Өмірбаян: Ернұр Рысмағамбетов

Ернұр Рысмағамбетов – физик, жаттықтырушы, мұғалім, Халықаралық қарды орталығы бюросының басшысы.

ҚР Ұлттық командасын мектепаралық ғылыми жарыстарының дайындығына белсенді қатысушыларының бірі. 5 жыл бойы жаттықтырушы ретінде Ернұрдың жетекшілігімен оқушылар 25 мүмкін медальдің ішінен 24 медальді жеңіп алды, оның ішінде 6 алтын, 15 күміс және 3 қола.

Ернұр 11 сынып оқып жүрген кезінде Кембридж университетіне оқуға шақыру алды. Физика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың (IPhO) алтын және күміс медальдарының иегері - Бали, Индонезия, 2002 және Тайбэй, Тайвань 2003; 2000-2004 ж.ж. физика бойынша республикалық олимпиаданың төрт мәрте жеңімпазы және 2003 жылы республикалық мектеп олимпиадасының абсолютті чемпионы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Крест жорықтары
Сабақ тақырыбы: Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау
Сабақ мақсаттары: Тарихи дереккөздерді талдау негізінде, крест жорықтарының себептерін анықтайды және кескін картада бағыттарын көрсетеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Векторлардың проекциясы. Есептер шығару (Физика, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Векторларға қолданылатын амалдар
Сабақ тақырыбы: Векторлардың проекциясы. Есептер шығару
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: 9.1.1.1 - параллель және параллель емес векторларды қосу мен азайтуды жүргізе білу.
9.1.1.3 – векторларды құраушыларға жіктеу.
Сабақтың мақсаты:
Параллель (коллинеар) векторларды қосу және азайту тәсілдерін көрсетеді
Параллель емес (коллинеар емес) векторлар үшін үшбұрыштар ережесін қолданады
Параллель емес (коллинеар емес) векторлар үшін паралелограмм ережесін қолданады
Есептер шығару кезінде векторлармен жұмыс жасау дағдыларын қолданады;
Векторларды құраушыларға бөледі.
Векторлардың координаталық осьтерге проекциясын анықтайды.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): № 1 практикалық жұмыс "Ион алмасу реакциялары" (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың сапалық реакциясы
Сабақ тақырыбы: № 1 практикалық жұмыс "Ион алмасу реакциялары"
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.2.1 алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.2.2.2 ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Ион алмасу реакциясының маңызын түсіндіру;
Толық иондық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазу дағдысын қалыптастыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Эдгар По | Ұзынша жәшік


Бұдан бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Каролина штатындағы Чарлстоннан Нью-Йоркке бару үшін капитан Харди басқаратын «Индепенденс» деген тамаша пакетботтан жеке каюта алдым. Егер ауа райы бөгет болмаса,— сол айдың (июнь) он бесінде сапарға шығу белгіленді де, мен жүктерімнің қалай жайғастырылып жатқаның қадағалайын деп он төртінде кемеге келдім. Ығы-жығы жолаушылардың басым көпшілігі әйелдер болатынын пакетботқа келген соң барып білдім. Тізімнен бірнеше таныс фамилияға көзім түсті, әсіресе көңілдес жас суретші мистер Корнелий Уайеттің сапарлас болатының білгенде қатты қуандым. Біз онымен III университетінде бірге оқыған едік, тіпті жұбымыз жазылмайтын-ды. Өзгеден артық туған барлық данышпандар секілді оның да мінезі біртүрлі енжарлық пен қызбалықтың, көрсе қызарлық пен ұшқалақтықтың жиынтық жетегі болатын. Бұған оның бұл жалғанда болып көрмеген мейлінше адал да ақжүрек адам екенін қосыңыз.

Менің байқағаным, оның атына үш каюта белгіленіпті, жолаушылар тізімін қайта қараған кезімде бұл сапарға оның өзі ғана емес, жұбайы мен екі қарындасы да бірге бара жатқаның білдім. Каюталар әжептәуір кең, әрқайсысында екі төсектен болатын. Рас, төсектер тар, тіпті оларға бір адам зорға сыйып жағатын. Әйтсе де сол төртеуіне екі каюта емес, үш каютаның неге керек болғанына мен мүлде түсінбедім. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Газеттің 85 жылдығына


Ажалдан басқаға ...



Бір күні газет редакторы Рафағат Сыздықов Октябьрдің 40 жылдығы атындағы совхозға іссапарға баратынымды айта келіп: «Қалғанын жауапты хатшы Шакірат Дәулетжанұлы түсіндіреді», – деген. Шәкең өзінің кабинетінде іссапарға барғанда кіммен қалай сөйлесетінімді, кімге қандай сұрақ қоятынымды, ұзақ тәтпіштей түсіндірді. Совхоз кеңсесіндегілер мені шаруашылық орталығында орналасқан бөлімшенің басқарушысы Балықпай Әбілқасовқа жіберген.

