Курстық жұмыс: Медицина | Микробтың инфекциядағы маңызы

Кіріспе
Ауруға бейімділіктің түпкі негізінде әртүрлі молекулалар мен клеткалардың бірін-бірі биологиялық тануы жатыр. Инфекцияның ең алғашқы кезеңі ауру қоздырушының макроорганизмдегі тиісті ұлпаны тануына, содан кейін оған жабысып, мекен етуіне саяды. Микробтың белгілі бір ұлпада мекендеп, өсіп-өне бастауын колонизация, немесе отарлау деп те атайды. Биологиялық тану микробтың экзотоксинының (мысалы, ботулизм токсинының) сезімтал торшаларды табуы үшін маңызы аса зор. Макро және микроорганизмдер торшаларының бірін-бірі тануы олардың беткі макромолекулалық құрылымдары арқылы іске асады. Олар біріне-бірі сай, яғни өзара комплементарлы болулары қажет. Бұларды тану бірлігі (сайт узнаванмя) деп атайды. Олар лиганда - рецептор жүйесін құрайды (рецептор - қабылдаушы, ал лиганда - жалғаушы деген мағынада).
Бейімділікке қарама-қарсы жағдай, организмнің инфекция қоздырушысының зардапты әсеріне төтеп беретін мүмкіндігі төзімділік немесе табиғи резистенттілік деп аталады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | Жарнама агенттіктері және олардың атқаратын қызметтері

К І Р І С П Е
Жарнама жарнамалық өнімді (ақпаратты) өндірумен, таратумен және тұтынумен байланысты ерекше қызмет түрі болып табылады. Жарнамалаудың объектісі әр түрлі тауарлар, іс-әрекет (қызметтер, жеке және заңды тұлғалар, белгілі бір құбылыстар, идеялар және тағы басқалар болуы мүмкін.
Нарық жағдайларында көптеген фирмалар (кәсіпорындар) мен ұйымдар мынадай мәселені шешеді: өзінің жарнамалық қызметін құру немесе жарнама агенттіктерінің қызметтерін пайдалану. Өзіндік жарнамалық қызметті ұйымдастыру мүмкін болатын жұмыстардың көлеміне, мамандану бағыттары мен жарнамалық мақсаттарға бөлінген ақша қаражаттарына байланысты болады. Бірақ айта кететін жайт, фирмада жарнамалық қызметтің болуына қарамастан жарнама агенттіктерінің қызметтерін қолданбау мүмкін емес. Бұл жарнамамен байланысты жұмыстар көп жағдайда арнайы тәжірибені немесе арнайы құрал-жабдықтардың түрлерін қажет ететіндігімен түсіндіріледі, мысалы, радио және телероликтерді, стендтерді жасау және т.б.
Тәжірибе көрсеткендей, жарнама агенттіктері жарнама берушілерге уақытты және ақша қаражаттарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
1. Жарнама агенттіктері және олардың атқаратын қызметтері
Жарнама агенттіктерінің құрылуы жарнамалық қызметтің тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды. Олар жарнамалық қызметті жоғары кәсіпқойлық деңгейде жүргізеді, ақша қаражаттарын рационалды пайдаланады және жарнаманың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді. Жарнама агенттіктері нарықты кешенді түрде зерттеуді және конъюнктураны бағалауды жүргізеді, олар алынған ақпараттарды тез және дұрыс өндеуге мүмкіндік беретін есептегіш техникамен жабдықталған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мақтаншақ қоян ертегісі

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеті: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауысын интонациясын келтіріп айтуға дағдыландыру. Мықтылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: ой толғаныс, салыстыру, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, ойын.
Көрнекіліктер: қояндардың, иттердің, қарғаның бет перделері, іздердің суреттері
Сөздік жұмыс: қорқақ, сұр, қоңыр, ақ.
Билингвальды компонент: қоян - заяц, үй қояны - кролик, қарға - ворона

Барысы:
Шаттық шеңбері:
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да
Шуағын төгіп нұр
Сәлем күн Ана! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары

Кіріспе
География оқу құралы ретінде – білім жүйесінің белгілі дидактикалық негізінде іскерлік пен дағдыдан құралған, ғылымдардан сұрыпталған, негізі мектептің оқу жоспарында қарастырылған, оқушылардың білім беру мен тәрбиесін дамыту болып табылады. Мектеп географиясында физикалық география жаратылыстану пәндерінің цикліне, экономикалық география-гуманитарлық пәндер цикліне жатады. Мектепте оқытылатын физикалық географияның оқу жоспарына Жер туралы ғылым, бірінші кезекте физикалық география енеді. Олар: жалпы жер тану, шетелдер, ТМД, Қазақстаннң аймақтық физикалық географиясы, геоморфология, климатология, океанология, гидрология, топырақтану, геоботаника, зоогеография т.б. картография және бірқатар аралас ғылым салалары – геология, метеорология.
Мектептің экономикалық географиясы қоғамтану курсымен бірге оқушыларға экономикалық білім береді. Оқу жоспарында экономикалық география ғылымдарын оқыту қарастырылған. Қазақстан мен ТМД-ның жалпы және аймақтық экономикалық географиясы, халықтар географиясы, саяси география, сонымен бірге бірқатар экономикалық ғылымдар - өнеркәсіп экономикасы, ауыл шаруашылығы, транспорт, статистика және демография. Ғылымның негізін құрайтын көптеген және әр трүлі материалдардың ішінде ең керектілері ғана мектеп географиясының курсына енгізіледі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мүйісте)

