Қазанғап Сатыбалдыұлы - 1771-1856 жылдары өмір сүріп, 1843-1848 жылдары Баянауыл Сыртқы Округінің аға сұлтаны, сондай-ақ бәсентиін елінің төбе биі болған. Ұрпақтары Бердәлі Қазанғапұлы 1812-1842 жылдары өмір сүріп, Баянауыл Сыртқы Округінің аға сұлтаны, би; .....
Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті......
Ауыру деп адамның жандүниесі мен көңіл күйін меңгеретін жанға жайсыз ауыр тұлғалық сезімді айтады. Ол ағзалар мен тіндерді бүліндіретін әсерлер туралы немесе сыртқы орта ықпалдарынан дамыған бүліністер мен дерттер туралы организмге хабар береді. Ауыруды сезіну жүйесін ноцицепциялық (лат. nocere — бүліндіру, сереrе — сезіну) жүйе деп атайды. Ауыру физиологиялық және патологиялық болады. Әдетте ауыру сезімінің физиологиялық қорғаныстық маңызы бар. Ауыру туындататын тітіркендіргіштерден (ыстық температура, жарақат т. т.) адам немесе жануарлар аяқ-қолын тез тартып алады. Сол арқылы бүліндіргіш әсерлерден сақтанады. Ал туа біткен немесе жүре пайда болған жүйке жүйесі дерттерінің нәтижесінде ауруды сезбейтін адамдар тіндерінің бүліністерін де байқамайды.
Паталогиялық ауырсынулар жүйке жүйені қажытады, организмнің зиянды факторларға қарсы тұруын әлсіретеді, үздіксіз, толқынды, иррадиациялы, ұстамалы болады
«Жұртқа келген селебе, селебені елеме» десе де, халық елге келген обадан осы заманғы үйлерде хлорофостан қырылған тарақандай жайраған бір кердері кезең болса керек-ті. Аурудан әбден ығыр болған жұрт Үкітайдың баласы Әлтай аяқ астынан қатты ауырып сандырақтап жатыр дегенді естігенде, аза бойлары қаза болды. Ауылдас ағайын жесір қатын, жетім баланың жалғыз түйесін есігінің алдына әкеліп, тіздеп тастады. Он шақты уақ-жанын бөліп, оны осы шетте отырған үйдің төңірегіне иірді де, басқалары апыл-ғұпыл үдере көшті. Кім біледі, Әлтайдың аяқ астынан ауырғанына қарағанда малға келген қарасандай елге тағы да оба, әлде сарамас сияқты әрбір үйден ойбай шығарып, кейбіреулерінің түндігі ашылмай қалатындай қисыпыр жасайтын бірдеме келіп қалған болар. Ондайда ең дұрысы іргені аулақ салып, түп көтеріле көшіп кету болмақ.
— Кім біледі, Үкітай, топырақтан тысқары болсақ әлі-ақ кездесерміз, әлі-ақ ондай күн туса ғана бүтін құртты бөліп жеп, жарты құртты жарып жеп отырармыз. Мына мал-жанына ие бол! — деді ат үстінен үйге түспестен Жармақ шал. Сырттан айтқан сөз Әлтайдың құлағына анық-ақ жетті......
Әке-шеше үшін бала деген өте маңызды әрі қадірлі. Жүктілік дәуірі кезінде 9 ай бойы әке-шеше баласын құшағына алатын күнін сабырсыздана күтеді. Нәресте шыр етіп, дүние есігін ашқан кезде әке-шешенің қуаныштан жүрегі жарыла жаздайды. Енді, міне, сағына күткен балаларын құшақтап, оны сүю мүмкіндігіне ие болды.
Дүниеге келгеннен кейін нәресте үшін әке-шешесінің денесіне өзін жақын сезінуі өте маңызды. Яғни, нәрестені әке-шешесі құшақтап, сүйген кезде ол өзін сенімді сезінеді.
Дегенмен де, нәрестелер мен балалардың сүюге болатын беттері, жұп-жұмсақ қолдары, торсықтай шекесі тұрған кезде неліктен олардың еріндерінен сүюіміз керек? Баласының ернінен сүйген ата-ана «оны қаттырақ жақсы көрдім» деп ойлай ма? Әрине, жоқ. Керісінше, ата-аналар балаларын жақсы көретін болса және оларға физикалық немесе рухани тұрғыдан зиянын тигізгісі келмесе, олардың еріндерінен сүймесін.
Балалардың ернінен сүюдің төмендегідей зияндары бар: .....
