Өмірбаян: Болатбек Баймаханов

Болатбек Бимендіұлы Баймаханов - медицина ғылымдарының докторы, профессор
Ол 1962 жылы 3 қыркүйек күні Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Болатбек Бимендіұлы Алматы медицина институтының емдеу факультетін (1986) хирург мамандығы бойынша бітірген. Ал 2006 жылы Т. Рысқүлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетін экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1986 жылы Қызылорда облыстық ауруханасының дәрігер-хирургі болып бастады.
1987 жылдан - эндоскопист-дәрігері;
1990 жылдан - А.Н. Сызғанов атындағы Клиникалық және сынақтық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері;
1991 жылдан -хирургия бөлімінің ғылыми қызметкері;....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өлең: Бөбегім-ау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әлди, әлди, бөбегім,
Жұбанбайтын не дедім.
Бөбегімді емізіп,
Бесігіне бөледім.
Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым.
Түлкі жортпас түлейден
Жол салдырған қарсағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Әлди, әлди, әлди қақ,
Ер жеткенде жылқы бақ,
Үлкен таудан түлкі қақ,
Тәңір берсін басыңа бақ.
Әлди, әлди, бөбегім-ау! .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз ел – болашақ кепілі!

«Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын»
Н.Ә. Назарбаев
1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.
«Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр. Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы — теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы — ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 25 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Белгісіз жан

Жаздың бір күнінде менің ішім пысып өзім интернет арқылы 1 мир ашып алдым.Оган өзімнің толық аты-жөнімді жазбадым.Фотоға интернеттен әдемі 1 қыздың суретін қойып қойдым.Басында өзіме ұнайтын баланың атын жазып поисктан іздеп көрдім.Оның атына ұқсайтын аттар көп шықты.Солардың ішінен 1 сүйкімді балаға дружба жібердім.Ол мени қабылдады.Мен ол кезде орыс тілін өте жақсы білмейтінмін.Ол бала маған көбіне орыс тілінде жазатын.Өзінің ұлты қазақ болсада орысша сөйлеп,орысша оқыған.Сонымен ол баламен күнде сөйлесіп жүретінмін.Күндердің күнінде оның достары маған дружба тастады.
-Салем сұлу қыз деп бір баланың атынан хат келіпті.Мен оның авасына қарап түрін онша ұната қоймадым.Ол маған күнде смс жазатын.Мен оған кейде қолым тигенде,ішім пысқанда жауап қайтаратынмын.Ол маған мақтаншақ,өзімшіл боп көрінген.Ал ондайлар маған мүлде ұнамайтын.Ол маған күнде смс жазуын тоқтатпады. 1 айдай сөйлесіп ол жоқ боп кетті.Бір күні агентте отырсам сол жаннан хат келіпті.Салем,қалайсың... -сонымен екеуміз 2 күндей тағы сөйлестік.Келесі күні ол менен номерімді сұрады.Мен ол кезде басқа қалада болатынмын.Ішім пысып отырғаннан сөйлессем сөйлесіп көрейінші деп номерімді бердім.Ол маған телефоныма қоңырау шалып, күнде сөйлесіп телефонмен сөйлесіп тұрдық.Мен ол баламен басқа қыз боп сөйлесіп жүре бердім. 1 күні кешке ол маған звандап ұйықтардың алдында өлең айтып берді.(Қайырлы түн,жаным!)Мен ол балаға бауыр баса бастадым.Ол маған ертесі күні звандағанда оған маған енді хабарласпауын өтіндім.Ол Неге,не үшін деп таң қалды.Мен оны алдап жүргенімді айта салғым-ақ келді.Бірақ мен оған мен тез бауыр басып қалам,сондықтан сөйлеспегеніміз абзал дедім.Ол маған сол кезде телефонмен өз сезімін білдіріп,жауабын менен сұрады.Мен оған келісімімді бердім.1 күн сөйлестік.2-ші күні ар-намысым шыдатпай оған бар шындықты жайып салдым......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Суық, аяз, боран, дауыл туралы

Қар жауды деп қуанба,
Артынан аязы болар.
Қожа келді деп қуанба,
Артынан ниязы болар.

Аяз болады, бұлт болады,
Өткен күндер ұмыт болады.

Қарны ашқанға ас салғызба,
Суыққа тонғанға от жаққызба.

Жылыда жинақталмаған,
Суықта қымтала алмайды.

Құдай суықты сырт киіміне қарай жібереді.

