Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 5-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» романы 5-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: 8.1.4.1. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Сабақтың мақсаты: Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Саулық – байлық негізі

Адам өміріндегі ешбір байлықтың құнына тең келмейтін асыл қазына – денсаулық. Деннің саулығы, жанның тазалығы ұзақ өмірмен жарқын күндердің себепшісі болып табылады. Шыны керек денсаулықтың қаншалықты өз организмімізге қажет екенін біздің ата – бабаларымыз ежелден-ақ түсінген және қадіріне жете білген. Сол себепті «Басты байлық- денсаулық» деп, бекер айтып кетпеген болар. Бұл тұрғыда біз ең бірінші дені сау адам қандай болу керек, жалпы қазіргі ....
Шығармалар
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Тәлім, тәрбие, үлгі, өнеге

Көргені жоқ көріктіден,
Тәлім көрген текті артық.

Тәрбие - тәлімнен.

Ғалым тәлімін өзінен бастасын.

Қызым келіннен ғибрат алып өседі,
Ұлым елімнен ғибрат алып өседі.

Қамшыға бүлдіргі
Балаға үлгі керек.

Бас тұмақтың үлгiсi.

Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.

Баланы жастан,
Келінді бастан тәрбиеле!
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Автономдық жүйке жүйесі

Автономдық жүйке жүйесі (грек, autos — өзім, өздігінен; nomos — заң; systema nervosum autonomicum) — адам мен жануарлар организміндегі тамырлар жүйесі (қан айналым жүйесі, лимфа айналым жүйесі, қантүзу) мүшелерінің, ішкі ағзалардың (ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею жүйелері ағзаларының), эндокринді (ішкі секреция) және экзокринді (сыртқы секреция) бездердің, бірыңғай салалы ет үлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің тәуелсіз бөлігі. Адам мен жануарлар жүйке жүйесінің бүл бөлігін вегетативтік (лат. vegeto — коздырамын, тірілтемін, жандандырамын) жүйке (нерв) жүйесі деп те атайды. Өсімдіктер түқымының тыныштық жағдайы- нан жанданып өсіп шығу қүбылысы, яғни адам мен жануарлар организмдеріндегі өсімдіктер организмдеріне тән: зат алмасу, көбею, өсу сияқты қызметтерді реттейтін жүйке жүйесінің бөлігі. Вегетативтік жүйке жүйесі өз кезегінде бір-бірімен тығыз байланыста қызмет атқаратын симпатикалық және парасимпатикалық екі бөлікген түрады .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Механикалық сарғыштану

Өттің жалпы өзегі сыртынан ісікпен қысылып немесе ішінен таспен, құрттармен, қою өтпен бітеліп қалғанда өт ішекке түспейді, қанга тікелей немесе лимфамен түседі. адамның терісі мен шырышты қабықтары сарғыштанады; зәрмен билирубин және өт қышқылы шығарыла бастайды. Сондықтан зәрдің түсі қою қоңыр болады.

Өт қышқылдары орталық нерв жүйесіне улы әсер етеді. Осыдан организмнің жалпы әлсіздігі, қызбалығы, артынан көңіл-күйдің тұнжырауы, түнде үйқы қашып, күндіз ұйқы .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Майлықараша

Ертеде бір бай болған екен. Ол байдың үш баласы болған екен, үлкенінің аты Жандос, ортаншысының аты Табанақ, ең кішісінің аты Майлықараша екен. Майлықараша үш жасар екен. Бір күні екі ағасы мал табамыз деп, жолға шығады. Сонда Майлықараша:

— Ей, ағалар, мен де бір барайын, – деді.

Ағалары:

— Жарайды, жүрсең жүр, – деді.

Үшеуі әке-шешесімен қоштасып, жолға шықты. Жолда келе жатып бір үлкен тасқа келді. Сол тастың түбіне түнеді. Үшеуі жатарда Майлықараша:

— Ағалар, мені орталарыңа жатқызыңдар, – деді. Екі ағасы орталарына алып жатады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Білімнен жаққан шамшырақ


(Ұстаздар күнімен оқушының құттықтауы)

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Жыл сайын жыл құсындай болып айналып соғар ұстаздар мерекесі тағы да есік қағып тұр. Ұстаз мамандығы қай қоғамда да, қай заманда да қадірлі де құрметті бола білді. Өйткені ұстаздық - тек бүгіннің ғана емес, келешектің, болашақтың жемісін мәпелеуші ұлағатты іс. Күні кеше ғана мектеп есігінен тарыдай боп кіріп, ақыл дариясы толысып таудай боп шығар әрбір шәкірт - осы бір киелі мамандықтың алдында мәңгі қарыздар. Себебі "Есімде әліппені жаттатқызып, ең алғаш қолға қалам ұстатқаның" деп белгілі ән жолдарында айтылғандай, білім кемесі мектеп табалдырығынан аттағанда, күлімсірей қарсы алып, қолыңнан жетелеп партаңа әкеп отырғызатын алғашқы ұстазыңнан бастап, әрбір ғылым сырының негіздерін жалықпай үйретер жоғары сынып ұстаздарының барлығы да шәкірт жүрегіне өз ізін қалдырып үлгереді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Ана

Мынау пәни жалғанда,

Анадан асқан жан барма!

Мәпелеп сені өсірсе,

Сыйла, анаңды ардақта.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тұрмысқа пайдалы кеңестер

Қарапайым заттарға басқа жағынан қарап, олардың басқа қырларын тапса болады. Кейде осындай кеңестер кәдімгі үй шаруаларында пайдалы бола алады.

Тырнаққа арналған лактың аты айтпақшы, ол тырнақ бояуға арналған. Алайда арулардың сұлулық құралын басқа мақсатпен қолдануға болады екен. Лакпен кейбір заттарға белгі жасаса болады. Мысалға, әуежайда жол сандығыңызды шатастырып алуға қорықсаңыз, оның шетіне қанық түсті лакпен бірнеше белгі салыңыз. Лак көмегімен жай стақаннан ас үйде сондай қажет өлшеуіш стақанын жасауға болады. Түссіз лактың пайдасын ерекше атап көрсетсе болады. Түйменің түсі кір жуғанда кетпес үшін, оны түссіз лакпен бояп қойыңыз. Әшекейіңіздің кішкентай тасы түсіп қалды ма? Оны қайта желімдегенше түссіз лакқа отырғызыңыз. Шұлықтағы сызықтың тарқатылуын түссіз лакпен тоқтатуға болады екен.

Қаңылтыр қағаз әр ас үйде табылатын болар. Аспаздықта қолданып үйренген қаңылтырды үй шаруасында да пайдаланса болады. Қасық-шанышқыларыңыз күмістен жасалынған болса, олар жататын қораптың түбіне қаңылтыр қағазын төсеп қойыңыз. Бұл күмістің қараюына жол бермейді. Егер күміс қасықтарды сирек қолдансаңыз, әр қасықты бөлек қаңылтырға орап қойған абзал. Қайшының жүзі өтпей қалса, онымен қаңылтыр қағазын кесіп жіберсеңіз жеткілікті. Ал айнаның бетінде қара дақтар пайда болса, артындағы күміс шаңдатуы тозып бара жатқан болар. Сол жерлерге қаңылтыр қағазын жабыстырып қойсаңыз, айнаңыз жаңарып қалады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0