Өзімді таныстырып өтейін. Менің атым Айбек. Мен 8 жастамын. Осы күнге дейін кен байтақ Отанымның барлық жерімен таныспасамда , теледидар арқылы және анамның әңгімелері арқылы білемін. Отан үйден басталады демекші , мен өз үйімді, мектебімді, туған өлкемді қатты жақсы көремін. Нағашы жұртыма қонаққа барғанда да, үйімдегі күшігім, мысығым не болды екен деп, достарым не істеп жүр екен деп ойлап жүремін. Әкем секілді болашақта балуан ер жігіт болып, әскер қатарында қызмет атқарғым келеді. ......
Кіріспе Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз өз алдына отау тігіп, дербес те тәуелсіз мемелекет болғалы бері мемелекеттік тілде оқуға, оны жан-жақты зерттеуге айрықша көңіл бөлінуде. Соның бір айғағы-бастауыш мектеп оқулықтарының мәтіндерін лингвостатстикалық тұрғыдан зерттеу. Лингвостатистикалық тұрғыдан зерттеу өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастау алады. Оның Қазақстанда және бүкіл түркі тілдес елдер әлемінде іргетасын қалаушы филология ғылымдарының докторы, профессор Бектаев Қалдыбайұлы. Содан бері тіл білімінің бұл саласы жекелеген авторлардың, публистиканың, ғылыми шығармалардың тілдерін зерттеп келді. Соңғы жылдары оқулық мәтіндерін зерттеуге мойын бұрды. Мұның себебі оқулық мәтіндерінде қанша аз қолданылғандығын оның қаншасы түбір, қаншасы қосымшалы түрде кездескендігін, ал қосымшалардың жалғау, жұрнақ түрінде сөзге жалғану аясы қаншалықты екендігін дәл білу керектігінде. Осыларды толық біліп алмай қалай беру керектігін, оларды мәтінде қалай пайдалану қажетілігін білу мүмкін емес. Сондықтан диплом жұмысы бұрын-соңды қолға алынбаған ең өзекті мәселеге арналып отыр. Диплом жұмысының мақсаты - лингвостатистикалық зерттеу арқылы бастауыш мектеп оқулықтары мәтіндерінде қанша сөз қолданылғандығын анықтау. Диплом жұмысының міндеті - лингвостатистикалық зерттеу нәтижесінде оқулық мәтіндерін әрбір пән бойынша анықтау. - Әрбір пәндерде қолданылған сөздердің лексика граматикалық тобын айқындау; - Оқулықтар мәтіндеріндегі жиі және сирек қолданылатын сөздерді нақтылау. Диплом жұмысының нәтижелерін теориялық тұрғыдан.....
Бәрі жақсы болса деппін мен баста, Жанымды ашып жалбақтаппын жолдасқа. Бәрі жақсы болса деумен шаршаппын, Бәлкім, енді бәрі жақсы болмас та. Жұртқа ұнадым, Өз көңілім пәс бүгін. Тасқа барып соғылғандай тасқыным. Бауырларды, Жақынды ойлап, Жасыппын, Жарқ-жұрқ етіп жайнамапты жастығым.......
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі Сабақтың тақырыбы: Уақыт және мен Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А4. Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау 7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау. Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы Мысалдардан көркемдеуіш құралдың 5 түрін дұрыс анықтады. Өлеңнің тақырыбын тапты. Өлеңнің көркемдік құралдарын тапты. Оқушылардың көпшілігі Мысалдардан көркемдеуіш құралдың 10 түрін дұрыс анықтады. Өлеңнің идеясын тапты. Өлеңнің көркемдік құралдарының мәнін ашты. Оқушылардың кейбірі Мысалдардан көркемдеуіш құралдың 15 түрін дұрыс анықтады. Өлеңнің автордың уақытқа берген мінездемесін ашты. Өлеңнің көркемдік құралдарының қызметін талдады.....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім Сабақ тақырыбы: Мектепке бару бағытын құрастыру Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану Рр әрпімен және дыбысымен танысу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөздерді буынға бөледі, сөзден сөйлем құрайды. Көптеген оқушылар: Мәтінді тұтас оқиды. Кей сөйлемдердің мағынасын түсінеді Кейбір оқушылар: Мәтінді тұтас оқып, мазмұндай алады.....
Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк. Бауыржан Момышұлы. 1941-1945 жылдар… Күркіреп өткен бір соғыс. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.“Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам”,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғап қалғаны, олардың Отанға, елге, жерге деген үлкен сүйіспеншілігі болса керек. Тарихта баяндалғандай, жеріміздің, еліміздің амандығын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған ата-бабаларымыз секілді Ұлы Отан соғысының зұлматты шақтарында ержүрек жауынгерлеріміз кең сахара даламызбен тұтас Отанымыздың амандығын, баянды, бейбіт болашағымызды өжет ерлікпен қорғап шығып, ұлы жеңіс салтанатын күллі әлемге паш етті. Тылда да майданға аттанған жауынгерлердің, оққа ұшқан боздақтардың отбасында тағдыр тауқыметі-үлкен қиындық орын алды. Елдегі ақ жаулықты аналар, сүйіктілерін, ерлерін майданға аттандырған қыз-келіншектер, буыны қатпаған балалар белдері бүгіліп, ұзақты күн білегі талып, “Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!” деп ұрандатып еңбек етті. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды......
Соғыс күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізеді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл соғыс кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеге жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне Бірі күтіп әнекей жағада тұр, -деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыз қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн - Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да ,туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке......
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын Бауыржан Момышұлы Батырлық пен ерлік – әр адамның бойында кездесе бермейтін қасиет. Бұл қасиет кей адамда жылдар өте келе қалыптасуы мүмкін. Өмірдегі сан қилы оқиғалар, тосын жағдаяттар өз әсерін тигізіп, адамды көзсіз ерлікке , қайсар батырлыққа итермелейді. Батылдық – бұл адамның бойына ержүректілік, қайсарлық, еркіндік, сенімділік, табандылық секілді қасиеттерді сіңіре білуі. Батылдық – адамның бір сәтке ғана батыл болып көрінуі емес. Батыл болу – игі мақсаттар жолында табанды, өз ісі мен сөзіне сенімді болып, жасқанбай әрекет ету деген сөз. Мақсатың мен мүмкіндігің, көздеген мүддең, армандаған тілегің, күткен нәтижең барлығы өзара үйлесе қабысқанда ғана түпкі мұратың – батылдыққа жетесің. Қазақ халқының ұлдары ежелден-ақ өжет, рухты болған. Атабабаларымыз дүниеге ұрпақтары келісімен оларды табандылыққа, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеген. Көне жазба деректерден , тарихи аңыздардан қазақ халқының арғы тегі – сақтардың да ерекше батыл халық болғанын білеміз. Сақ патшайымы – Томирис, оның ұлы Спаргапис сол кездегі хас батырлар, өршіл рухты қолбасшылар. Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ерліктің негізі – сүйіспеншілік, Отанын сүйген азамат ол үшін отқа да, суға да түседі. Бірақ нағыз азамат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі» деген. Демек, әрбір ерліктің бастау алар қайнар көзі – Отанға деген сүйіспеншілік. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында қызыл аяқ қар кешіп, жалаң аяқ жар кешіп елін қорғаған Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, «қара қазан, сары бала қамы үшін» деп туған жерін қызғыштай қорыған Махамбет пен Исатайлар, екінші дүниежүзілік соғыстың сұрапыл жылдарында да қаныпезер жаудан қаймықпаған қазақтың қайсар ұл-қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы соның нақты дәлеліндей.........
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті Сабақ тақырыбы: Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.3.4 – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау Сабақтың мақсаты: Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпейұлы және Қ. Халидтің тарихи дерек негізінде жазылған шығармаларының мазмұны мен мәнін зерттеу....