Ол кісінің құлағы тосаңдау екен. Кім екенімді, неге келгенімді әрең түсіндірдім. Осы сәтте біз отырған бөлмеге бір топ қыз келіп кірді. Олар осындағы есепші қызбен әңгімелесіп отырды. Солардың бірін Балықбай аға Қатай Есмақаевты шақыруға жіберді. Өзін бөлімше зоотехнигі деп таныстырған Қатай аға: «Мен сіздің сауалдарыңызға жауап беруге әзірмін», –деді жымия күліп. Ол кісі әзір болғанмен сауал қоюға мен әзір болмай шықтым. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгіні

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Оңтүстік – Қазақстан облысы телеарналарының жұмысымен тығыз байланыста. «Қазақстан – Шымкент» телеарнасы: «өткені мен бүгіні» менің ғылыми жұмысымның тақырыбы осылай аталатындықтан, өз ғылыми жұмысымда аты аталған телеарнаның басты мәселелерін ашамын. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық телеарналарына: мәселелерін шешуге жол көрсете отырып, телеарнаның құрылу тарихына терең үңілемін. Өз жобамның бірінші бөлімінде мен Оңтүстік – Қазақстан телеарналарының жұмыс жоспарын және де сол жоспардың құрылымын ашып көрсетемін. Басты мәселе ақпараттық таралымдардың бүкіл Республика аумағына және де шет аумақтарға таралуы.
2000 жылдың сәуірінде Еуразиялық экономикалық самиті бүкіл дүние жүзілік Давос форумының қолдауымен өтті. Сол самитте сөз алған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: - «Бүкіл Орта Азия мемлекеттері саяси, экономикалық, техникалық дамудың қажетті сатысына аяқ басып келуде, бұл біз үшін өмірлік маңызы бар кезең».
Давос форумын құрушы және президенті Клаус Шваб өз сөзінде заманауи талаптардың ең бастысы бұл жаһандану кезеңі. Жаһандану кезеңіндегі басты мақсат – экономикалық және әлеуметтік жетістікке жету бұл жетістік адам баласының гүлденіп көркейуіне жол ашады. Қазіргі таңдағы ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Банк ісі, банктердің пайда болуы, банктердің негізгі операциялары

Кіріспе
Банктердің керемет мүмкіндігі мен оларды басқа қаржылық институттардан ерекшелейтін сипаттама – ақшаларды құру несиелік жүйенің икемділігімен іске асады. Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен банк уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды несие түрінде ұсынады, сонымен, олар халық шаруашылығын ақшаға деген қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаражаттарын құрайды. Сонымен қатар, банктер өз қызметі үрдісінде ақшалардың бір бөлігін жояды. Бұл клиенттің банктегі өз шотынан ақшаны аудару арқылы өтелен кезде болады.Банктің орындайтын операцияларының экономикалық мазмұны мен көлемі – банкті ұйымдастырушылық жағынан құрудың негізгі критерийі болып табылады. Банктің негізгі қызметтері: уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру, экономика мен тұрғындарды несиелендіру, қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру мен жүргізу, инвестициялық қызмет пен басқада қаржылық қызметтер.Банктердің ақша қаражаттары оларды табысты орналастыру мақсатында салымдарға тарту жұмыстары депозиттік (пассивтік) операциялар деп аталады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кедендiк транспорт түрлерiн бақылау

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясытының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiрыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
Кеден саясаты өз өкiлеттерi шегiнде Қазақстан Республикасының орталық артқарушы органдарының қарауына жатады. Бітіру жұмысының өзектілігі осымен анықталады.
Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерiн қорғау, тиiмдi кедендiк бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негiзгi мақсаттары болып табылады.
Осы бітіру жұмысымның мақсаты кедендік бақылау туралы әрекеттегі Қазақстан заңдарын талдай отырып, кеден құқығының негізгі институтының бірі – кедендік бақылау табиғатын анықтау және айқындау.
Мақсаты: Кеден саласындағы, алғашқы заңды актiнiң (1991 жылғы 24 желтоқсандағы “Кеден тарифтерi мен баждары туралы заң”) баптары, негiзiнен, халықаралық құқық нормаларына сүйенедi. Осы кездегi ұлттық заңдар кеден саясаты проблемасына қатыссыз, жергiлiктi кеден iстерiн шешетiн Үкiмет қаулылары мен Кеден комитетiнiң ведомствалық актiлерiнде көрсетiлген.
Бітіру жұмысында Қазақстандағы кеден органдарының кедендiк бақылау қызметi кеден iсi ретiнде және кеден саясаты, соған сәйкес құқықтық қатынастар түрiндегi iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi ретiнде қарастырылды. Кедендiк бақылау бүгiнгi күнгi қабылданатын саяси және жеке мүдделер тұрғысынан қарастырылды және кеден iсi мен кеден саясаты негiзгi институт және қолданыстағы құқығы ретiнде кедендiк бақылау қызметiнiң қазiргi жағдайын және тұтас алғандағы кеден саласының мәселерiн байланыстыра жаздым.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттегі шығындары

Кіріспе
Шығындар дегеніміз - нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.
Біріншіден, әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады.
Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0