франция, Италия, Ресей, Түркия және басқа елдерде өнер көрсетті. 1994 ж. «Сазген» этнографиялық ансамблімен бірге таяу және алыс шетелдер жұртшылығы алдында ән шырқады.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Жеңіс Сейдоллаұлы (1962 жылы 14 мамыр)

Жеңіс Сейдоллаұлы (1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған) — әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры (2016 жылдан). "Құрмет" орденінің иегері. Қармақшы ауданының Құрметті азаматы (2007).
Жеңіс Сейдоллаұлы 1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
1978 - 1982 жылдары Шымкент музыка колледжінің "Хор дирижері" мамандығы бойынша бітірген.
1983 - 1985 жылдары Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің "Эстрада - вокал" мамандығы бойынша бітірген.
2000 - 2005 жылдары Тараздағы Әулие ата университетінің «Экономика және менеджмент» факультетін бітіріп, экономист мамандығын алған.
2012 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Эстрадалық өнер" факултетінің магситратурасын бітірген. "Өнер шебері" академиялық дәрежесін алған ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0