Барлық сынықтар ішінде кеуде жарақаты үшінші орында және 40 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Негізгі себептері: сақы, биіктіктен қулау, жол апаттары т.б. Кеуде жарақаттары ашық және жабық болуымен ерекшелінеді. Жабық жарақат алған кезде терінің анатомиялық құрылысы сақталса,ал ашық жарақат кезінде керісінше тері зақымданады. Кеуде жарақаты локализация мен және жарақат түріне байланысты ерекшелінеді. Кезкелген кеуде жарақаты сыртқы тыныс алу жүйесінің бұзылуымен яғни тыныстың тереңдігі, ритмін өзгертеді. Жабық кеуде жарақаты кезінде сыртқы тыныс алу жүйесі зақымданып өкпе жүрек жетіспеушілік синдромына алып келеді. Ауыр және өмірге қауіпті жарақат алғанда адам ағзасында анатомиялық және физиологиялық өзгерістері болады. Мысалы:плевра жапырақшаларының жарақаты, плевра және өкпедегі жоғары рецепторлардың сезімталдығы, теріс плевра ішілік қысым өзгереді. Кеуде жарақат алғанда тері ішілік қан құйылу, бұлшық ет қызметі, тыныс алу тереңдігі мен ритмі бұзылады. Кеуде қуысының қаңқа тірегі бұзылғанда өкпе вентиляциясына әсер етеді. Жарақат түріне қарай келесі түрлері болады: 1. Жеңіл жарақат 2. Орташа жарақат 3. Ауыр жарақат Кеуде жарақатының жеңіл түрінде тыныс алу мен жүрек қан тамыр жүйесі зақымданбайды. Бұл кезде тыныс алу бір минутта 25 аспайды. Орташа түрінде тыныс алу және қан айналу жүйесінде өзгерістер болады. Тыныс алу 1 минутта 25-30, тахикардиямен көрінеді. Ауыр түрінде терең тыныс алу және қан айналу жүйесі бұзылады. Тыныс алу минутына 35, бірден тахикардия пайда болады. Егер жарақат алғанда жұмсақ тіндер зақымдалса жарқаттың жеңіл түрі, қан құйылса яғни гематома болса орташа тіпті ауыр түріне жатады. Жұмсақ тіндер зақымдалса жарақат алған жерде кішкентай ісік пайда болады. Ауру терең дем алғанда, қабырға аралық бұлшық еттерге қан құйылғанда күшейе бастайды.....
Тыныс алу органдарының маңызы. Организмде әрқашанда және ұдайы тотығу арқылы белоктардың, майлардың және углеводтардың ыдырауы болып отырады, бұл кезде органикалық заттардың күрделі молекулалары оттегін қосып алады және ыдырайды. Заттардың ыдырауы әр түрлі физиологиялық процестерге және денені жылытуға пайдаланылатын энергияның бөлінуіне байланысты. Тотығу реакциясына қажетті оттегі организмге тыныс алу органдар арқылы келіп, клеткаларға қан арқылы жеткізіледі. Бұл процестің нәтижесінде организмдегі клеткаларда көмір қышқыл газы түзіледі, оны клеткалардан қан алып кетеді де, тыныс алу органдары арқылы бөліп шығарады. Оттегін сіңіруге және көмірқышқыл газының бөлінуіне байланысты процестерді газ алмасу процесі деп айтады. Атмосфералық ауа мен организм арасындағы газ алмасудың жүзеге асуында тыныс алу органдарының маңызы бар. Мұрын қуысы. Тыныс алу системасы мұрынның тар жолдарын, мұрын шеміршегі бөлетін мүұын қуысынан басталады. Ол оң және сол жақ жартылардан тұрады. Мұрын жолдары эпителиймен қапталған. Оның кірпікшелері тыныс алатын ауамен бірге келген шаңды тұтып қалып, өзінің қозғалысы арқылы сыртқа шығарып отырады. Мұрын жолдарының бетінде қан тамырлары көп болады. Ол тамырлармен ағатын қан, тыныс алатын ауаны жылытады. Мұрын қуысының кілегейлі затында лейкоциттер болады. Олар өзінің фагоциттік қабілетінің арқасында тыныс алатын ауада болатын бактерияларды жояды. Бактерияларға мұрын қуысы бездері бөліп шығаратын кілегейлі зат та күшті әсер етеді. Бұл кілегейлі заттар бактериялардың тіршілік әрекетін баяулату арқылы, олардың организмге тигізетін қаупін кемітеді. Егер ауа өкпеге ауыз арқылы енген болса, онда ауыз қуысындағы ауа, мұрын қуысындағыдай тазартылмаған, жылытылмаған және залалсызданбаған болар еді. Сондықтан тынысты ауыз арқылы емес, мұрын арқылы алу керек. Ауа мұрын қуысынан хоан арқылы жұтқыншақ - таңдай тесігіне өтіп, одан тыныс алу системасының ең маңызды бөлігі - көмекей басталады. Көмекей. Көмекей мойындағы 5-7 мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан. Оның қабырғасында үш үлкен тақ, үш кішкене жұп шеміршектер болады. Олардың ішіндегі ең ірісі қалқанша шеміршек деп аталады, оны мойынның алдынғы жағынан саусактармен ұстап тез тауып алуға болады. Оның үстінде екінші бір үлкен шеміршек - көмекей кацпагы орналасқан. Бір-бірімен сіңірлер арқылы буындаса байланысқан көмекей шеміршектің талшықтары әр түрлі бағытталған, бірнеше көлденен жолақты еттер қозғалысқа келтіреді. Көмекейдің ішкі қуысы кілегейлі қабықпен астарланған. Көмекей қуысының ең тар жерінде дыбыс сіңірлері орналасқан, оларды ауа өткен кезде тербетеді де, сол тербелістің нәтижесінде дыбыс пайда болады. ....