Селк етіп, секем алып қарадың-ау,
Қай таудың киігі едің, қарағым-ау!?
Төбеңде шыр айналып бала қыран,
Мүйісте мергені бар қала мынау.
Сондықтан секем алып қарадың-ау. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Германиядағы әлеуметтік жұмыс

ХІХ -ғ Германияда әлеуметтік жұмыс ғасыры болды. Әлеуметтік жұмыстың құрылуы мен дамуы мемлекеттің индустриализациясы ықпал етті. Өйткені бұл жағдайдың әсерінен көп отбасылар кедейлік шегіне болды. Соның нәтижесінде көп отбасылар мен адамдар әлеуметтік қамсыздандыру қажет етті.
ХІХ-ғ ІІ- жартысында мемлекетке әлеуметтік қызмет көрсеткен қайырымдылық қорлар мен шіркеулерде жеткілікті қаражат болмады.
1880 ж Германияның конгресінің қолдауымен кедейлерге қамқорлық көрсету қайырымдылық съезінде Германдық мемлекеттік және қамқорлыққа алу деп айлық өзгертілді. Ол басында Бермен қаласында орналасты ( 1993 ж-дан 1945 ж-ға дейін), содан Франкфурте-на-Майне қаласына ауысты.
Бұл орталық одақ мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық мекемелерде сонымен бірге жеке адамдарды ФРГ-да әлеуметтік жұмысшы іске асратындарды біріктірді. Германдық одақ практиканттарды, әлеуметтік педогогтарда, ғалымдардың бірігуіне және бірігіп әлеуметтік көмек саласына, шашарға және денсаулық сақтау саласына көмек берудің іргетасын салды.
ГДР мен ФРГ-ң қосылуынан кейін қатысушылардың саны одан да көп көбейіп, 3000 мың адамды құрады.
Мемлекет тарапынан бұл ұйымға федералды деңгейдегі өкілдер, федералды деңгейдегі жерлер, бас қалалар мен аймақтар кірді. Қоғамдық ұйымдардан жұмысшыларға арналған қайырымдылық бірлестіктер, католикті «Каритас», Германдық « Қызыл Крест» және т.б. қайрымдылық одағы.
Сонымен бірге оған жеке адамдар кірді, ең алдымен әлеуметтік қызметкерлер, басқарулардың, жетекшілері мен танымал қоғамдық қайраткерлер кірді. Одақ жұмысына білім мекемелері, зерттеу институттары, әлеуметтік жұмыс тәжірибелік мекемелер.
Германияда әлеуметтік қызметтәуелсіз жеке сектордан мемлекеттік қорларына өту көп кездесуде. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Дене шынықтыру | Гиманастардың жоғары жіктемесін дайындаудағы басқару

Гимнасттардың жоғарғы квалификациялық даярлық процесі жаңадан келген гиманстан мемлекетаралық спорттық шебер дәрежесіне дейінгі көп жылдық жолын айтады. Арнайы жүйелі сабақтардың басталуынан бастап, спорт шебері деңгейіне дейінгі оптималды мерзім әйелдерде орта есеппен 5 – 7 , ер кісілерде 7 – 9 жас құрайды.
Бүкіл гимнастикалық практиканың кезеңі 15 – 20 жыл қатарынан созылуы мүмкін.
Гиманстарды дайындығын кезеңін, мерзімін анықтаудың критериі дүние жүзінің ең күшті гимнастарының ең жоғарғы күрескішінің нәтижесі мен жетістікке жетуге жұмсалған уақыттың орта есеп, облып табылады.
Гимнастарды көпжылдық даярлық концепциясы сабақты жүргізуде бағдарламалық нормативті талаптарға және ұйымдастырушылық формасын қарастыратын ортаны құралдармен әдістер жүйесі туралы мағлұматқа негізделген.
Гимнастиканың жаңа , едәуір жоғары спорт ретінде дамуы және сәйкесінше жаңа білім деңгейі оны басқару жүйесі ретінде қарастыруды қажет екендігін анықтайды. Басқарудың жалпы түрі объектінің күнгі өзгерту мақсатымен бағытты әсер етуді қарасытырады. Гимнастикада басқару объектінің мақсатына байланысты тұтастай спорт түріне дамытуға немесе елдің жиындық командасын даярлау деңгейінде немесе тренердің гимнастар тобымен жұмыс жасау шегінде оқытуға бағытталған процесс ретінде қарастыруға болады.
Басқару талап етілген уақытына қажетті нәтижелерді негізгі күтуді білдіреді. Шындығында егер спорттың даму заңдылықтары туралы білімге сүйенер болсақ, даярлықтың прогрессивті құралы мен әдісін қолдансақ ұйымдастырушлық формалары дұрыс жүргізсек спортсменнің шеңберліктің биік шыңына жету жолындағы оқиғалардың сұрағын құбылыс ағымын жоюға толық негіз бола алады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Маймыл)

Жер жыртты ерте тұрып қарашекпен,
Қашаннан кәсібі еді егін еккен.
Асырап қатын-бала еңбегімен,
Кісі еді күшін жегіп ауқат еткен.
Ертеден кешке дейін дамыл алмай,
Өткізді ұзақ түнді қызметпен .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Болашақ үшін)

«МАЙДАНҒА! МАЙДАНҒА!»
Қиылды қанаттары тәтті арманның,
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде ең сұмдық күн әйел үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп
Боздағымен қоштасқан күн.
Аналар уайымдаса, уайымдасын,
Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын?
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайын, басын.
Жабады дала төсін нала, қайғы.
Шын қайғы жас-кәріге қарамайды.
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды.......
Өлеңдер
Толық
0 0