Өмірбаян: Төлепберген Байсақалов Тұрсынұлы (1974 жылы 29 наурыз)

Байсақалов Төлепберген Тұрсынұлы - актер.
1974 жылы 29 наурызда Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Михайловка ауылында дүниеге келген.
Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген (Р. А. Машурованың шеберханасы, 2000); БМИК-ті тәмамдаған (В. Хотиненко, шеберханасы 2010). Фильмдегі дебюті - «Ләйланың зары» (Реж. С. Нарымбетов); Канн кинофестивалінде (2008) «Ерекше көзқарас» аталымы бойынша Гран-приді иеленген «Қызғалдақ» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Үйленген. Бір ұлы, бір қызы бар.
Кинодағы рөлдері:
2014 Тығырықтан жол тапқан | Разрывая замкнутый круг (Қазақстан) - Хәкім
2014 Қазақша тонау | Ограбление по-казахски - Сәкен Ахметов
2014 Нархоз (хикая, Қазақстан) - Айсананың әкесі
2013 Көшбасшы жолы | Путь лидера. Огненная река. Железная гора (Казахстан) - Хәкім
2013 Параллель әлемдер | Параллельные миры (Қазақстан, Ресей) - курьер ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақ халқының қалыптасуы заңдылық па? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасуы заңдылық па?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.1.1.3 ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтау
Сабақ мақсаттары: 7.1.1.4 «қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
Сабақтың мақсаты: 1860-70жж Орал, Торғай, Маңғыстау көтерілістеріндегі тарихи тұлғаларды анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Отан Соғысының батыры Мәлік Ғабдуллин

Ұлы Отан Соғысы ... Кімге де болса қиыншылық көрсеткен сұрапыл жылдар. Ел басына күн туғанда, етегімен су кешкен есіл ерлерде шек жоқ. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады. Бауыржан Момышұлы, Нұркен Әбдіров, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова т.б қазақ батырлары өлшеусіз үлес қосты. Осындай ерлік көрсеткен ұлы тұлғаның бірі- Мәлік Ғабдуллин. Ол 1915 жылы 15 қарашада Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келген. 14 жасынан бастап атақты Сәбит Мұқановтың тәрбиесін алады. Қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ҒА-ның академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1941-1945 жылдары Кеңес әскерінің генерал Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан Соғысына қатысты. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада" жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. 1941 жылы ел басына күн туып Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады. Соғыс кезінде қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға қамқоршы аға болады....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ата-баба арманы - Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіздік. Еркіндік. Бұл ұғымдар айтар ауызға қауырсындай жеңіл болғанымен, сайып келгенде қорғасындай ауыр, талай аққан тер мен төгілген қанның, жаңбырша тамған көз жастардың дәлелі. Бабаларымыздың сан ғасырдан бергі арманы, қазақ еліне 1991 жылы 16 желтоқсанда «тәуелсіздік» таңбасы өшпестей мөр болып басылды.

Тарихтың тереңіне үңіліп, әрбір тас бетінде қалған таңбаларға қарап, бабаларымыз жасап келе жатқан дәуірлердің есебінде кеткен шайқастар, аштық, жау тылында қалған жұрттың әрбір қаны мен көз жасына қарап тәуелсіздіктің қандай керемет ұғым екенін сезінесіз. Япыр-ай, қайран қазағымның басына нендей күндер тумады десеңші? Елі қанбай, ері сусын ішпеген, аттың жалында, түйенің қомында, ат ауыздығымен алысып, ер етегімен күн кешкен аласапыран заманда бесіктегі нәрестенің де басы алыныған-ды. Ер азаматтарымызбен қатар ақ жаулықтыларымыз да қолға қару алып, атқа да қонды. Біреудің көлеңкесінде жүруді көксемеді, біреудің тізесіне бас имеді. Тек азат ел болуды мақсат етті, «Алаш» деп ұрандатқан ата-бабаларымыздың аманатына қиянат етпеді.

Азалы жылдардың атасы атанған ашаршылық та қазақ елін айналып өткен емес. «Елім-ай» деп еңіреп, бір уыс нан да таба алмай аштан бұратылып өлген халқымыз бүгінгі азат күннің туарын білді ме екен? Жаңадан туған шаранасына ақ сүтін де бере алмай, тіпті бір- бірінің еттерін де жеуден тайынбаған қасіретті жылдар да сүйегімізге таңба болып басылды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІ тоқсан)

Пәні: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: этникалық және әлеуметтік-саяси процестер
Сабақ тақырыбы: Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.2 этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағында этногенездің кезеңдерін айқындау;
10.2.2.2 тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау;
10.2.2.7 дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Алгоритмді әзірлеу 1-сабақ (Информатика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу
Сабақ тақырыбы: Алгоритмді әзірлеу 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру
8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру
Сабақ мақсаты: есепті шешудің жолдарын ұсына алу
есепті шешу үшін интерфейс құрастыру
есепті шешу тиімділігін арттыру үшін алгоритмдік құрылымдарды қолдану
есепті шешуді алгоритм трассировка арқылы ұсыну....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Теңсіздіктер» бөлімін қайталау (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау
Сабақ тақырыбы: «Теңсіздіктер» бөлімін қайталау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешу;
8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу;
8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу;
8.2.2.11 құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Квадрат теңсіздіктердің шешеді: интервалдар әдісімен, графиктік әдіспен;
• Рационал теңсіздіктерді шешеді;
• Екі теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешеді, олардың біреуі – сызықтық, екіншісі – квадраттық.
• Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешеді;
• Екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жиынтығын шешеді; ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дене мүшелері деген не? (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын
Сабақ тақырыбы: «Дене мүшелері деген не?»
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 1.4.5.1 Жеке бас гигиенасының пайдасы мен маңыздылығын түсіну, мысалы, қол жуу, тіс тазалау, тырнақ алу, тамақтану алдында қол жуу.
1.1.5.1 Өз көзқарасы мен пікірін қарапайым түрде білдіру
1.4.5.4 Оқу, ойын әрекетінде қауіпсіздік тәртіп ережелерін білу
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар білу керек:
Адамның дене мүшелерін ажырата білу, гигиеналық тазалық,
денсаулық күту, дене мүшелерінің қызметі
Көпшілігі: дене мүшелерін атау, білу, көрсету, ажырату.
Кейбір оқушылар: Дәрігерге қаралу, гигиеналық тазалық денсаулық сақтау үшін маңызды екенін түсіну.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0