Адасып келем, дала асып келем елсізде түн менен ойға қамалып, Жусан иісінен нәр алып. Жұлдыздар көктен қарайды самсап қадалып. Алдымда тұтас көкжиек құшып тау жатыр ықтын болардай жолаушы жетсе жаны арып.....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы Сабақтың тақырыбы: Маған ұнайтын өлеңдер №1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау 1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру Сабақтың мақсаттары: Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.....
2006 жылы Мыңжылкы «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты болды, Ресей, Санкт-Петербург қаласындағы С.М.Киров атындағы Әскери-медициналық академиясының клиникалық ординатурасына оқуға түседі. Ординатураны сәтті аяқтаған соң, Астанаға келіп қайтадан ашылып жатқан Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталықта эндоваскулярлық нейрохирург болып мансабын бастады.
2008 жылмен 2015 жыл аралығында жұмыс атқарған уақытта 1500-ден аса бас миының тамырларына жоғары технологиялық ота жасады.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мыңжылқы Сайлауұлы Алматы қаласына Совмин аурухананың нейрохирургиялық бөлімінің меңгерушісі болуға шақыртылды. Соңғы үш жылда 800-ге жуық ішкі тамыр жүйелеріне қатысты ота жасалынды және Алматы қаласында инсульттан көз жұму көрсеткішін 2% төмендетті. ....
Аға ұрпақтың Ұлы Отан соғысының от жалынды ерлік істері, соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы қажырлы еңбектері біз үшін өшпес өнеге, өлмес мұра. Н.Ә.Назарбаев Екінші дүниежүзілік соғыс тура немесе жанама түрде болса да. Өз шеңберіне Жер шарының барлық құрлықтарын, мемлекеттері мен халықтарын дерлік тартты. Бұл соғысқа бүкіл Жер жүзі халқының 80 пайызы тұратын 61 мемлекет қатынасты. 1940 жылы жасалған «Барбаросса» жоспарына сай Германия қысқа мерзім ішінде Архангельск-Еділ-Астрахан шебіне шығуды көздеді. «Барбаросса» жоспарын жасағанда фашистік Германияның басшылары КСРО-ны «көптеген ұлттардың жасанды әрі әлсіз бірлестігі», «ішкі бірліктен айырылған этникалық конгломерат» ретінде қарастырды. И.В.Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады. Қазақстанда кеніш, шахта, түсті және қара металлургияның байыту фабрикалары, мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Ұлы Отан соғысында қазақтың көптеген ұл-қыз батырлары ерлікпен шайқасты. Соның ішінде зор мақтанышпен үрімдей жас бүршік Әлияны сөз еткім келеді.....
Сабытай батыр (туылған-өлген жылы белгісіз) – батыр. Кіші жүз Адай руынан шыққан. Кіші жүз қазақтарының "Сауран айналған” оқиғасы тұсында Ер Жәнібектің жоңғарларға қарсы қимылын белсене қолдады. Бұдан кейінгі кезеңде Бұланты-Білеуті, Сарысу, Шорға, Қандысу, Аңырақай, Шар, .....
– Сол жолы бір ел жаққа барып қайтқан сапарымда қайтар кезде пойыздан қап кетемін бе деп аздап алаңдағаным бар, – дейді Сабыр шылымын тұтатпаққа қалтасынан сіріңкесін қарағыштап жатып. – Ауданның орталығындағы теміржол вокзалының ішінде жолаушылардың қарасы да әжептәуір еді. Мұндайда жолсерік ала кетсе жақсы, ал ала кетпесе ше?.. Тағы да қайда барып жүрмекпін деп ойланып тұрмын келіп. Жұмыстан да қап қоймауым керек еді. Жұмыс болып тұрса ғана, ақшаң болып тұрады ғой. Құрылысшының жұмысы солай. Пойыз қазір-ақ кеп қалардай, пойыз келетін жаққа алаңдап қараймын келіп. Бірақ пойыздың станцияға кеп тоқтауына әлі де біршама уақыт бар еді. Қайтсе де, осы пойызға аяқ артып, ілігіп кетуім керек болатын. *** С .....