Өмірбаян: Бақыт Қалсапарқызы Шадаева (1970 жылы 12 қаңтар)

Өмірбаян: Бақыт Қалсапарқызы Шадаева (1970 жылы 12 қаңтар)

Бақыт Қалсапарқызы Шадаева (1970 жылы 12 қаңтарда Түркістан облысы Мақтаарал ауданында туған) — эстрада әншісі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2005). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (1997). Мақтаарал ауданының құрметті азаматы

Жалпы мәліметтер
Алматы эстрада студиясын бітірген (1989). Өнердегі жолы 1988 жылы басталды. «Жас жігер» байқауына қатысқан жас әнші лауреат атанды. Студияны бітірген соң мемлекеттік «Гүлдер» ансамбліне жолдама алды. Осы жылдары ол бірнеше халықараралық, республика конкурстарға қатысып көзге түсті. «Юрмала-89», «Жас қанат» (1994) конкурстарында дипломмен марапатталды. Мальта Республикасында өткен «Мальта әуендері» ән байқауында лауреат болып, таңдаулы шетел әншісі атанды. Ол Қазақстан және шетел композиторларының әндерін, сондай-ақ халық әндерін де орындайды. Шадаева шырқаған «Аңса жаным», «Жауын», «Алматым – сұлу астанам», «Достарым», «Өмір – арман» әндері кеңінен танымал. Әнші Қытай, Германия, Франция, Италия, Ресей, Түркия және басқа елдерде өнер көрсетті. 1994 ж. «Сазген» этнографиялық ансамблімен бірге таяу және алыс шетелдер жұртшылығы алдында ән шырқады.

Марапаттары
1997 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты
2001 жылы «Азия дауысы» конкурсының жеңімпазы
2005 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріқұрметті атағы берілді.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының құрметті азаматы.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Бақыт Қалсапарқызы Шадаева туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Бақыт Қалсапарқызы Шадаева өмірі мен шығармашылығы, Бакыт Калсапаркызы Шадаева биография омирбаяны акпарат малимет, Бакыт Калсапаркызы Шадаева биография на казахском языке, Бақыт Қалсапарқызы Шадаева

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]