Мақал - мәтел: Тәлім, тәрбие, үлгі, өнеге

Мақал - мәтел: Тәлім, тәрбие, үлгі, өнеге

Көргені жоқ көріктіден,
Тәлім көрген текті артық.

Тәрбие - тәлімнен.

Ғалым тәлімін өзінен бастасын.

Қызым келіннен ғибрат алып өседі,
Ұлым елімнен ғибрат алып өседі.

Қамшыға бүлдіргі
Балаға үлгі керек.

Бас тұмақтың үлгiсi.

Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.

Баланы жастан,
Келінді бастан тәрбиеле!

Тәрбиелі кісі —
Қант қосқан жармадай,
Тәрбиесіз кісі —
Шаң боратқан арбадай.

Жаста берген тәрбие —
Жас қайыңды игендей.

Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан.

Наданды тәрбиелеп адам ете алмайсың.

Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар.

Тәрбиесіз адамнан
Үйретілген айуан артық.

Берер Тәңір талап қылсаң,
Не табарсың қарап тұрсаң.
Мұратқа тез жетерсің,
Оқығанды сабақ қылсаң.
Күніне бес ойлағанды тамақ қылсаң.

Шайтанға сабақ үйреткен.

Алған сабағың біреу болсын, тоқуы мың болсын.

Бір елі ауызға —
Екі елі қақпақ.

Жақсы адамның жасын сұрама,
Жақсы аттың тісін қарама.

Көн қатса, қалпына барады.
Көпке түскен іс анығына барады.

Жасыңда көндігерсің,
Көндігерсің де,
Жөндігерсің.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақал мәтел Тәлім тәрбие үлгі өнеге туралы туралы макал мател, пословицы на казахском языке, макалдар туралы мақалдар, мақал мәтелдер Тәлім тәрбие үлгі өнеге туралы туралы макал мателдер, Тәлім тәрбие үлгі өнеге туралы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]