1. Балалардың өз бойларындағы өнерлерін, ерекше қабілеттерін көрсете отырып, білімге, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. 2. Сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сахналық қойылымдар арқылы әртістік шеберліктерін шыңдау. Рухани – адамгершілік қасиеттерін дамыту. 3. Аналарды құрметтеуге, үлкендерді сайлауға тәрбиелеу.
Барысы: Кіріспе көңілді музыка ойнап тұрады. Балалар музыка әуенімен сахнаға шығады. Мұғалімнің құттықтау сөзі. Негізгі бөлім: 1 – оқушы: Құрметті Аналар! Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! Ақжан: Нұршуақ: Қуанышы баланың – Бізді өсірген апатай, Қуанышы ананың. Еңбегіңіз зор екен, Қуанышы ананың – Құтты болсын апатай, Қуанышы баланың. Құтты болсын мерекең! Аяулым: Айналайын апашым, Аялайсың, бағасың, Менің үшін не керек – Бәрін іздеп табасың. .....
Мнктептің ұйымдастырушы тәртіп орталығы ретіндегі қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі-мектептің, отбасының жөне жұртшылықтың күшін біріктіру. Бұл жұмыстың мазмұны, өдістері мен түрлеріне қарай өзіндік ерекшелігі болады. Ол әрекетгің өзіндік ерекшелігі бірқатар факторларға байланысты. Олар педагогикалық процестің обьективті заңдылықтарын білу; қазіргі жағдайдағы мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу; қазіргі отбасының ерекшеліктері мен даму тенденцияларын түсіну, мұғалімнің, ата-аналар, жұртшылық өкілдерімен жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты жұмысқа практикалық тұрғыдан дайын болуы. Мектеп балалар тәрбиесі мен отбасы төрбиесін педагогикалық басқарудағы тікелей іске асыратын маңызды әлеуметтік институт болып табылады. Жас үрпақты өмірге дайындауда жаңа сапалық белгілер қалып-тасып, дербестікті дамыту, кәсіптік бағдар, білім алу және өздігінен білім алу, қабілеттерді анықтау және дамыту сияқты мәселелерге ерекше маңыз бсре бастады. Мектеп-тің, отбасының және жүртшылықтың тәрбиелік қызметі-нің біртүтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Ал бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптардың бірі. Белгілі педагог В. А. Сухомлинскийдің еңбектерінде "мектептік-отбасылық тәрбие" үғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртүтас және оны қалыптастыру процесі де біртүтас сипат алады. Міне, осындай біртүтас тәрбие процесінде мектеп жетекші рәл атқарады.....
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады, Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымнын алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген енбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе онын алдында міндеттемесі болуы мүмкін. ....
Кіріспе ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауы биылғы жылы « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталды. Биылғы жылы президентіміз жолдауда ауылшаруашылығына көп көңіл бөлді. Жолдауда ауыл шаруашылығы туралы арнайы «КазАгро» деген бөлім бар. «КазАгроның» негізгі міндеті – ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейін көтеру, жердің тозуының алдын алу, еліміздің су және басқа табиғи ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген аграрлық ғылымның кенжелеп дамуына тосқауыл қою, сондай-ақ ұқсас шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу. «КазАгро» таяу уақыттың ішінде экспорттық әлеуеті бар қолданыстағы және жаңа ауылшаруашылық өнім өндірушілерін қаржыландыру жүйесін әзірлеп, іске асыруға тиіс. Мұндай қаржыландыру нысаналы болуы тиіс әрі ескірген агротехнологияларды алмастыруды және жоғары технологиялық агроөнеркәсіп құруды қарастыруы қажет. Тағы осы сияқты және басқа да ауыл шаруашылығына қатысты мәселелер биылғы жолдауда қарастырылған. Ферменттерді биологиялық катализаторлар ретінде өндірістің әр түрлі салаларында – фармацевтикада, ауыл шаруашылығында, тоқыма өндірісінде, медицинада, анализде, органикалық синтезде және т.б. пайдаланылады. Ферменттерді иммобилиздеу – бұл олардың каталитикалық белсенділігінің толық немесе бөлшекті сақталынуымен ерімейтін жағдайға ауысуы. Ферменттер мен клеткаларды иммобилиздеу – сыртқы (қоршаған) ортада қозғалысының жасанды шектеулі жағдайларын туғызу, бұл шектеулерді тасымалдаушылар қамтамасыз етеді. Бүкіл клетка- тасымалдаушы жүйесін иммобилизденген биокатализатор деп атайды.....
