Қу далада, құла түз, Жер қақдаған күн тамыз. Күзетшідей жапанда Анчар — ағаш тұр жалғыз. Табиғаты сахраның Өсірді оны ашумен: Тамыр, бұтақ, жапырағын Суғарды да зәрлі умен......
Түнде бұлбұл шырқап ән, Орман шуы, қыз көзі — Бәрі жаңа, бәрі сән. Көрінгенде өмір езі, Көкке көңіл желпінткен, Еркіндік, даңқым, сүюім, Ой қозғаған өнерім, Қанымды қатты серпілткен.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері Сабақ тақырыбы: 3- сабақ. Түбір сөз. Сәулет туындыларын тамашалау. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттры (оқу бағдарламасына сілтіме) 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 3.3.4.1* мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құру/компьютерде теру 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін/ жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы: • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарғажауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады; • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді; Оқушылардың көбі: • сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады; • сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады; Оқушылардың кейбірі: • тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды • мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды....
Әлішер Кәрімов - (1985 жылдың қазан айының 28- жұлдызы күні Жамбылда, қазіргі Тараз қаласында туылған) қазақстандық эстрада әншісі, музыкант. Қазақстанды «Славян базар», «Новая волна», «Ереван шақырады» сияқты халықаралық вокалдық конкурстарда танытты. «SuperStar KZ» жобасының екінші бөлімдік бағдарламасының финалисті.
Биографиясы Әлішер Кәрімов 1985 жылдың қазан айының 28-жұлдызы күні Жамбылда (қазіргі Тараз қаласы) туылған. Алғаш рет сахнаға 5 жасында шығып, Республикалық жас таланттарға арналған «Әнші балапан» атты конкурстың көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды. Әлішер 2015 жылдың 8 қарашасында осы конкурстың 25 жылдық мерейтойлы концертінде ендігінде танымал әнші ретінде өнер көрсетті.
Білім жолы Әлішер мектепті аяқтағаннан кейін бірден Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Люция Толешеваның курсы болып табылатын «вокал» класына оқуға түседі.....
Батырхан Қамалұлы Шүкенов (18 мамыр 1962, Қызылорда, Қазақ КСР, КСРО — 28 сәуір 2015[1], Мәскеу, Ресей) — қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, сазгер. 2000 ж. дейін A`Studio тобының құрамында өнер көрсетті. Алғаш танымалдылығы да сол топ арқылы келген.
Өмірбаяны Батырхан Шүкенов 1962 жылдың 18 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келді. Отбасында Батырханнан басқа 2 ер бала мен қарындасы болды. Батырхан ата-анасының ортаншы ұлы еді. Әкесі — Қамал Шүкенұлы Шүкенов (1935—2011), 1970 жылдан 1998 жылға дейін Қызылорда облысының қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
1979 жылы Батырхан Қызылордадағы Островский атындағы № 233 орта мектепті аяқтады. Мектеп жылдарында музыка үйірмесіне қатысып, ал мектептен кейін бірден Ленинградтағы Н. К. Крупская атындағы мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түседі. Осы оқу орнында екі жыл саксофонның оркестрлік бөлімінде білім алады. Саксофонда ойнау сабақтарын Батырхан аты бүкіл әлемге белгілі музыканттар Геннадий Гольштейн мен Владимир Рабиктан алған.....
Шынар Мұқанқызы Асқарова (1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысында туған) — кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1994). Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (2008). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1993 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017). Шынар Мұқанқызы 1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ақсауыт ауданында дүниеге келген. 1989 - 1993 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. 1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актерлік құрамында. Қазақстанның бірнеше қалаларына гастрольдік сапарлармен барған. Отандық телесериалдар мен көркем фильидерге түскен танымал актриса. Бірнеше телебағдарламалардың тележүргізушісі. ....