1 КІРІСПЕ 1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Көптеген инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тарататын және халық шаруашылығына орасан экономикалық зиян әкелетін қауіпті зиянкестердің бірі - үлкен қалалар, елді мекендер мен ауыл шаруашылығындағы қора-жайларда, егіс алқаптарында, өндіріс орындарында қоныстанған тышқан тектес кеміргіштер болып келеді. Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымының эксперті Грэй Томастың пайымдауынша жер жүзінде кеміргіштер, эсіресе егеуқұйрықтар, жыл сайын тек қана дэнді дақылдар мек күріштің 33 млн-ға жуық тоннасын жеп қүртады. Әр жылы егін жиналып болғанша кеміргіштер оның 20%-дан астамын өз алдына жояды екен. Дәнді дақылдардан. басқа ет, сүт, балық өнімдерін, жас балапандарды, жұмыртқаларды жейді екен [1]. Бұрынғы Атырау құс фабрикасы, қазіргі "Қарлығаш" акционерлік қоғамында болған уақиғаға көңіл аударсақ, онда егеуқұйрықтар түн сайын 1200-1300 балапанды өлтіріп, 1500-1600 дана жұмыртқаларды жарып ішіп отырған. Егеуқұйрықтардың қауіпті инфекциялық ауруларды таратуының нәтижесінде әкелетін шығынды есептеу қиын. Көптеген жұқпалы аурулардың, оның ішінде аса қауіпті аурулардың қоздырғыштарын таратушысы болуымен қатар, олар жер-жерде адамдар арасында, үй жануарлары мен құстардың ішінде ауру тудырып, қауіпті инфекциялар ошағын үнемі тұтандырып отырады. ....
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезеңде әрбір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарын, сапалық қасиеттері мен рухани күшін үлестіріп, олардың еңбек және оқу қабілеттерін арттыруға, белсенді өмірін ұзартуға бағытталған дене тәрбиесіне зор көңіл бөлініп отыр. Дене тәрбиесі бала-бақшадан бастап мектеп, орта және жоғары оқу орындарында және өндірістік ұжымдарда өткізіліп, оның тиісті бағасы берілуде. Осыған орай, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын туралы Жарлығына қол қойып (1996 ж.), 1997 жылы «Қазақстан-2030» бағдарламасын ұсынды. Ал 1999 жылы "Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт туралың заңы қабылданып, 2001 жылы "Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар ....
Қастың бейнені ашатын, не кез келген макияжды құртатын қасиеті бар. Қастың формасына қарай бейнеңіз ойнақылық пен әсемпаздыққа немесе сенімділік пен ішкі рухқа бөленеді. Алайда, қасты ретке келтіру барысында кішкентай құпияны ұмытпаңыз. Бұл - табиғилық. Яғни, қасыңыздың табиғи формасын жоғалтпай, тек ретке келтіріп отырсаңыз, болғаны.
Сонымен, іске кірісейік:
✅ 1. Щеткамен (кеуіп қалған тушьтың щеткасын пайдалансаңыз болады) қасыңызды төменнен жоғары қарай тараңыз.(1-суреттегідей)
✅ 2. Қастан асып тұрған барлық қылшықтарды кішкентай қайшымен қиып тастаңыз.(2-суреттегідей)......
І. Кіріспе Қорғасын. Аса жылдам ұшатып, тарыдай ғана көлемі бар осы бір металл талай тарландарды да тұралатқаны белгілі. Сонымен бірге қорғасын өмірдс берері мол, ажалға ара турарлық та элемент. Ал енді біз «жауынгер» іспеттес ұғыммен қалыптасқан қорғасын жайлы, оның өткені мен бүгінгісі, ертеңі жанлы айтпақпыз. Көне кез, «кәрі» элемент—қорғасын адамзатқа өте ертеректен таныс. Қорғасын шамамен біздің эрамыздан 6 — 7 мың жылдай бұрын белгілі бола бастады. Өйткені қазбалардан табылған заттар соны анықтайды. Ертедегі адамдар қорғасын оңай балқығандықтан, сол кездің өзінде-ақ одан небір өрнектер құйып, ескерткіш заттар жасаған. Ал ертеректегі египеттіктердің табытынан табылған қорғасынға қарағанда, олар қорғасынды әшекей ретінде пайдаланған дей болжауға болады. Алғашқы ақша қорғасыннан жасалған.....
✅ Биологиялық құндылығы жөнінен бөдене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқаларын басып озады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың біржұмыртқасының салмағымен тең болса, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасындағыдан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп.
✅ Сондай-ақ олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әлде қайда жоғары. Құрамы осындай азық пен жүйелі қоректенген адамның әр түрлі ауру-сырқауға қарсы тұрар дәрмені артып, жүрек-қантамырлар жүйесімен асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Сондай-ақ бөдене еті мен жұмыртқалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұмыртқа құрамындағы лейцитин қандағы холестеринді төмендететін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұрақты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты артады. ......