І ТАРАУ. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ВАРИАНТТЫЛЫҒЫ, ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ 1.1 Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің негізгі құрамы Тілдегі варианттылық – қазіргі тіл біліміндегі келелі мәселелердің бірі. Сөздің варианттылығы тілдің табиғи ерекшелігінен туған лексика грамматикалық құбылыс. Сөз варианттылығы ауызекі сөйлеу тілінде жиі ұшырайды. Коммуникация заңы бойынша бір сөздің қолдану өрісінде түрліше айтылуының өзі бір жағынан,тілдің мол мүмкіншілігінен бүрын сөздің артықтығын көрсетеді десек те,тілдің үздіксіз даму жағдайында вариант сөздердің болуы заңды нәрсе.Өйткені тіл-қоғамдық құбылыс. Тіл кеңістік категориясынан, алшақ дамымайды. Тіл өзінің даму сатысында белгілі бір тарихи әлеуметтік жағдайға байланысты, қоршаған орта, адамдар арасындағы түрлі жағдайлардан оқшау өмір сүрмейді. Варианттылық – тілдік норманың тұрақты табиғи құбылысы. Тілде варианттылық болмаса, норма туралы үғым болмас еді. Тілдегі сан алуан вариант түрлері түптеп келгенде стильдік мақсатпен жүмсалады. Негізінде жалпы варианттылықтың тура қызметі осы ғой. Сондықтан да, сөздің айтылуында кез келген вариант артық дүние емес. Тілдің ішкі даму заңдылығында вариант болатын, бола беретін құбылыс. Бұл – тілдік тарихи категория. Өйткені тіл адамдарсыз жеке дара өмір сүре алмайды. Тіл қатынас құралы болғандықтан, тілдің қайсыбір қызметі қолдану аясында сан түрлі тіршілік тынысында сөздің даму сатысы адамдар ықпалымен өзгіріп отырады.....
КІРІСПЕ Кәсіпорынды оперативті басқару үшін белгілі бір кездегі шаруашылық ресурстары туралы бухгалтерлік баланс беретін мәліметтер жеткіліксіз. Шаруашылық қызмет пен жоспарлы талсырмаларды орындауды бақылау үшін шаруашылық құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын, олардың шығу көздерінің өзгеруін, шаруашылық процестердің және т.б. нәтижелерін күнделікті білу қажет. Шоттардың көмегімен есептің бір текті объектілерін, сондай-ақ ағымдағы бақылау эқономиқалық топтастыруды жүзеге асырады. Шоттағы жазбалар ақшалай түрде жүргізіледі. Әрбір жекелеген шотта есепке алынған объектінің бастапқы жағдайы, қейіннен оның өзгеруі (шаруашылық операциясы туғызған ұлғайту мен азайту) тіркелді. Бұл эқономиқалық біртеқті құралдар құралы мен олардын шығу қездерінің, шаруашьшық іс-әреқет процестері мен қорытындаларының жаңа жағдайын қез қелген сәтте анықтауға -мүмкіндік береді. Шоттар баланспен байланысты. Активтің немесе МКМ-ың әрбір бабына сол атаудағы тиісті шот ашылады. Бухгалтерліқ есептің шоттары баланстық және операциялық болып бөлінеді. Операциялықтар қаражат айналымының қейбір фазаларына байланысты жекелеген немесе біртеқті шаруашылық процестерін есепке алады.....
Қазақтың оюлары-ай, оюлары! Даладай бояулары қою бәрі! Күмбезге, тасқа, шиге көшкен нақыш жарайды көрмелерге қоюға әлі! Бақыт пен қуанышқа бағытталған көп еді қарапайым халықта арман.......
Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм,шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттартардан бастап одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттардан бар.Агрегаттардың көлемі 1мм-ден -10мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі. Топырақ бөлшектерінің құрылымы . 1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды,борпылдақ. 2. Құрылымы майда түіртпекті, оқ дәрәсіндей, мөлшері 0,5-1 мм. 3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5мм. 4. Жаңғақоты құрылым, 5-10мм. 5. Майда кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді. Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән құрылымның бірі-топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақтар бір-бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың шатастырмау керек. Морфологиялық құрылым- топырақтың сыртқы пішіні. Топырақтың әр түрлі морфологиялық құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір-бірнен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы бар топырақтың генетикалық қабаттарынан көруге болады. ....