Өмірбаян: Мәдина Бақытжанқызы Сәдуақасова (1979 жылы 8 қыркүйек)

Өмірбаян: Мәдина Бақытжанқызы Сәдуақасова (1979 жылы 8 қыркүйек)

Мәдина Бақытжанқызы Сәдуақасова (1979 жылы 8 қыркүйекте Алматыда туған) — эстрада әншісі, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2009). Құрмет орденінің иегері (2017). Арғын тайпасының Бәсентиін руынан шыққан.

Мәдина Бақытжанқызы 1979 жылы 8 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген.
1992 жылы он үш жасар қыз "әнші балапан" байқауына қатысады. Алғашқы әрі ірі байқауы ол телевизиялық жарыс "Музыкальный вояж" байқауы. Көптеген байқауларда гран-приді иеленіп, жүлдегер атанады.1999 жылы Мәдина, "Жас Қанат" байқауында ән шырқайды Сол сәтте жас әншінің ерекше дауысына тәнті болған Роза Рымбаева өз қамқорлығына алады, ақ жол, сәт сапар тілейді. Артынша Роза мен Мәдинаның дуэт болып шырқаған "Мақсат-бақыт бастауы" атты әндері жарық көрді.
1999 жылы Мәдина, "Азия Дауысы" байқауында өзінің бағын сынайды. Сол жылы Мәдина, облыста "жыл адамы" деп танылады. Одан кейін Президент оркестрінде, "Гүлдер" ансамбілінде ән шырқайды.
2004 жылы Ермек Елгезектің "Махаббат жалыны" атты әніне алғашқы бейнебаянын түсіреді. Сезімге толы, керемет ән халық арасында кеңінен таралып кетті. Араға көп уақыт салмай "Аңсағаным" деп аталатын өзінің тұңғыш ән жинағы жарық көрді.

Марапаттары
2009 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" жастар сыйлығының иегері
2011 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
2017 жылы Құрмет орденімен марапатталды.

Отбасы
Ол ақпанның 2-ші жұлдызында тұрмысқа шықты. Күйеуіннің аты Олжас Смағұлов. Хабар телеарнасында режиссер болып жұмыс атқарады.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Мәдина Бақытжанқызы Сәдуақасова туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Мәдина Бақытжанқызы Сәдуақасова өмірі мен шығармашылығы, Мадина Бакытжанкызы Садуакасова биография омирбаяны акпарат малимет, Мадина Бакытжанкызы Садуакасова биография на казахском языке, Мәдина Бақытжанқызы Сәдуақасова

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]