Қар суық па,
Қайғың суық па?
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Магниттік қасиеттер (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Магниттік қасиеттер
Оқу мақсаты: 3.5.6.1 магнит көмегімен әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін зерттеу
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу.
Сабақтың мақсаты: Металдардың магниттелу қасиетімен танысады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару. (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Ыдырау үдерісі. Асқорыту ферменттерінің әсері. Асқорытудағы ферменттердің маңызы. Сіңіру және бөліп шығару.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 9.1.2.1 адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау;
9.1.2.2 ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкесті ферменттердің арасындағы байланысты орнату.
Сабақтың мақсаттары: адамның асқорыту жолдарындағы үдерістерді сипаттау;
ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттердің арасындағы байланысты орнату......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): ДНҚ репликациясы. Мезелсон мен Сталь эксперименттері. Чаргафф ережесі. 1-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық цикл және ДНҚ
Сабақ тақырыбы: ДНҚ репликациясы. Мезелсон мен Сталь эксперименттері. Чаргафф ережесі. 1-сабақ
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.7 ДНК репликациясы үрдісін сипаттау
Сабақтың мақсаттары:
- Чаргафф ережесі бойынша репликация үрдісімен танысу
- ДНК репликациясы механизмін үйрену
- ДНК репликациясы үрдісін ауызша және жазбаша сипаттаңыз
- Мезелсон-Стилл экспериментінің ДНҚ-ның репликациясы теориясын зерттеуге қосқан үлесін қарастырып, бағалаңыз
Олардың барлығы схемаға сәйкес ДНҚ-ның репликациясы процесін сипаттай алады,, Чаргафф ережесін, Мезельсона мен Сталя экспериментін біледі
Көпшілігі ауызша және жазбаша ДНК репликациясын үрдісін сипаттай алады, Чаргафф ережесін тапсырмаларды орындауда қолдана алады, Мезельсон мен Сталь эксперименттерінің ДНҚ-ның репликациясы теориясындағы маңыздылығын бағалай алады.
Кейбір студенттер күрделі қиындықтармен проблемаларды шеше алады және түсіндіре алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• Отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіну;
• Меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолдана алу;
• Отын энергиясы мен отының меншікті жану жылуы арасындағы байланысты көрсету;
• Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірлігін білу. ........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Біз де бала болғанбыз

Оқу жылы аяқталысымен жұмыс істеуге жараған балалардың көпшілігі шабындықты алқапқа шалғы түсер күнді асыға күтеді. Жылдағы әдет бұл. Ақыры ол күн де келіп жетті. Балалар жағы Жазаға деп атап кеткен бригадир Жазубай Әбиев аға жылдағыдай әр балаға кімнің тіркемешесі болатынын айтып тұр. Міне ол менің есімімді атады.

– Сен, Игілік Шекебаев ағаңның тіркемешесі боласың, – деді . Мен Игілік ағаның «Беларусіне» қарай беттедім. Ол кісі шөп машинасын майлап жатыр еді. Мені көріп:

– Е, сен екеуміз тағы да бірге істейтін болдық па? Дұрыс-ақ, – дей келіп шөп машинасының қай жерін майлау керектігін тәтпіштеп түсіндірді. Іле іске кірістік. Тырнадай тізбектелген тракторлар... Шалғы ізінде қалып бара жатқан шабылған шөп. Күн көтерілген сайын ысып сала берген шабындықты алқап. Сол алқапта бітік өскен сан алуан шөптердің танауыңды қытықтаған жұпар исі көңілге әлдебір қуаныш сезімін ұялататындай. Жұмыс күні де аяқталды. Бригада машинасының қарасы көрінді. Ол тоқтаған тұста Жазубай ағаның: « Кәне шалғыларыңды кузовқа салыңдар!» – деген даусы естілетін. Бүгін олай болмады. Іле Жазағаңның машинасы сынып қалғаны белгілі болды. Сол сәт мен Байқожаға қалай жетер екенмін деп ойлаумен болдым. Шоманға келген тұста Игілік аға мені күнде бригадир Байқожаға апарып тастайтынын, үйім сонда тұратынын айтып көріп еді. Жүргізуші: «Мен ештеңе білмеймін», – деп түсіріп тастады. Күн қасқарайып бара жатты. Жүгіріп кеңсенің тұсынан өте бергенімде: «Тоқта, тоқта дедім ғой мен саған», – деген зілді дауыс еріксіз .....
Әңгімелер
Толық
0 0